Мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ауылдық жерде жұмыс істегені үшін, экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін, сынып жетекшілігі үшін, дәптерлер, жазба жұмыстарын тексергені үшін, оқу кабинеттерінің меңгерушілігі үшін, пәндерді тереңдетіп оқытқаны үшін қосымша ақы және басқа да төлемдер туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 желтоқсан N 1927. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.11. N 41 қаулысымен. ~P020041

      Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ауылдық жерде жұмыс істегені үшін, экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін, сынып жетекшілігі үшін, дәптерлер, жазба жұмыстарын тексергені үшін, оқу кабинеттерінің меңгерушілігі үшін, пәндерді тереңдетіп оқытқаны үшін қосымша ақы және басқа да төлемдер мөлшері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің:
      1) "Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне селолық жерлерде жұмыс істегені үшін, экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін, сынып жетекшілігі үшін, жазба жұмыстарын, дәптерлерін тексергені үшін, оқу кабинетінің меңгерушілігі үшін, пәндерді тереңдетіп оқытқаны үшін қосымша ақы мен басқа да төлемдер туралы" 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1876 P991876_

қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 534-құжат);
     2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы 
N 1876 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2000 жылғы 18 қаңтардағы N 90 
 

P000090_

  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 3, 
33-құжат) күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және 
жариялауға жатады.
     
     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
     бірінші орынбасары
     
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің
                                         2000 жылғы 29 желтоқсандағы
                                          N 1927 қаулысымен бекітілген
     
      Мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ауылдық жерде
       жұмыс істегені үшін, экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін,
    сынып жетекшілігі үшін, дәптерлер, жазба жұмыстарын тексергені үшін,
       оқу кабинеттерінің меңгерушілігі үшін, пәндерді тереңдетіп
         оқытқаны үшін қосымша ақы және басқа да төлемдер мөлшері
 ________________________________________________________________________
    !     Қосымша ақылар, үстеме ақылар және басқа  ! Айлық лауазымдық
    !             төлемдер атаулары                 !жалақыларға (тарифтік
    !                                               !ставкаларға) қосыла.
    !                                               !тын қосымша ақылар
    !                                               !мөлшері
 ________________________________________________________________________
               Сынып жетекшілігі үшін қосымша ақы 
1.   Мұғалімдерге, оқытушыларға және басқа да қыз.
     меткерлерге - сынып жетекшілігі (топ жетекші.
     лігі) үшін:
        1-4-сыныптарда                                    15%
        5-11 (12)-сыныптарда                              20%
        кәсіптік мектептерде, орта кәсіптік оқу
     орындарында                                          15%
       Дәптерлер және жазба жұмыстарын тексергені
                       үшін
2.   1-4-сынып мұғалімдеріне - дәптер тексергені
     үшін                                                 10%
3.   Орыс тілінде білім беретін мектептерде 
     (сыныптарда) қазақ және басқа ұлт тілдері
     және ұлттық тілде білім беретін мектептерде
     (сыныптарда) орыс тілі мұғалімдеріне, бұл
     пәндерді 1-4-сыныптарда жүргізетіндерге -
     дәптерлер тексергені үшін                            15%
4.   5-11 (12)-сыныптар мұғалімдеріне - оқытушыларға
     жазба жұмыстарын тексергені үшін:
      қазақ, орыс тілдері, басқа да ұлттық тілдер
     мен әдебиеттері бойынша                              15%
      математика, химия, физика, биология шет
     тілдері, стенография, сызу, конструкторлық,    
     техникалық механика бойынша                          10%-дан
                                                          артық емес
        Оқу кабинеттерінің (зертханалардың, 
      шеберханалардың, оқу-кеңестік пункттердің)
           меңгерушілігі үшін қосымша ақы
5.   Мұғалiмдерге, оқытушыларға, өндiрiстiк оқыту 
     шеберлерiне және оқытушылық қызметiн жүргiзетiн 
     басқа да қызметкерлерге - оқу кабинеттерiнiң 
     (зертханалардың, шеберханалардың, оқу-кеңестiк 
     пункттердiң) меңгерушілігі үшін:
        мектептерде және мектеп-интернаттарда,
     балалар үйлерiнде                                    10%
        орта және бастауыш кәсiптiк оқу                  15%-дан
     орындарында                                         артық емес
        құрамдастырылған шеберханалар болған
     ретте                                                20%
        (қосымша ақы оқу жабдықтарының үлгi
     тiзбесiне сәйкес аттестатталған және оқу
     жоспарында көзделген оқу кабинеттерi
     (зертханалар, шеберханалар және оқу-кеңестiк
     пункттер) үшiн ғана жүргiзiледi)
       Қызметтердi қоса атқарғаны үшiн қосымша
      ақы (қызмет көрсету аймағы кеңейгенi үшiн)
6.      Орта кәсiптiк және бастауыш кәсiптiк
     бiлiм беру ұйымдарының оқытушылары мен
     басқа да қызметкерлерiне - кешкi, сырттай  
     оқу бөлiмдер, мамандық бойынша бөлiм                 20%-дан
     меңгерушілігі үшін                                   артық емес
7.      Директор лауазымы көзделмеген мектепке
     (сыныпқа) басшылық жасағаны үшiн - мұғалімдердің
     бiреуiне, сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн
     күндiзгi мектептер жанындағы күндiз-сырттай
     оқыту нысанындағы сыныптарға жетекшiлiк
     үшiн директорға:
       бастауыш мектептерде оқушылар саны:                
       160-қа дейiн                                       10%-дан
                                                          артық емес
     161-ден 240-қа дейін                                 15%-дан
                                                          артық емес
     жалпы бiлiм беретiн мектептер жанындағы
     жұмысшы жастар кешкі (ауысымдық) жалпы
     орта бiлiм беретiн мектептерi мен
     сыныптарында оқушылар саны:  
       60-қа дейiн                                        10%-дан
                                                          артық емес
      61-ден 80-ге дейiн (қалалар мен жұмысшы              15%-дан
     кенттерiнде)                                         артық емес
     жетiжылдық музыка мектептерiнде, өнер
      мектептерiнде және көркемөнер мектептерiнде
     оқушылар саны 50-ге дейiн                            10%
      директордың оқу iсi жөнiндегi орынбасары
     лауазымы көзделмеген жетiжылдық музыка
     мектептерiнде, өнер мектептерiнде және
     көркемөнер мектептерiнде оқу жұмысына                10%-дан
     жетекшiлiк етушi мұғалiмге                           артық емес
8.   Кiтапханашы лауазымы көзделмеген барлық
     үлгiдегi және атаудағы мектептерде, мектеп-
     интернаттарда, кәсiптiк мектептерде
     оқулықтар даналарының санына қарай
     мұғалiмдерге, оқытушыларға және басқа да
     қызметкерлерге - оқулықтардың кiтапханалық           20%-дан
     қорымен істеген жұмыс үшін                          артық емес
9.    Бiлiм беру мекемелерiнiң кiтапханашыларына
     оқулықтардың кiтапханалық қорымен жұмыс
     істегенi үшiн                                        10%
10.  Барлық үлгiдегi және атаудағы жалпы бiлiм
     беретiн мектептердiң (лицейлердiң,
     гимназиялардың), орта музыка және өнер
     мектептерiнiң (директор лауазымы көзделмеген
     бастауыш мектептердегi мұғалiмдерге) хор,
     хореография колледждерiнiң директорларына -
     оқу орны немесе мектеп жанындағы оқушылар
     (тәрбиеленушiлер) саны төмендегiдей
     интернатқа меңгерушiлiгi үшiн қосымша ақы
     белгiленедi:
     20-ға дейiн                                          5%-дан
                                                          артық емес
     21-ден 40-қа дейiн                                   10%-дан
                                                          артық емес
     41-ден 75-ке дейін                                   15%-дан
                                                          артық емес
     76-дан 120-ға дейін                                   20%-дан
                                                          артық емес
      тәрбиеленушiлер саны 120-дан асатын
     интернаты бар орта музыка және өнер
     мектептерiнiң директорларына                         25%
11.   Директорлардың әкiмшiлiк-шаруашылық
     бөлiм жөнiндегi орынбасарларына
     (шаруашылық меңгерушiлерiне) немесе басқа
     да қызметкерлерге - жалпы бiлiм беретiн
     мектептер жанындағы интернаттарда, өнер
     орта кәсiптiк оқу орындары жанындағы
     интернаттарда олардың штатында бұл
     лауазымдар болмаған ретте шаруашылық                 10%-дан
     меңгерушiсi қызметiн атқарғаны үшiн                  артық емес
12.   Валеология бойынша мұғалiм (оқытушы)
     лауазымы көздемеген бiлiм беру ұйымдарында,
     барлық үлгi мен атаудағы мектептерде,
     мектеп-интернаттарда, бастауыш кәсiптiк бiлiм
     беру мектептерiнде балалардың салауатты өмiр
     салты бағдарламасы бойынша сыныптан тыс
     жұмыс жүргізгенi үшiн педагог қызметкерлерге
     - қамтыған сыныптары санына қарай:
         10-нан 19-ға дейін                               20%
         20-дан 29-ға дейiн                               35%
         30 және одан артық                               50%
       жетiм балаларға және ата-анасының
     қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
     мектеп-интернаттарда, мектепке дейiнгi
     жастағы балаларға арналған балалар үйлерінде
     және аралас үлгiдегi балалар үйлерiнде (тұтас
     алғанда мектеп-интернатқа, балалар үйiне)            50%
13.   Компьютер техникасына қызмет көрсету
     жөнiндегi маман лауазымы көзделмеген бiлiм           
     беру ұйымдарында компьютер техникасына
     қызмет көрсету мiндетi жүктелген
     мұғалiмдерге, оқытушыларға немесе басқа
     қызметкерлерге - жұмыс iстейтiн әрбiр                1,5%-дан
     компьютер үшiн                                       артық емес
14.  Сабақ жүргiзушi оқытушыларға, өндiрiстiк
     оқыту шеберлерiне және басқа қызметкерлерге
     - әдістемелік, циклдық және пәндік                   15%-дан
     комиссияларға басшылық еткенi үшiн                   артық емес
15.  Еңбекке баулу мұғалiмi (оқытушы)
     лауазымы көзделмеген бiлiм беру
     ұйымдарында еңбекке баулу, қоғамдық-
     пайдалы, өнiмдi еңбек жөнiнде сабақ
     ұйымдастырып, жүргiзгенi үшiн педагог
     қызметкерлерге - қамтыған сыныптары
     санына қарай:         
           6-12 сынып                                     20%
           13-29 сынып                                    35%
            30 және одан артық                            50%
16.  Мектепке дейiнгi балалар ұйымдары
     тәрбиешiлерiнiң көмекшiлерiне - балалармен
     сабақ, сауықтыру iс-шараларын өткiзу кезiнде
     тәрбиелеу қызметiн тiкелей жүзеге асырғаны,
     балаларды еңбекке баулығаны, оларға
     санитарлық-гигиеналық дағдыларды үйреткені үшін      30%
17.   Бастауыш кәсiптiк оқу орындарының
     "шебер-аспазшы", "шебер-кондитер" атақтары
     бар өндiрiстiк оқыту шеберлерiне                     25%
18.   Жатақханалары бар бастауыш кәсiптiк оқу
     орындарының директорларына немесе
     директорлардың оқу-тәрбие жұмысы жөнiндегi
     орынбасарларына - жатақханада оқушылар
     тұрған кезде:
              200-ге дейiн                                10%
              200-ден 400-ге дейiн                        15%
              401 және одан жоғары                        20%
19.   Ұзартылған күн тобы жұмысын басқару
     жүктелген директорларға немесе
     директорлардың орынбасарларына:   
      екi және одан көп ұзартылған күн тобы
     бар мектептерде                                      5%
      ұзартылған күн бар мектептерде                      10%
     Еңбектiң айрықша жағдайлары үшiн
             қосымша ақы
20.  Әскери мектеп-интернаттардың педагог                 15%
     қызметкерлерiне
21.  Балалар үйлерiнiң, балалар үйлерi -
     интернаттардың, интернат ұйымдарының,
     кәмелетке толмағандарға арналған қабылдау-
     бөлу орындарының және еңбекпен тәрбиелеу
     колонияларының, тәрбиенiң айрықша
     жағдайын қажет ететiн ауытқымалы мiнез-
     құлықты балалар мен жасөспiрiмдерге
     арналған арнаулы кәсiптiк мектептердiң,
     арнаулы мектептердiң және басқа да                   15%-дан
     ұйымдардың аға тәрбиешiлерiне                        артық емес
22.   Құрамында кемiнде екi арнайы тобы
     (сыныбы) бар жалпы үлгiдегi оқу-тәрбие
     ұйымдарының басшыларына қосымша ақы
     даму мүмкiндiктерi шектеулi, ұзақ уақыт
     емдеудi, тәрбиенiң айрықша жағдайын қажет
     ететiн оқушылармен (тәрбиеленушiлермен,
     балалармен) олардың жұмысының                        20%-дан
     ұзақтығына қарай төленедi                            артық емес
23.   Даму және оқу мүмкiндiктерi шектеулi,
     сондай-ақ тәрбиенiң айрықша жағдайын
     немесе ұзақ уақыт емдеудi қажет ететiн
     балалармен және жасөспiрiмдермен жұмыс               20%-дан
     үшiн *                                               артық емес
24.   Кәмелетке толмағандарға арналған
     қабылдау-бөлу орындарындағы және еңбекпен
     тәрбиелеу колонияларындағы, Қазақстан
     Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
     еңбекпен түзеу ұйымдарының, еңбекпен
     тәрбиелеу және емдеу-еңбекпен алдын алу
     және басқа да ұйымдарының жанындағы
     ауытқымалы мiнез-құлықты балалар мен
     жасөспiрiмдерге арналған кәсiптiк
     мектептердегi, мектептердегi, кешкi
     (ауысымдық) жалпы орта бiлiм беретiн
     мектептердегi және оқу-кеңестiк                      20%-дан
     пункттердегi жұмыс үшін*                             артық емес
25.   Жабық үлгiдегi арнайы оқу-тәрбие                    20%-дан
     ұйымдарындағы жұмыс үшiн*                            артық емес
26.   Жетiм балалармен және ата-анасының
     қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс
     үшін**                                               20%
27.  Түнгі уақыттағы жұмыс үшін                           кешкі сағат
                                                          22-ден таңғы
                                                          сағат 6-ға
                                                          дейін әр сағат
                                                          үшін сағаттық
                                                          тарифтің 50%
28.   Еңбек етуге қолайсыз жағдайлар үшін                 12%-дан
     қолданыстағы еңбек заңына сәйкес                     артық емес
       Бейiн бағыттағы жекелеген пәндердi
       тереңдете оқытқаны үшiн қосымша ақы
29.  Дарынды балаларға арналған маманданды-
     рылған мектептер мен мектеп-интернаттардың
     директорлары мен директорлардың орынба-
     сарларына, сондай-ақ бейiн бағыттағы пәндер
     бойынша оқытушыларға                                  30%
30.  Қазақ, орыс тiлдерi мен әдебиеттерi, араб,
     қытай, парсы тiлдерi сабақтары үшiн:
      ауылдық жерде және қалалық үлгiдегi
      кенттерде орналасқан ұлттық тiлдерде бiлiм
     беретiн барлық үлгiдегi және атаудағы
     жалпы бiлiм мектептерi мен мектеп-
     интернаттарының (сыныптардың, сынып-
     жиынтықтарының және оқу-кеңестiк
     пункттерiнiң) мұғалiмдерiне - 1-11 (12)-
     сыныптарда орыс тiлi және 5-11 (12)-
     сыныптарда орыс әдебиетi бойынша 
     сабақтардың сағаттары үшiн                             15%
      ауылдық жерде және қалалық үлгiдегi
     кенттерде орналасқан ұлттық тiлдерде бiлiм
     беретiн бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм
     ұйымдарының (топтардың, бөлiмдердiң, оқу-
     кеңестiк пункттердiң) оқытушыларына -
     орыс тiлi мен әдебиетi бойынша сабақтардың
     сағаттары үшiн                                         15%
      жалпы орта бiлiм беретiн мектептердегi
     араб, қытай және парсы тiлдерi
     мұғалiмдерiне                                          15%
      орыс тiлiнде бiлiм беретiн жалпы орта
     бiлiм мектептерiнiң, мектеп-интернаттарының,
     бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм ұйымдарының
     (сыныптардың, топтардың) ұлттық тiлдер мен 
     әдебиеттер бойынша сабақ беретiн мұғалiмдерi
     мен оқытушыларына                                      15%
31.   Жекелеген пәндердi тереңдетiп оқытатын
     оқу орындарының (сыныптардың, топтардың), 
     жаңашылық, эксперименттiк тәртіпте жұмыс
     істеуші ұйымдардың (мектепке дейiнгi және 
     жалпы бiлiм беру бағыттарындағы лицейлердiң,
     гимназиялардың, колледждердiң, жоғары кәсiптiк
     колледждердiң, техникалық лицейлердiң,
     оқу-тәрбиелiк кешендердiң), сондай-ақ
     балаларды тәрбиелеу шет тiлiнде жүргiзiлетiн 
     мектепке дейiнгi балалар ұйымдарының 
     бейiн бағыттағы пәндер бойынша педагог 
     қызметкерлерiне                                        10%
 ________________________________________________________________________
     
     Ескертулер:


      1. Ауылдық жерде жұмыс iстейтiн бiлiм беру мамандарына жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша қала жағдайында қызметтiң осы түрiмен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемiнде 25 пайыз жоғары жалақылар мен ставкалар белгiленуi мүмкiн.
      2. Экологиялық зiлзала және радиациялық қаупi бар аймақтарда тұрғаны үшiн қосымша ақы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленедi.
      3. Осы Қосымшаның 1-31-тармақтарында көзделген қосымша ақының мөлшерi басқа қосымша ақылар мен үстеме ақылар есептелмей, лауазымдық жалақыға (тарифтiк ставкаға) төленедi.
      4. Бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды аттестаттау саласындағы уәкiлеттi органы берген тиiстi дипломы болған жағдайда, ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми дәрежелерi үшiн - ғылым кандидатына бiр айлық ең төменгi жалақы және ғылым докторына екi айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде қосымша ақы белгiленедi.
      Осы қосымша ақы бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне, егер олардың басшы және педагогикалық лауазымдардағы қызметi бейiнi бойынша ғылыми дәрежесiне сәйкес келген жағдайда жүргiзiледi.
      5. Педагогтік жұмыс жүргізуші білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне, "Халық мұғалімі", "Еңбек сіңірген мұғалім" деген құрметті атақтары немесе ғылыми дәрежесі болған ретте, қосымша ақы мен үстеме ақы негізгі жұмысы бойынша төленеді.
      Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне, "Халық мұғалімі", "Еңбек сіңірген мұғалім" деген құрметті атақтары және сонымен бірге ғылыми дәрежесі болған ретте, қосымша ақы мен үстеме ақы негізгі жұмысы бойынша атағына да, ғылыми дәрежесіне де жеке төленеді.
      6. Мектептер мен мектеп-интернаттардағы (даму және оқу мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарынан басқа) 15-тен кем оқушысы бар сыныптарда сынып жетекшілігі және жазба жұмыстарын тексергені үшін лауазымдық жалақыларына (ставкаларына) қосымша ақы төлеу тиісті қосымша ақылардың 50%-ы мөлшерінде жүргізіледі. Осы тәртіп сыныптарды кіші топтарға бөлу кезінде де қолданылады.
      7. Оқушылардың күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникулдары кезінде педагог қызметкерлерге еңбекке ақы төлеу каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде белгіленген еңбекақы есебімен жүргізіледі.

      * Лауазымдық жалақыларына қосымша ақы төленетін қызметкерлердің нақты тізбесі және бұл көтеру мөлшерін олардың көрсетілген санаттағы оқушылармен (тәрбиеленушілермен, балалармен) қарым-қатынасының ұзақтығы дәрежесіне қарай ұйым басшысы айқындайды.
      ** Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға

арналған балалар үйлеріндегі, балалар үйлері-интернаттарындағы, 
мектеп-интернаттардағы және тәні немесе ақыл-ойы дамуында кемістіктері 
бар, ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін, психикалық дамуы тежеулі балалар 
топтастырылған балалар үйлеріндегі (сыныптарындағы, топтарындағы) тарифтік 
ставкалар мен лауазымдық жалақылар екі негізде арттырылады (жетім 
балалармен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс үшін және 
дамуы мен оқу мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс үшін).
     
     Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады