Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркіменстан Үкіметінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 желтоқсан N 1926

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркіменстан Үкіметінің

 

арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімнің жобасы

мақұлдансын.

     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркіменстан Үкіметінің

арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге қол қойылсын.

     3. Қазақстан Республикасының Түркіменстандағы Төтенше және Өкілетті

Елшісі Амангелді Жұмабайұлы Жұмабаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі

атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркіменстан Үкіметінің

арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге қол қоюға

өкілеттік берілсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

      бірінші орынбасары


     Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрікменстан

    Үкiметінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы

                           КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен

Түрікменстан Yкiметi,

     екi мемлекет азаматтарының өзара сапарларының тәртiбiн реттеуге

ұмтылысты басшылыққа ала отырып,

     төмендегiлер туралы келiстi:


                             1-бап



 
       Бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары осы Келiсiмнiң 1 және 2-Қосымшаларда санамаланған жарамды құжаттар бойынша және осы Келiсiмде көзделген шарттармен екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келе алады, кете алады, транзитпен өте алады және онда уақытша бола алады.
 
                              2-бап
 
      1. Жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттардың иегерлерi болып табылатын бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары шекараны кесiп өткен сәтiнен бастап отыз тәулiк бойы визаны ресiмдемей-ақ екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келе алады, кете алады, транзитпен өте алады және онда уақытша бола алады.
      2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетiлген Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында отыз тәулiктен артық уақыт болуға ниет білдiрсе, онда виза алу үшiн өздерi азаматтары болып табылатын Тарап мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң немесе консулдық мекемесiнiң жазбаша өтiнiшi қажет.
 
                            3-бап
 
      1. Дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар және екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан өздерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерiнiң және консулдық мекемелерiнiң, ресми өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi болып табылатын бiр Тарап мемлекетінiң азаматтары өзiнiң бүкiл жұмыс кезеңi iшiнде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына визасыз келе алады, кете алады және онда бола алады.
      Аталған адамдар өздерi болатын мемлекеттегi Сыртқы iстер министрлiгiнің тиiстi аккредитациясын алуы тиiс.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережесi, онда аталған және дипломаттық, қызметтiк, сондай-ақ ұлттық паспорттардың иегерлерi болып табылатын адамдардың отбасы мүшелерiне де қолданылады.
 
                            4-бап
 
      1. Қазақстан Республикасының Атырау және Маңғыстау облыстарында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасы азаматының ұлттық паспорттары бойынша және жеке куәлiгi бар болған жағдайда Түрікменстанның Балканск уәлаятының аумағына 5 тәуліктен артық емес мерзiмге визаны ресiмдемей-ақ келе алады, кете алады және онда уақытша бола алады.
      2. Түрiкменстанның Балканск уәлаятында тұрақты тұратын Түрiкменстанның азаматтары Түрiкменстанның ұлттық паспорттары бойынша және онда тұрғылықты жерiн растайтын тiркелiм туралы мөртаңба болған жағдайда Қазақстан Республикасының Атырау және Маңғыстау облыстарының аумақтарына 5 тәулiктен артық емес мерзiмге визаны ресiмдемей-ақ келе алады, кете алады және онда уақытша бола алады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген азаматтардың 5 тәулiк визасыз болу мерзiмi олардың баратын пунктiнде iшкi iстер органдарының белгiленген тәртiпке сәйкес тiркеу сәтiнен бастап есептеледi.
      4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған Тараптар мемлекеттерi азаматтарының Тараптар мемлекеттерiнiң көрсетiлген аумақтарында 5 тәулiктен артық мерзiмде болуына Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары өздерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес беретiн визалардың негiзiнде рұқсат етiледi.
 
                            5-бап
 
      Осы Келiсiмнiң 1 және 2-Қосымшаларында санамаланған құжаттар бойынша келудiң визасыз тәртiбi мына адамдарға:
      а) ұлттық паспорттары бойынша және бас декларацияда (ұшу тапсырмасында) жазба болған жағдайда азаматтық авиациясының әуе кемелерi экипаждарының мүшелерiне;
      б) теңiзшiлердiң паспорттары бойынша және кеме журналында жазба

 

немесе одан көшiрме болған жағдайда теңiз және өзен кемелерi экипаждарының

мүшелерiне;

     в) ұлттық паспорттары мен атаулы тiзiмдер, әрбiр рейс үшiн

бекiтiлетiн маршруттық парақтар бойынша жолаушы, рефрижератор және

локоматив бригадаларының қызметкерлерiне;

     г) ұлттық паспорттары бойынша және үкiметаралық фельдъегерлiк

байланыс

қызметкерлерiнiң куәлiгi болған жағдайда үкiметаралық фельдъегерлiк

байланыс

қызметкерлерiне қолданылады.


                             6-бап



 
       Екiншi Тарап мемлекетiнiң визасын алу үшiн бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары осы Келiсiмде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, белгiленген тәртiппен ресiмделген және өздерi баратын мемлекеттiң тиiстi заңды немесе жеке тұлғасынан алынған шақыру қағазын қабылдайтын мемлекеттің дипломатиялық өкiлдiгiне немесе консулдық мекемесiне табыс етедi.
 
                              7-бап
 
      1. Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары қабылдайтын мемлекеттiң аумағында тұрақты тұратын жақын туыстары бар адамдарға осы мемлекеттiң заңнамасына сәйкес ресiмделiп, аталған туыстарынан келген шақыру қағазын көрсетуi бойынша бiр жылға дейiнгi мерзiмге жарамды көп дүркiндiк визаларды беретiн болады.
      2. Өтiнiш берген сәттен бастап 24 сағат iшiнде Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары Тараптардың құзыреттi органдары берген және растаған құжатты көрсетуi бойынша ауыр науқастанып жатқан туысқанына бару немесе оны жерлеуге қатысу мақсатымен (он күнге дейiнгi болу мерзiмiмен) жол жүретiн адамдарға визаны тегiн беретiн болады.
 
                              8-бап
 
      Виза бергенi үшiн консулдық алымдардың мөлшерiн Тараптар өзара кепiлдiк шарттарымен белгiлейдi және дипломатиялық арналар бойынша келiседi.
 
                              9-бап
 
      1. Виза бергенi үшiн консулдық алымдар екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағындағы оқу орындарында оқып жүрген бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтарынан алынбайды.
      2. Тараптар өзара кепiлдiк негiзiнде Тараптардың қолданыстағы халықаралық шарттарына сәйкес ғылым, техника, бiлiм, мәдениет, өнер және спорт саласында алмасу тәртiбiмен жол жүретiн адамдарға қатысты виза бергенi үшiн консулдық алымдардың жеңiлдiктi тарифтерiн қолданатын болады.
      3. Тараптар өзара кепiлдiк негiзiнде туризм желiсi бойынша сапарға шығатын Тараптар мемлекеттерiнің азаматтарына визаны ресiмдеуде оңайлатылған тәртiптi қолданады.
      Визаны ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiнiң тетiгiн Тараптар дипломатиялық арналар бойынша келiсетiн болады.
 
                           10-бап
 
      1. Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтары Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес мемлекеттiк шекараны кесiп өтуi кезiнде қажеттi рәсiмдердi сақтай отырып, халықаралық және екi жақты қатынастар үшiн белгiленген өткiзу пункттерi арқылы бiр Тарап мемлекетiнiң аумағына келе алады, кете алады және транзитпен өте алады.
      2. Тараптар дипломатиялық арналар бойынша мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнiң тiзбелерiмен алмасатын болады.
 
                           11-бап
 
      Бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары осы Келiсiмнiң 3 және 5-баптарында ескерiлген адамдарды қоспағанда, белгіленген тәртiппен берiлетiн транзиттiк визалардың негiзiнде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы транзитпен өте алады.
 
                            12-бап
 
      1. Бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында болған кезiнде сол мемлекеттiң заңнамасын, оның iшiнде шетелдiк азаматтар үшiн белгіленген тiркеудiң, болудың және жүрiп-тұрудың ережелерiн сақтайтын болады.
      2. Осы Келiсiм өз аумағына екiншi Тарап мемлекетi азаматтарының

 

келуiнен бас тарту немесе олардың болу мерзiмiн шектеу сияқты әрбiр

Тараптың құқығына ықпал етпейдi.


                           13-бап


     Егер бұл мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiн, қоғамдық тәртiптi сақтауды

немесе халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажет болса,

Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнің қолданысын уақытша, толық немесе

iшiнара тоқтатуға құқылы.

     Осындай шаралардың қабылданғандығы және олардың күшi жойылғандығы

туралы Тараптар алдын-ала, бiрақ шешiм қабылданған сәттен бастап

72 сағаттан кешiктiрместен бiр-бiрiне дипломатиялық арналар бойынша

хабарлайтын болады.


                            14-бап



 
       Тараптар осы Келiсiм жасалған сәттен бастап отыз күн iшiнде осы Келiсiмнiң 1 және 2-Қосымшаларда санамаланған құжаттардың үлгiлерiмен алмасатын болады.
      Тараптар мемлекеттерi жаңа құжаттарды қолданысқа енгiзген жағдайда, Тараптар кем дегенде оларды қолданысқа енгiзуден отыз күн бұрын дипломатиялық арналар бойынша осы құжаттардың үлгiлерiмен алмасатын болады.
 
                             15-бап
 
      Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкін, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi.
 
                             16-бап
 
      Тараптар, қажеттілiгiне қарай, осы Келiсiмнің ережелерiн қолдану мәселелерi бойынша ақпарат алмасады және кеңесетiн болады.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау немесе қолдану барысында туындайтын кез келген келiспеушiлiктер немесе даулы мәселелер Тараптардың консультациялары мен келiссөздерi арқылы шешiлетiн болады.
 
                              17-бап
 
      Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалады. Осы Келiсiм қол қойылған сәтiнен бастап уақытша қолданылады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.

 

     Осы Келiсiмнiң қолданысы Тараптардың бiрi екiншi Тараптың келiсiмнiң

қолданысын тоқтату ниетi туралы ресми жазбаша хабарламасын алған күннен

бастап тоқсан күн өтiсiмен тоқтатылады.

     Ашхабад қаласында 2000 жылғы "____" ___________ әрқайсысы қазақ,

түрікмен және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық

мәтіндердің күші бірдей.

     Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушілік туындаған

жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді ұстанатын болады.


     Қазақстан Республикасының             Түрікменстан

       Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін




                                  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен



                                  Түрікменстан Үкіметінің арасындағы

                                  азаматтардың өзара сапарлары

                                  туралы келісімге

                                  1-Қосымша



 
 
            Қазақстан Республикасы азаматтарының Түрікменстанның

 

        аумағына келуіне, кетуіне және онда жүріп-тұруына арналған

                              құжаттардың

                                 Тізбесі


     1. Дипломаттық паспорт;

     2. Қызметтік паспорт;

     3. Қазақстан Республикасы азаматының (ұлттық) паспорты (және 4-баптың

1-тармағында ескерілген жағдайларда Қазақстан Республикасы азаматының жеке

куәлігі);

     4. Теңізшінің паспорты (кеме журналында жазба немесе одан көшірме

болған жағдайда);

     5. Әуе кемесі экипажы мүшесінің куәлігі (экипаж құрамында ұшу

кезінде);

     6. Қазақстан Республикасына қайта оралуға арналған куәлік.




                                  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен



                                  Түрікменстан Үкіметінің арасындағы

                                  азаматтардың өзара сапарлары

                                  туралы келісімге

                                  2-Қосымша



 
 
            Түрікменстан азаматтарының Қазақстан Республикасының

 

        аумағына келуіне, кетуіне және онда жүріп-тұруына арналған

                              құжаттардың

                                 Тізбесі


     1. Дипломаттық паспорт;

     2. Қызметтік паспорт;

     3. Түрікменстан азаматының (ұлттық) паспорты;

     4. Түрікменстанның азаматтығы туралы жазбасы немесе белгісі бар

бұрынғы КСРО үлгісіндегі жалпыазаматтық шетелдік паспорт (2001 жылдың 31

желтоқсанына дейін);

     5. Теңізшінің паспорты (кеме журналында жазба немесе одан көшірме

болған жағдайда);

     6. Әуе кемесі экипажы мүшесінің куәлігі (экипаж құрамында ұшу

кезінде);

     7. Түрікменстанға қайта оралуға арналған куәлік.



     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады