Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның Даму банкі туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 желтоқсан N 1894

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның Даму банкі туралы"

Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары


                                                              жоба


                 Қазақстан Республикасы Президентінің

                               Жарлығы


                     Қазақстанның Даму банкі туралы



 
        Мемлекеттік инвестициялық қызметті одан әрі жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өндірістерді дамыту, экономиканың нақты секторына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2001 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде "Қазақстанның Даму банкі" (бұдан әрі - Банк) жабық акционерлік қоғамын құрсын.
      2. Банк қызметінің негізгі міндеттері:
      1) орта және ұзақ мерзімді негізде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтуге және жаңғыртуға, сондай-ақ жаңа өндірістер құруға несие беру және/немесе кепілдік беру;
      2) республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен қайтарымды немесе қайтарымсыз негізде іске асырылатын инвестициялық жобалар бойынша қаржы агентінің функцияларын орындау болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Банк қызметінің Тұжырымдамасының жобасын бір айлық мерзімде

 

әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізсін;

     2) Екі айлық мерзімде Банкті құрумен байланысты қажетті заң

актілерінің жобаларын әзірлесін;

     3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

     4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2001 жылға

арналған жергілікті бюджеттерді әзірлеу және нақтылау кезінде құрылатын

Банктің жарғылық капиталына қатысуды қамтамасыз ететін бюджеттік

бағдарламаларды көздесін.

     5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті


     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады