Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Қауіпті жүктердің халықаралық жол
тасымалы туралы еуропалық келісімге қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына
енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Қауіпті жүктердің халықаралық
жол тасымалы туралы еуропалық келісімге қосылуы туралы
Қазақстан Республикасы Женева қаласында 1957 жылғы 30 қыркүйекте
жасалған Қауіпті жүктердің халықаралық жол тасымалы туралы еуропалық
келісімге қосылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.