Қазақстан Республикасы мемлекеттік ішкі заемының ұлттық жинақ облигацияларын ұстаушылардың шығындарына өтемақы төлеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 желтоқсан N 1953

      Қазақстан Республикасында теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамын енгізу нәтижесінде 1999 жылғы 5 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік ішкі заемының ұлттық жинақ облигацияларын ұстаушылардың шеккен шығындарына өтемақы төлеуді жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік ішкі заемының ұлттық жинақ облигацияларын ұстаушылардың шығындарына өтемақы төлеуді жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 2000 жылға арналған Z990473_ республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 61 343 378,60 теңге (алпыс бір миллион үш жүз қырық үш мың үш жүз жетпіс сегіз теңге алпыс тиын) бөлінсін.
      2. Мыналар:
      1) 1999 жылғы 5 сәуірдегі жағдай бойынша айналыста болған ұлттық жинақ облигацияларын ұстаушы жеке тұлғалардың шығындары:
      бір АҚШ доллары үшін 88,3 теңге есеппен ұлттық жинақ облигацияларының бастапқы құнын АҚШ долларына айырбастау;
      1999 жылғы 6 сәуірден бастап жылдық 6,14% АҚШ доллары ставкасы бойынша ұлттық жинақ облигацияларының айналыста болуының нақты уақыты үшін сыйақы есептеу;
      ұлттық жинақ облигацияларының бастапқы құнын өтеу сомасын және ұлттық жинақ облигацияларын шығару кезінде белгіленген төлем күнінің алдындағы күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен есептелген сыйақыны төлеу шартымен өтемақы төлеуге жатады;
      2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік ішкі заемының ұлттық жинақ облигацияларын ұстаушылардың шығындарына өтемақы төлеу сомасын есептеу кезінде:
      1999 жылғы 5 сәуірдегі жағдай бойынша айналыста болған ұлттық жинақ

 

облигациялары туралы оларды орналастыруға қатысқан екінші деңгейдегі

банктер ұсынған деректер пайдаланылады;

     бастапқы орналастыру шартына сәйкес нақты төленген сыйақының және

ұлттық жинақ облигациялары бастапқы құнының сомасы ескеріледі деп

белгіленсін.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген шарттарға

сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік ішкі заемының ұлттық жинақ

облигацияларын ұстаушылардың шығындарына өтемақы төлеуді жүргізсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



         Қазақстан Республикасы

         Премьер-Министрінің

         бірінші орынбасары

Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады