Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 6 желтоқсан N 1815

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Президенттің Іс Басқармасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының мекемелері мен кәсіпорындары үшін

 

медициналық жабдықтарды сатып алуға 139 000 000 (жүз отыз тоғыз миллион)

теңге бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



      Мамандар:

     Орынбекова Д.К.

     Қобдалиева Н.М.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады