Boeing 767-200 ER әуе кемесін сатып алу мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 6 желтоқсан N 1814

      "Kazakstan Airlines" ашық акционерлiк қоғамының Воеіng 767-200 ЕR әуе кемесiн сатып алуы мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Kazakstan Airlines" ашық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Заем алушы) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1389 P981389_ қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру ережесiнiң талаптарына сәйкес экономикалық сараптама жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне "Kazakstan Airlines" ашық акционерлiк қоғамының Воеing 767-200 ЕR ұшағын сатып алу инвестициялық жобасының техника-экономикалық негiздемесiн тапсыру ұсынылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      тартылған мемлекеттiк емес заем бойынша мiндеттемелердi Заем алушының орындауын қамтамасыз ету ретiнде кредиторға "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Z990473_ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы Заңымен бекiтілген мемлекеттiк кепiлдiктердi беру лимитi шегiнде жалпы сомасы 35 000 000 (отыз бес миллион) АҚШ долларына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн берсiн;
      көрсетiлген мемлекеттiк кепiлдiктiң берiлуiне байланысты оның Қазақстан Республикасының алдында туындайтын мiндеттемелерiн қамтамасыз ету туралы Заем алушымен тиiстi келiсiмдер жасассын.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.27. N 1899
               қаулысымен. P001899_
      3. Заем алушы заңнамада белгіленген тәртiппен мемлекеттiк кепілдікті

 

алуға үміткер тұлғаларға қойылған талаптардың орындалуын қамтамасыз етсiн.

     4.



     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.12.30. N 1963     

              қаулысымен. 


P001963_
 


     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.



     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.27. N 1899         

              қаулысымен. 


P001899_
 


     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады