"Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 жыл) Төрт тiлдегi бiрдей мәтiнi туралы хаттамаға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 22 қаңтар N 95

 


     Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық авиация туралы

конвенцияның (Чикаго, 1944 жыл) Төрт тілдегi бiрдей мәтiнi туралы

хаттамаға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан

Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                                    Жоба


                       Қазақстан Республикасының Заңы


         Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық авиация

       туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 жыл) Төрт тiлдегi бiрдей

                   мәтiнi туралы хаттамаға қосылуы туралы  


     Қазақстан Республикасы 1977 жылғы 30 қыркүйекте Монреальда жасалған

Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 жыл) Төрт

тiлдегi бiрдей мәтiнi туралы хаттамаға қосылсын.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті


                    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ ТУРАЛЫ

                       КОНВЕНЦИЯНЫҢ (ЧИКАГО, 1944 ЖЫЛ)

                     ТӨРТ ТІЛДЕГІ БІРДЕЙ МӘТІНІ ТУРАЛЫ

                                 ХАТТАМА


     ТӨМЕНДЕ ҚОЛ ҚОЙҒАН YКІМЕТТЕР


     Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Ассамблеясының 21-шi сессиясы осы

Ұйымның Кеңесiне "оны 1977 жылдан кешiктiрмей қабылдау мақсатында

Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның орыс тiлiндегі бiрдей

мәтiнiн дайындау жөнiндегі қажеттi шараларды жүргiзудi" ұсынғанын НАЗАРҒА

АЛА ОТЫРЫП;



 
       Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның ағылшын тiлiндегі мәтiнi қол қою үшiн ашылғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
 
      Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда жасалған, Буэнос-Айресте 1968 жылғы 24 қыркүйекте қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның үш тiлдегi бiрдей мәтiнi туралы Хаттамаға сәйкес Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (төменде "Конвенция" деп аталатын) ағылшын тiлiндегi мәтiнiмен бiрге Конвенцияның қорытынды ережесiнде көзделгенiндей осы үш тiлде бiрдей тең мәтiндi құрайтын испан және француз тiлдерiндегi мәтiнi қабылданғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
 

 

     тиiсiнше, Конвенцияның орыс тiлiндегi мәтiнiнiң болуы туралы қажетті

ережелердi көздеу орынды екендiгiн НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;


     мұндай ережелердi қабылдау кезiнде мәтiндерi бiрдей тең болып

табылатын және әрқайсысы Конвенцияның 94 (а) бабына сәйкес тек оны

бекiткен мемлекетке қатысты ғана күшiне енуi мүмкiн ағылшын, испан және

француз тiлдерiндегi Конвенцияға түзетулер болуын ескеру қажеттiгiн

НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;


     Төмендегiлер туралы келiстi:


                                   І-бап



 
       Осы Хаттамаға қоса берiлiп отырған орыс тiлiндегi Конвенцияның мәтiнi мен оған түзетулердiң мәтiндерi ағылшын, испан және француз тiлдерiндегi Конвенцияның мәтiндерiмен және оларға түзетулермен бiрге осы төрт тiлде бiрдей тең мәтiндi құрайды.
 

                                   ІІ-бап



 
 
       Егер мемлекет - осы Хаттаманың тарабы - Конвенцияның 94 (а) бабына сәйкес Конвенцияға жасалған кез келген түзетудi бекiтсе немесе келешекте бекiтетiн болса, онда мұндай түзетулердiң орыс, ағылшын, испан және француз тiлдерiндегi мәтiндерi осы Хаттамада көзделген төрт тiлдегi бiрдей тең мәтiнге қатысты деп есептелетiн болады.
 

                                   III-бап



 
 
       1) Мемлекеттер - Халықаралық азаматтық авиация ұйымының мүшелерi:
      а) қабылдауға қатысты ескертусiз қол қою, немесе
      b) кейiн қабылдау арқылы қабылдауға қатысты ескертумен қол қою, немесе
      с) қабылдау арқылы осы Хаттаманың қатысушысы бола алады;
      2) Осы Хаттама қол қою үшiн 1977 жылғы 5 қазанға дейiн Монреальда және одан кейiн - Колумбия округы, Вашингтонда ашық күйiнде қалады;
      3) Қабылдау Америка Құрама Штаттарының Үкiметiне қабылдау туралы құжатты сақтауға тапсыру арқылы жүзеге асырылады;
      4) Осы Хаттамаға қосылу немесе осы Хаттаманы бекiту оны қабылдау ретiнде қаралады.
 

                                   IV-бап



 
 
       1) Осы Хаттама III-баптың ережелерiне сәйкес он екi мемлекет қабылдауға қатысты оған ескертусiз қол қойғаннан немесе оны қабылдағаннан кейiнгi және Конвенцияның орыс тiлiндегi мәтiнi бiрдей тең екендiгі көзделетiн Конвенцияның қорытынды ережесiне түзету күшiне енгеннен кейiнгi отызыншы күнi күшiне енедi;
      2) III-бапқа сәйкес кейiннен осы Хаттаманың Тарапы болатын кез келген

 

мемлекетке қатысты Хаттама оны қабылдауға қатысты оған ескертусiз қол

қойылған күнi немесе оны қабылдаған күнi күшiне енедi.


                                   V-бап


     Осы Хаттама күшiне енгеннен кейiн мемлекеттiң Конвенцияға кез келген

қосылуы осы Хаттаманы қабылдауы ретiнде қаралады.


                                   VI-бап


     Мемлекеттiң осы Хаттаманы қабылдауы оның Конвенцияға кез келген

түзетуді бекітуі ретінде қаралмауы тиіс.


                                   VII-бап


     Осы Хаттама күшiне енгеннен кейiн оны Америка Құрама Штаттарының

Үкiметi Бiрiккен Ұлттар Ұйымында және Халықаралық азаматтық авиация

ұйымында тiркейдi.


                                   VIII-бап


     1) Осы Хаттама Конвенция күшiнде болған кезде күшiнде қалатын болады;

     2) Осы Хаттама мемлекет Конвенцияның Тарапы болуын тоқтатқан жағдайда

ғана, ол мемлекет үшiн күшiн жояды.


                                   IХ-бап



 
       Америка Құрама Штаттарының Үкiметi барлық мемлекеттерге - Халықаралық азаматтық авиация ұйымының мүшелерiне және Ұйымның өзiне:
      а) қол қою қабылдауға қатысты ескертумен немесе ескертусiз болып табылатынын көрсету арқылы осы Хаттамаға әрбiр қол қою;
      b) қабылдау туралы әрбiр құжаттың сақтауға тапсырылғаны және оның күнi;
      с) IV-баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес осы Хаттаманың күшiне енген күнi туралы хабарлайды.
 

                                   Х-бап



 
 
       Орыс, ағылшын, испан және француз тiлдерiнде жасалған және де әрбiр

 

мәтiнi бiрдей тең болып табылатын осы Хаттама тиiстi түрде оның

куәландырылған көшiрмесiн Халықаралық азаматтық ұйымының мүшелерi -

мемлекеттердiң Үкiметтерiне жолдайтын Америка Құрама Штаттары Үкiметiнiң

мұрағаттарына сақтауға тапсырылады.


     Осыны куәландыру үшiн тиiстi түрде уәкiлеттендiрiлген төменде қол

қоюшы өкiлеттi өкiлдер осы Хаттамаға қол қойды.


     Монреальда бiр мың тоғыз жүз жетпiс жетiншi жылғы отызыншы қыркүйекте

ЖАСАЛДЫ.


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады