Автомобиль жолдары саласын дамытудың жобасын қаржыландыру үшiн Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң заемын тарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 7 желтоқсан N 1823

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Автомобиль жолдары саласын дамытудың жобасын (бұдан әрi - жоба) қаржыландыру үшiн Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң (бұдан әрi - несиегер) заемын тарта отырып, 28 500 000 (жиырма сегiз миллион бес жүз мың) АҚШ долларынан аспайтын сомада "Автомобиль жолдары саласын дамыту" жобасын қаржыландыру мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен бiрлесiп, жобаны қаржыландыру мәселелерi жөнiнде несиегермен келiссөздер жүргізсiн;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан несиегермен заем туралы тиiстi келiсiм (шарт) жасассын;
      тартылатын заемға қызмет көрсетудi және оны өтеудi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражаттың есебiнен қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi тартылатын заем қаражатының мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заем туралы келiсiмге

 

(шартқа) қол қойылғаннан кейiн заемның Қазақстан Республикасының

заңнамалық кесiмдерiне сәйкестiгi туралы заңи қорытындыны ресiмдесiн.

     5.



     Ескерту. 5-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.12.30. N 1963

              қаулысымен. 


P001963_
 


     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсін.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады