Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары P960949_ жөніндегі Комиссияның ұсынысын қарай келіп, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы 2000 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары мыналарға берілсін:
Мұқағали Мақатаевқа, ақын (марқұм) - "Аманат" өлеңдер жинағы үшін;
Темірхан Медетбекке, ақын - "Тағдырлы жылдар жырлары" өлеңдер жинағы үшін;
Баққожа Мұқаиға, прозашы - "Өмірзая" романы үшін;
Оразбек Сәрсенбаевқа, прозашы - "Шеңбер" романы үшін;
Рамазан Тоқтаровқа, прозашы - "Абайдың жұмбағы" романы үшін;
Қайрат Байбосыновқа, Қазақстан Республикасының халық артисі - 1995-1999 жылдардағы концерттік қойылымдары үшін;
Айман Мұсақожаеваға, Қазақстан Республикасының халық артисі - 1995-1999 жылдардағы концерттік қойылымдары үшін;
Әшірбек Сығайға, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері - "Сахна саңлақтары" кітабы үшін;
Нұржамал Үсенбаеваға, Қазақстан Республикасының халық артисі - 1995-1999 жылдардағы опералық және концерттік қойылымдары үшін.
2. Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы 2000 жылғы Қазақстан Республикасының бір Мемлекеттік сыйлығының ақшалай бөлігінің көлемі 721250 (жеті жүз жиырма бір мың екі жүз елу) теңге сомасында анықталсын.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігі әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының ақшалай бөлігін 2000 жылға арналған республикалық
бюджетте
53 "Мемлекеттік сыйлықтар" бағдарламасы бойынша
қарастырылған қаржылар есебінен және шегінде төлесін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға
жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.