Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полицияның саптық бөлімшелері қызметтік іс-әрекетінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "КҮЗЕТ" республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған "Алматы қаласы Ішкі істер бас басқармасының дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкы" мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі "КҮЗЕТ" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі N 485 P990485_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 15, 157-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі
21-жолмен толықтырылсын:
"21. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі "КҮЗЕТ"
республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы "МЕДЕУ" еншілес
мемлекеттік кәсіпорны".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.