Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының 6-шы мәжілісін өткізуге байланысты ұйымдастыру іс-шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 25 желтоқсан N 1886

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының 6-шы мәжілісін 2000 жылғы 26-27 желтоқсанда Астана қаласында өткізуге байланысты ұйымдастыру іс-шараларын, сондай-ақ осы іс-шараларға құжаттамалық және ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) мынадай:
      Өзбекстан Республикасының үкіметтік делегациясы мүшелерін орналастыру және қызмет көрсету (1-қосымшаға сәйкес);
      Өзбекстан Республикасының үкіметтік делегациясы мүшелерін автокөлікпен қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан ресми қабылдау өткізу;
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері үшін байланыс құралдарын бөлу;
      осы іс-шараларды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыру 2000 жылға арналған республикалық бюджетте Z990473_ "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебінен қамтамасыз ету жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Өзбекстан Республикасының үкіметтік делегациясы мүшелерінің тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Өзбекстан Республикасының үкіметтік делегациясы арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін;
      арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетілуін, тұрақ берілуін және жанармай құйылуын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім

 

министрлігі Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы

Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының 6-шы

мәжілісінің бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.

     6. Осы қаулыны іске асыруды бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы

істер министрлігіне жүктелсін.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

       бірінші орынбасары


                                       Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                          2000 жылғы 25 желтоқсандағы

                                              N 1886 қаулысына

                                                   қосымша


     Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):

     делегацияны тұрған орындарда тамақпен қамтамасыз ету;

     баспа өнімдерін дайындау (кеңсе керек-жарақтары), автокөліктерге

арнаулы рұқсаттамалар, папкалар, хаттамалық атрибутика);

     делегация басшысы үшін кәдесыйлар мен сыйлықтар сатып алу;

     Астана қаласының әуежайында делегацияны күтіп алу және шығарып салу

кезінде шәй дастарханын ұйымдастыру (VIР-залы);

     келіссөздер залын техникалық ресімдеу (микрофондар, сусындар,

жалаулар);

     делегацияға медициналық қызмет көрсету жөнінде қосымша шаралар

қабылдасын.



     Мамандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады