Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 желтоқсан N 1955

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңының Z990473_ 24-бабы 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 P991872_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 530-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшадағы:
      IV "Шығыстар" деген бөлiмде:
      49 "Музыка өнерi саласындағы үздiксiз бiлiм берудi қамтамасыз ету" бағдарламасында 225 "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" әкiмшiсi бойынша 9 "Бiлiм беру саласындағы басқа қызмет көрсетулер" iшкi функциясында 4 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:
      30 "Қазақ ұлттық музыка академиясында кадрлар даярлау" кiшi бағдарламасындағы "289 455" деген сан "293 922" деген санмен ауыстырылсын;
      31 "Қазақ ұлттық музыка академиясында оқитын студенттердi стипендиямен қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасындағы "7545" деген сан "3078" деген санмен ауыстырылсын;
      63 "Астана қаласындағы медициналық мекемелердi дамыту" бағдарламасында 612 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" әкiмшiсi бойынша 9 "Денсаулық сақтау саласындағы басқа қызмет көрсетулер" iшкi функциясында 5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
      80 "Сыртқы қарыздар есебiнен жобаны жүзеге асыру" кiшi бағдарламасындағы "1 478 856" деген сан "1 538 856" деген санмен ауыстырылсын;
      81 "Республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен жобаны жүзеге асыру" кіші бағдарламасындағы "429 900" деген сан "369 900" деген санмен ауыстырылсын;
      32 "Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар" бағдарламасында 213 "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" әкімшісі бойынша 1 "Әлеуметтік қамтамасыз ету" кіші функциясында 6 "Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек" функционалдық тобында:

     8 "ҰОС қатысушылар" кіші бағдарламасындағы "2 348 636" деген сан 
"2 345 801" деген санмен ауыстырылсын;
     9 "ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдар" кіші бағдарламасындағы 
"618 001" деген сан "620 836" деген санмен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
     бірінші орынбасары
     
     
      Мамандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады