"Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 22 қаңтар N 94

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Сертификаттау туралы" Z990434_ Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                                                          Жоба



 
                   Қазақстан Республикасының Заңы
 
       "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
              өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 
      1-бап. "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Z990434_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 20, 725-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 6-баптың 2-тармағында:
      1) екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "сәйкестік сертификаттарының (сәйкестік сертификаттарының көшірмелері), сәйкестік туралы декларацияның (сәйкестік туралы декларациялар көшірмелерінің), мемлекеттік сертификаттау жүйесінің сәйкестік белгілерінің нысандарын, оларды мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізбесінде тіркеу және қолдану тәртібін белгілеу;"
      2) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "сәйкестігі сәйкестік туралы декларациямен расталуы мүмкін, міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен қызмет көрсетулер тізбесін белгілеу".
      2. 11-бап мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
      "Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің (қызмет көрсетулердің) сәйкестігін растауды, беруші (дайындаушы, сатушы, орындаушы) сәйкестігі туралы декларациямен расталуы мүмкін өнімдер мен қызмет көрсетулердің тізбесіне сәйкестігі туралы декларация қабылдау туралы жүргізе алады.
      Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қабылданған сәйкестік туралы декларация оған декларация ресімделген өнім аккредиттелген саладағы сертификаттау жөніндегі органда тіркеледі.
      Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау арқылы нормативтік құжаттардың талаптарына оның сәйкестігін растайтын беруші (дайындаушы, сатушы, орындаушы) заңдарға сәйкес осы өнімнің (көрсетілген қызметтің) сапасы мен қауіпсіздігі үшін жауап береді.".
      3. 12-бапта:
      1) 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сәйкестік сертификаты (сәйкестік сертификатының көшірмесі) және (немесе) сәйкестік белгісі немесе сәйкестік туралы декларациясы (сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі) жоқ, міндетті сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатуға тыйым салынады.";
      2) 2-тармақтың бірінші бөлігі "сертификатының" деген сөзден кейін

 

"(сертификаттың көшірмесі)" сөздерімен толықтырылсын.

     4. 15-бапта:

     2-тармақтың бірінші абзацы "талаптар" деген сөзден кейін "Қазақстан

Республикасының сертификаттау туралы заңдары және" деген сөздермен

толықтырылсын.

     2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады