Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігін құру туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 қаңтар N 65

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 U000507_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының

 

Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігін құру туралы"

Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына

енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                                       Жоба


          Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы    


     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер

                    жөніндегі агенттігін құру туралы



 
       Қазақстан Республикасының Конституциясы K951000_ 44-бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Z952733_ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына енбейтін орталық атқарушы орган ретінде құрылсын.
      2. Агенттікке мынадай негізгі міндеттерді орындау жүктелсін:
      1) мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқаруды жүзеге асыру;
      2) мемлекеттік материалдық резервтің пайдаланылуын және сақталуын

 

басқару мен бақылауды жүзеге асыру;

     3) мемлекеттік материалдық резерв жүйесін қалыптастыру және дамыту;

     4) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы Қазақстан Республикасы

заңнамасының сақталуын бақылау;

     5) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы заңнамалық және өзге де

нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу.

     3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

     1) бір айлық мерзімде Агенттік туралы ережені бекітсін;

     2) заңнаманы осы Жарлықпен сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын;

     3) осы Жарлықпен туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

     4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

     5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады