Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігіне 2000 жылға арналған республикалық бюджетте
табиғи
және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген
шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен
"Хабар-2" ұлттық теледидар арнасын материалдық-техникалық жабдықтау үшін
279850000(екі жүз жетпіс тоғыз миллион сегіз жүз елу мың) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада
белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды
жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.