Ескерту (РҚАО). ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 14 шілдедегі N 1078
қаулысындағы Келісімге қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2000 жылғы 13 маусымда Душанбе қаласында жасалған Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы
Жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогтік кадрларды даярлау және
аттестациялау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Тәжікстан Республикасы Үкіметінің
арасындағы Жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог
кадрларды даярлау және аттестациялау
саласындағы ынтымақтастық туралы
Келісім*
*(2001 жылғы 22 қаңтарда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары
бюллетені, 2002 ж., N 1, 1-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Тәжікстан Республикасының Үкіметі
1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушылары - мемлекеттер шеңберінде ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық Келісімді негізге ала отырып,
1995 жылғы 3 қарашадағы ТМД елдерінің жалпы ғылыми-технологиялық кеңістігін құру туралы үкіметаралық Келісімді басшылыққа алып,
ғылымдағы, техникадағы, білім мен мәдениеттегі тарихи қалыптасқан өзара тығыз байланыстарға сүйене отырып,
бірыңғай ғылыми кеңістікті сақтауға ұмтыла отырып,
жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау мен аттестациялау жүйелерінің тиімділігін арттырудағы мемлекетаралық кооперацияның мақсатқа сәйкес екенін мойындай отырып,
жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау және аттестациялау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға ұмтылушылықты растай отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Тараптар, келісе отырып, жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау және аттестациялауға байланысты ұлттық тұжырымдар мен талаптарды әзірлеу кезінде өзара консультациялар өткізетін болады.
2-бап
Тараптар:
жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды өзара мақсатты түрде даярлауды және сынау мерзімінен өткізуді ұйымдастырады;
ғылыми қызметкерлердің мамандығының (номенклатуралардың) тізбелерін әзірлеу кезінде консультациялар өткізеді;
жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды мемлекеттік аттестациялау жүйесіндегі ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар ізденушілерге қойылатын негізгі талаптардың салыстырылуын қамтамасыз ететін болады.
3-бап
Бір Тараптың оқуы, біліктілігін арттыруы және диссертация әзірлеуі үшін сынау мерзімін өткізушілерді, аспиранттарды, докторанттарды, ғылыми қызметкерлерді басқа Тараптың ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындарына жіберуі Тараптардың мүдделі ұйымдарының тікелей шарттарына сәйкес жүзеге асырылады, ол шарттарда жіберуші және қабылдаушы ұйымдардың құқы, міндеті және жауапкершілігі анықталады.
4-бап
Тараптар жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестациялау саласындағы ынтымақтастықты:
бір Тараптың ізденушілерінің басқа Тараптың ғылыми дәрежелер беру жөніндегі кеңестерінде диссертациялар қорғауларын өткізуі үшін ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беруге рұқсат ететін құқық беруші білім туралы құжаттарды нострификациялауға (теңестіруге) байланысты талаптарды есепке ала отырып, бірдей жағдай туғызу;
жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестациялау
жүйелеріндегі өзгерістер туралы дер кезінде өзара хабарлау, осы кадрларды
даярлау мен аттестациялау мәселелері бойынша тиісті нормативтік
актілерімен және басқа да материалдармен алмасу арқылы дамытатын болады.
5-бап
Диссертациялық жұмыстарды сараптау сапасын арттыру үшін әр Тарап:
өз мемлекетінің ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындарының жетекші
ғалымдарының және ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындары мамандарының
басқа Тараптың ғылыми дәрежелер беру жөніндегі кеңестердің жұмысына
қатысуына.
6-бап
Тараптар өз мемлекеттерінің аумақтарында Тараптардың тиісті
мемлекеттік аттестациялық органдары берген ғылыми дәрежелер және атақтар
туралы біліктілікті айқындайтын мемлекеттік үлгідегі құжаттарды
белгіленген тәртіпте олардың иелерін қайта аттестациялау жолымен таниды.
7-бап
Тараптар жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды
аттестациялау процестерін басқаруды, оны жетілдіруге бағытталған тәжірибе
алмасу жөніндегі қажетті бірлескен шараларды өткізуді қамтамасыз етеді.
8-бап
Осы Келісімге қатысу Тараптардың жоғары білікті ғылыми және
ғылыми-педагог кадрларды даярлау және аттестациялау саласындағы
ынтымақтастықтың басқа түрлерін пайдалану құқын шектемейді.
9-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру және қолдану мәселелері жөніндегі таластар мен келіспеушіліктердің бәрі консультациялар және келіссөздер жолымен шешілетін болады.
10-бап
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекет ішілік
тәртіптердің орындалғаны туралы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап
күшіне енеді.
Осы Келісім мерзімсіз қолданыста болады. Келісімнің іс-әрекеті
Тараптардың бірі осы Келісімнің іс-әрекетін тоқтату тілегі туралы жазбаша
хабарлама алған күннен бастап алты ай өткеннен кейін тоқтатылуы мүмкін.
Душанбе қаласында 2000 жылғы 13 маусымда екі данада, әрқайсысы қазақ,
тәжік және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің де күші
бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған
жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді ұстанады.
Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.