Авиаотынмен қамтамасыз етуде қалыптасқан дағдарысты жағдайға байланысты және "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны" бас қала әуежайында көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті
заңнамада белгіленген тәртіппен:
1000 тонна көлеміндегі авиаотынын мемлекеттік резервтен жаңалау
тәртібімен ақысын алдын ала төлеу шартымен жіберуді;
2001 жылғы бірінші тоқсанда жоғарыда көрсетілген авиаотын көлемінде
мемлекеттік резервті толықтыруды қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Мамандар:
Орынбекова Д.К.
Қобдалиева Н.М.