Шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң несиелiк ресурстарға қол жеткiзуiн кеңейту және "Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қор) 1999-2000 жылдардағы таза кiрiсiн Қордың жарғылық капиталына мемлекеттiң 100% қатысуын сақтай отырып, Қордың жарғылық капиталын арттыруға жолдау туралы ұсынысына келiсім берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi
заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын
iс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.