Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 желтоқсан N 1902. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.01.03. N 3 қаулысымен. ~P010003

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Кең Дала" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Кең Дала" ААҚ) республикалық бюджет алдындағы берешегін өтеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты, 2000 жылға арналған республикалық бюджетте Z990473_ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 440 174(төрт жүз қырық мың жүз жетпіс төрт) теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік

 

және жекешелендіру комитеті Алматы қаласы, Достық даңғылы, 38, мекен-жайы

бойынша орналасқан "Кең Дала" ААҚ-ның офисінің ғимаратына мемлекеттік

меншік құқығын ресімдесін, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген 

заңнамасына 


U952721_
 


Р990683_
 

  сәйкес жекешелендіру іс-шараларын жүргізсін

және "Кең Дала" ААҚ-ның республикалық бюджет алдындағы борыш сомасының

бюджетке толық түсуін қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары



     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады