"Ақмола электр желілерін тарату компаниясы" ашық акционерлік қоғамы қызметінің кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 қаңтар N 50

      "Ақмола электр желілерін тарату компаниясы" ашық акционерлік қоғамының ауыр қаржылық-экономикалық жағдайына байланысты, Астана қаласы мен Ақмола облысы аумағында орналасқан, аймақ экономикасы үшін зор маңызы бар энергетика объектілерін басқаруды үйлестіретін тиімді тетікті жасау қажеттігін басшылыққа алып, "Банкроттық туралы"  Z970067_ Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі агенттік" ашық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада  P980394_ белгіленген тәртіппен "Ақмола электр желілерін тарату компаниясы" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Ақмола ЭТК" ААҚ) банкроттық рәсіміне бастамашылық жасасын. 
      2. Ақмола облысының әкімі Астана қаласының әкімімен келісім бойынша "Ақмола ЭТК" ААҚ конкурстық басқарушысының кандитатурасын сотқа ұсынсын. 
      3. "Ақмола ЭТК" ААҚ банкрот деп танылған жағдайда мыналарды: 
      1) "Ақмола ЭТК" ААҚ-ның конкурстық массасын бірыңғай лотпен сатуды; 
      2) лоттың бағасының бірінші және үшінші кезектегі кредиторлар талаптары сомасынан, сондай-ақ әкімшілік шығыстар сомасынан төмен емес ең төменгі бағасын белгілеу; 
      3) Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, өкілдерінің қатысуымен "Ақмола ЭТК" ААҚ-ның конкурстық массасын сатуды; 
      4) сот шешімінің негізінде конкурстық іс қозғау кезеңінде технологиялық өндіріс циклының үздіксіздігін сақтай отырып, банкроттық рәсімдерді жүргізуге және осы мақсатта "Ақмола ЭТК" ААҚ-ның іркіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін шарт жасау құқығын конкурстық басқарушыға, сондай-ақ "Астанаэнергосервис" ашық акционерлік қоғамымен бірге "Ақмола ЭТК" ААҚ-ның мүлкін сенімгерлік басқару құқығын беруді; 
      5) басқарушы компанияның көрсетілетін қызметтер көлемі жөнінде электр энергиясын тұтынушылармен жасалған шарттарды сақтауын; 
      6) "Ақмола ЭТК" ААҚ-ның Астана қаласы мен Ақмола облысы экономикасы үшін стратегиялық маңызын ескере отырып, конкурстық басқарушыға "Ақмола ЭТК" ААҚ конкурстық массасын сатып алушыға меншікті иелену құқығы көшкенге дейін тұтынушыларды энергиямен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін пайдалану мақсатында конкурстық массадан активтерді бөлу құқығын беруді көздейтін конкурстық массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртібін белгілесін. 
      4. "Ақмола ЭТК" ААҚ конкурстық массасын сатып алушыға мынадай қосымша талаптар белгіленсін: 
      1) электр энергиясын тарату және бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясының болуы; 
      2) көрсетілген кезеңге "Ақмола ЭТК" ААҚ бүкіл жеткізілім көлемінің кемінде 70 пайызы мөлшерінде және бір жыл мерзім кезеңіне электр энергиясын кепілді сатып алу шартының болуы; 
      3) өндірілетін электр энергиясын ысырап етуді азайту және оның түпкі тұтынушыға дейін тасымалдануының тиімділігін арттыруға бағытталған Астана қаласының энергетикалық кешенімен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының болуы; 
      4) конкурстық іс қозғау кезеңіндегі іркіліссіз жұмысты қамтамасыз етуге байланысты шығындарды "Ақмола ЭТК" ААҚ-ның сатып алушының өтеуі; 
      5) осы шарттар бойынша қызметкерлермен еңбек шарттарының және "Ақмола ЭТК" ААҚ конкурстық массасын сатып алушының құқықтық мұрагерлігінің үздіксіздігін қамтамасыз ету; 
      6) "Ақмола ЭТК" ААҚ-ның қыс кезеңіндегі іркіліссіз қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті кепілдік жарнаны сауда-саттық жеңімпазының конкурстық іс қозғау депозитін сатып алу-сату шартына қол қойылғанға дейін енгізуі. 
      5. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада  P980576_   Z970067_ белгіленген тәртіппен "Ақмола ЭТК" ААҚ-ның мүліктік кешенін сатып алушының арадағы сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды қамтамасыз етсін. 
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады