Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 21 желтоқсан N 1874

      Ә.Молдағұлова мен М.Мәметованың ескерткішін орнатқаны үшін авторлар алдындағы берешекті өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Ә.Молдағұлова мен М.Мәметованың ескерткішін орнатқаны үшін авторлар алдындағы берешектерді өтеуге, 2000 жылға арналған республикалық бюджетте Z990473_ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Алматы қаласының әкіміне 9 700 000 (тоғыз миллион жеті жүз мың) теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада

 

белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына

бақылауды жүзеге асырсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі 

      Мамандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады