Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы
арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен
Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы
арасында міндеттерді бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999
жылғы 16 қазандағы N 1559 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1959 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-
Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министр
Кеңсесінің Басшысы арасында
МІНДЕТТЕРДІ БӨЛУ
Ескерту. Қосымша толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.07. N 202
қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қ.К.Тоқаев
Үкіметтің қызметіне басшылық жасау.
Қазақстан Республикасының Президентімен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғары Сотпен, Бас Прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкіметтің атынан өкілдік етеді.
Мемлекетаралық қатынастар және халықаралық ынтымақтастық мәселелері.
Көлік және коммуникацияларды дамыту, шетелдік инвестициялар тарту,
экспорттық бақылау, мемлекеттік материалдық резервтер мәселелері.
Үкіметтің заң шығару қызметін үйлестіру.
Әлеуеттік және құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру.
Үкіметтің кадр мәселелері.
Сыртқы істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер
министрлігінің, Әділет министрлігінің, Көлік және коммуникациялар
министрлігінің, Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттіктің,
Қаржы полиция агенттігінің қызметін жалпы бақылау.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Д.К.Ахметов
Экономиканы жедел басқару мәселелері.
Аймақтық даму мәселелері.
Өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, агроөнеркәсіп кешенін және құрылысты
дамыту мәселелері.
Автомобиль жолдарын салу және дамыту мәселелері.
Тұрғын-үй коммуналдық саланы дамыту мәселелері.
ТМД елдерімен және олардың ықпалдастық бірлестіктерімен өзара
қатынастарды үйлестіру.
Астана қаласы жаңа орталығының құрылысын салу барысын бақылау
жөніндегі мемлекеттік комиссияға басшылық жасау.
Экономика және сауда министрлігінің (экономиканың нақты секторын
дамыту мәселелері бойынша). Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Көлік және
коммуникациялар министрлігінің (автомобиль салу және дамыту мәселелері
бойынша), Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктің, Төтенше жағдайлар
жөніндегі агенттіктің қызметін жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
И.Н.Тасмағамбетов
Әлеуметтік саланы дамыту мәселелері.
Білім беруді, мәдениетті, ғылымды, денсаулық сақтауды, спорт пен
туризмді дамыту мәселелері.
Ұлтаралық қатынастар, көші-қон және демографиялық саясат мәселелері.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер
істері жөніндегі ұлттық комиссиясының мәселелері.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылын өткізу
жөніндегі мемлекеттік комиссияға басшылық жасау.
Білім және ғылым министрлігінің, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің (әлеуметтік саясат мәселелері бойынша), Көші-қон және
демография жөніндегі агенттіктің, Денсаулық сақтау ісі жөніндегі
агенттіктің, Туризм және спорт жөніндегі агенттіктің қызметін жалпы
бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
О.Ә.Жандосов
Экономикалық даму, қаржы саласы, салық және тариф саясаты мәселелері.
Экономикадағы бәсекелестікті және кәсіпкерлік секторын дамыту
мәселелері.
Техникалық көмекті және мемлекеттік инвестицияларды пайдалану
мәселелері.
Үкіметтің халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдармен өзара
іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және Бағалы қағаздар
жөніндегі ұлттық комиссиясымен өзара іс-қимыл жасау.
Экономикалық саясат кеңесінің жұмысына басшылық жасау.
Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кіріс министрлігінің, Экономика
және сауда министрлігінің (жалпы экономикалық және бағдарламалық мәселелер
бойынша), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (әлеуметтік
саясатты қамтамасыз етудің қаржылық тетіктері мәселелері бойынша), Табиғи
монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау
жөніндегі агенттіктің, Статистика жөніндегі агенттіктің қызметін жалпы
бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -
Энергетика және минералдық ресурстар министрі
В.С.Школьник
Энергетикалық секторды және кен-металлургия кешенін дамыту мәселелері.
Экология, табиғи ресурстарды пайдалану, геология, жер қойнауын
пайдалану және жер қойнауын қорғау мәселелері.
"Байқоңыр" ғарыш айлағының мәселелері.
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қызметіне
басшылық жасайды; Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің қызметін жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы
А.А.Тілеубердин
Үкіметтің шешімдерін дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттік және орындаушылық тәртіпті қамтамасыз ету бөлігінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру.
Үкіметтің кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Үкіметтің аймақтық саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру,
Үкіметтің облыстар әкімдерімен жұмыстағы өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
Премьер-Министр Кеңсесінің Президент Әкімшілігімен және Парламент
палаталарының аппараттарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды
қорғау мәселелері.
Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттіктің қызметін жалпы
бақылауды жүзеге асырады.
Жұмыста болмаған кезеңде өзара ауысуы:
Д.К.Ахметов - В.С.Школьник
О.Ә.Жандосов - И.Н.Тасмағамбетов
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.