Халыққа табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда жедел
көмек көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгіленген
тәртіппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің
теңгеріміне мына тікұшақтарды берсін:
МИ-8Т 20.03.74 жылы шығарылған (зауыттық N 9743809) борт нөмірі 14
МИ-8Т 30.09.74 жылы шығарылған (зауыттық N 4716) борт нөмірі 02
МИ-8Т 27.12.75 жылы шығарылған (зауыттық N 9755020) борт нөмірі 24
МИ-8Т 23.05.74 жылы шығарылған (зауыттық N 9744006) борт нөмірі 26
МИ-8Т 28.04.74 жылы шығарылған (зауыттық N 4266) борт нөмірі 30
МИ-8Т 29.01.75 жылы шығарылған (зауыттық N 9754446) борт нөмірі 33
МИ-8Т 28.01.74 жылы шығарылған (зауыттық N 9743612) борт нөмірі 35
МИ-8Т 23.12.74 жылы шығарылған (зауыттық N 9744415) борт нөмірі 37
МИ-8Т 24.12.74 жылы шығарылған (зауыттық N 9744416) борт нөмірі 38
МИ-8Т 27.10.75 жылы шығарылған (зауыттық N 9754913) борт нөмірі 44
МИ-8ТВ 26.08.77 жылы шығарылған (зауыттық N 9775318) борт нөмірі 41
МИ-8ТВ 19.05.77 жылы шығарылған (зауыттық N 9775303) борт нөмірі 42
МИ-8ТВ 29.11.76 жылы шығарылған (зауыттық N 9765134) борт нөмірі 56
МИ-8ТВ 26.11.76 жылы шығарылған (зауыттық N 9765131) борт нөмірі 59
МИ-8ТВ 29.06.77 жылы шығарылған (зауыттық N 9775319) борт нөмірі 76
МИ-8ТВ 31.05.77 жылы шығарылған (зауыттық N 9775311) борт нөмірі 77
2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі:
1) 1-тармақта көрсетілген тікұшақтарды теңгеріміне қабылдасын;
2) арнаулы кәсіпорындарда берілген тікұшақтарды жөндеу мен техникалық
қызмет көрсетуді жүргізсін;
3) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тікұшақтарды пайдалануға
байланысты іс-шараларды республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген
қаражат шегінде және есебінде жүргізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.