"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 желтоқсан N 1918

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Z952676_ толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
 

                                                         Жоба



 
                    Қазақстан Республикасының Заңы
 
            "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары
                  туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
                        толықтырулар енгізу туралы"
 
      1 бап. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына Z952676_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 18, 366-құжат; 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат, N 21, 782-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      11-бап мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "- "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев" (Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев)";
      мынадай мазмұндағы 12-2-баппен толықтырылсын:
      "12-2-бап. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен Қазақстан Республикасының қалыптасуына, гүлденуіне және даңқын шығаруға жәрдемдескен, мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары марапатталады.
      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен шетелдік мемлекеттер басшылары мен үкіметтерінің жетекшілері Қазақстан Республикасының алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін марапатталуы мүмкін.";

 

     мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын:

     "31-1-бап. Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілеріне, "Отан" орденіне не

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев" орденіне

ие болған азаматтардың марапатталуы туралы Қазақстан Республикасының

Үкіметі тағайындайтын Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабына жазу

жазылады.".

     2-бап. Осы Заң 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Президенті



     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

      Бірінші орынбасары



      Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К. 





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады