Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 желтоқсан N 1849

      "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Z990473_ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы Заңына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражатты пайдалану ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 P991408_ қаулысына сәйкес, сондай-ақ қылмыстық құқыққа қатысты нормативтік құқықтық кесімдердің ағылшын тіліне сертификацияланған аудармасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қылмыстық құқық саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінің сертификацияланған аудармасын

 

жүзеге асыруға 626 400 (алты жүз жиырма алты мың төрт жүз) теңге бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген

тәртіппен қаражаттың мақсаты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады