Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының
жекелеген мемлекеттік органдарын ұйымдастыру, тарату және құру туралы"
2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507
Жарлығын орындау үшін Қазақстан
Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлік қоғамы туралы"
1997 жылғы 24 наурыздағы N 410
қаулысына мынадай өзгерістер
енгізілсін:
1-тармақта:
бесінші абзац алынып тасталсын;
5-тармақта:
екінші және алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
үшінші абзацта "конкурстарды ұйымдастыруға" деген сөздер
"конкурстарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақта:
үшінші абзацта "роялти мен құқықтарды" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының Энергия және минералдық ресурстар министрлігі бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің "Мұнай туралы" және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заң күші бар Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік
қоғамымен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.