Пәкстан Ислам Республикасы мен Бангладеш Республикасының несие желілері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша төлемдерді өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 25 желтоқсан N 1887

      Қазақстан Республикасының шетелдiк несие берушiлер алдындағы мiндеттемелерiн орындау және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша дефолт фактiлерiне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы берген 1994 жылғы 25 наурыздағы N Ф22-3/23 мемлекеттiк кепiлдiкке және Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Пәкстан Ислам Республикасы арасындағы 1992 жылғы 18 тамыздағы несие беру туралы келiсiмге сәйкес, шетелдiк банктердің шоттары негізiнде 5 156 977, 15 (бес миллион жүз елу алты мың тоғыз жүз жетпiс жетi доллар, он бес цент) АҚШ доллары шегiнде Пәкстан Ислам Республикасының несие желiсi және 9 411 298,41 (тоғыз миллион төрт жүз он бiр мың екi жүз тоқсан сегiз доллар, қырық бiр цент) АҚШ доллары шегiнде Бангладеш Республикасы несие желiсi бойынша, 2000 жылға арналған республикалық бюджетте Z990473_ "Yкiметтiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға байланысты несиелендiру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың шегiнде, төлемдердi жүргізсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi заемшылардың банкроттығы рәсiмiне дейiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша қаржылық мiндеттемелерiн орындамаған тұлғаларды, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға заңнамада белгiленген тәртiппен шаралар қолдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi және "Тұран Әлем Банкi" ашық акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) бөлiнген қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнiнде барлық қажеттi шараларды қолдансын және қаржылық мiндеттемелерi республикалық бюджеттің есебiнен орындалған заемшыларға қатысты

 

бөлiнген мемлекеттiк бюджеттiк қаражатты қайтару жөнiнде қолданылған

шаралар мен олардың нәтижелілігі туралы Қазақстан Республикасының

Үкіметіне ақпарат берсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады