"1990 жылғы 27-29 маусым, Лондон, Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына түзетуге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 қаңтар N 105

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "1990 жылғы 27-29 маусым, Лондон, Озон қабатын бүлдіретін заттар

жөніндегі Монреаль хаттамасына түзетуге Қазақстан Республикасының қосылуы

туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының

Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                                    Жоба


           Қазақстан Республикасының Заңы


         1990 жылғы 27-29 маусым, Лондон, Озон

      қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль

     хаттамасына түзетуге Қазақстан Республикасының

                      қосылуы туралы


     1990 жылғы 27-29 маусымда Лондон қаласында жасалған Озон қабатын

бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына түзетуге Қазақстан

Республикасы қосылсын.


     Қазақстан Республикасының

         Президенті


              Лондон, 1990 жылғы 27-29 маусым

         Озон қабатын бүлдiретiн заттар жөнiндегі

               Монреаль хаттамасына түзету


     1-бап: Түзетулер

     А. Кiрiспенiң тармақтары

     1. Хаттама кiрiспесiнiң 6-тармағы мынадай мәтiнмен ауыстырылады:


 
       "озон қабатын бүлдiретiн бүкiл ғаламдық тастандыларды тиiсiнше реттеу жөнiндегi алдын алу шараларын қабылдау арқылы озон қабатын қорғауды қамтамасыз етуге шешiмдiлiк танытып, түпкi нәтижесiнде ғылыми бiлiм негiзiнде оларды жоюға қол жеткiзу мақсатында және техникалық және экономикалық сипаттағы пайымдауларды ескере отырып, сондай-ақ дамушы елдердiң дамуына байланысты қажеттiлiктерiн ескере отырып".
      2. Хаттама кiрiспесiнiң 7-тармағы мынадай мәтiнмен ауыстырылады:
      "дамушы елдердiң қажеттілiктерiн қанағаттандыру үшiн ерекше жағдай көздеу, осыған қоса қосымша қаржы ресурстарын беру және тиiстi технологияларға қол жеткiзу қажеттiгiн мойындай отырып, көлемiн алдын ала айтуға болатынын және осы қаражаттар мен заттар әлемдiк қауымдастықтың озон қабатының бүлiнуiнiң және осындай бүлiнудiң зияндары салдарының ғылыми анықталған проблемасын шешу мүмкiндiгiне елеулi өзгерiстер енгiзетiнiн күте отырып".
      3. Хаттама кірiспесiнiң 9-тармағы мынадай мәтiнмен ауыстырылады:
      "озон қабатын бүлдiретiн заттар тастандыларын реттеу және азайтуға қатысты балама технологияларды зерттеу, әзірлеу және берудегi халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесудiң маңыздылығын ескере отырып, атап айтқанда, дамушы елдердiң қажеттiлiктерiне назар аудара отырып".
 
      В. 1-бап: Айқындамалар
      1. Хаттаманың 1-бабының 4-тармағы мынадай тармақпен ауыстырылады:
      "4. "Реттелмеген зат" осы Хаттамаға А қосымшада немесе В қосымшада көрсетiлген, дербес түрде немесе қоспа iшiнде болатын кез келген затты бiлдiредi. Бұл ұғым тиiстi қосымшада көрсетiлген заттарды қоспағанда, осындай заттардың изомерлерiн қамтиды, бiрақ ол аталған затты тасымалдау немесе сақтау үшiн пайдаланылатын ыдысқа қарағанда, өзге нысандағы дайын өнімнің құрамдас бөлігі болып табылатын кез келген осындай заттарға немесе қоспаларға қатысты емес.".
      2. Хаттаманың 1-бабының 5-тармағы мынадай тармақпен ауыстырылады:
      "Өндіріс" Тараптардың бекітуіне жататын технологияларды қолдана отырып жойылатын заттар мөлшерін, сондай-ақ тек химиялық заттарды өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылатын заттар мөлшерін шегеріп тастағаннан кейінгі өндірілген реттелетін заттар мөлшерін білдіреді. Айналымға қайта түсірудің және есепке алынған заттар мөлшері "өндіріс" ретінде қаралмайды.
      3. Хаттаманың 1-тармағына мынадай тармақ енгізіледі:
      "9. "Өтпелі зат" осы Хаттаманың С қосымшасында көрсетілген, дербес түрде немесе қоспа ішінде болатын затты білдіреді. Бұл С қосымшасында аталған заттарды қоспағанда, осындай заттардың изомерлеріне қатысты, бірақ ол аталған заттарды тасымалдау немесе сақтау үшін пайдаланылатын ыдысқа қарағанда өзге нысандағы дайын өнімнің құрамдас бөлігі болып табылатын кез келген осындай заттарға немесе қоспаларға қатысты емес".
 
      С. 2-баптың 5-тармағында
      Хаттаманың 2-бабының 5-тармағы мынадай тармақпен ауыстырылады:
      "5. Осы Тарап үшін реттелетін заттардың кез келген тобы бойынша өндірістің жиынтық есептік деңгейі заттардың осы тобы үшін осы баптарда белгіленген өндірісті шектеу шегінен шықпайтын жағдайда, кез келген Тарап реттеудің кез келген бірлі-жарым немесе бірнеше кезеңі шеңберінде кез келген басқа Тарапқа 2А және 2Е-баптарда көрсетілген өндірістегі өзінің есептік деңгейі үлесінің кез келген бөлігін бере алады. Осы процеске қатысушы әрбір Тарап мұндай берудің қолданылу шарттары мен кезеңі туралы

 

баяндай отырып, хатшылыққа мұндай беру туралы хабарлайды.


     D. 2-баптың 6-тармағында

     2-баптың 6-тармағында "реттелетін заттар" деген сөздер бірінші рет

айтылған кезде бұл сөздердің алдында:

     "А қосымшасында немесе В қосымшасында атап өтілген" деген сөздерді

енгізу қажет.


     Е. 2-баптың 8 а) тармағында


     Хаттаманың 2-бабының 8 а) тармағында "осы баптың" деген сөздерден

кейін:

     "және 2А-2Е-баптардың" деген сөздердi енгiзу қажет.

     Ғ. 2-баптың 9 а) i) тармағында

     Хаттаманың 2-бабының 9 а) i) тармағында "А қосымшасы" деген сөздерден

кейiн:

     "және/немесе В қосымшасы" деген сөздердi енгiзу қажет.

     G. 2-баптың 9 а) ii) тармағында

     Хаттаманың 2-бабының 9 а) ii) тармағынан:

     "1986 жылдың деңгейлерiмен салыстырғанда" деген сөздер алынып

тасталсын.

     Н. 2-баптың 9 с) тармағында

     Хаттаманың 2-бабының 9 с) тармағында:


 
       "Тараптардың реттелетiн заттарды жалпы тұтынуының кемiнде елу пайызын көрсететiн" деген сөздер "5-баптың 1-тармағы шеңберiнде iс-қимыл жасайтын, дауыс беруге келiп, қатысатын Тараптардың көпшiлiгiн және дауыс беруге келiп, қатысатын, осы тармақтың шеңберiнде жұмыс iстемейтiн Тараптардың көпшiлiгiн бiлдiретiн" деген сөздермен ауыстырылады.
 

 

     І. 2-баптың 10 Ь) тармағында


     Хаттаманың 2-бабының 10 Ь) тармағы алынып тасталсын. 2-баптың 10

а) тармағы 2-баптың 10-тармағына айналады.


     J. 2-баптың 11-тармағында


     "осы бап" деген сөздерден кейiн Хаттаманың 2-бабының 11-тармағының

бүкiл мәтiнi бойынша:


     "және 2А-2Е-баптары" деген сөздердi енгiзу қажет.


     К. 2 С-бап: Басқа да толық галлоидтендiрілген ХФУ


     Мынадай тармақтар Хаттамаға 2 С-бап ретiнде енгiзiледі:

     "2 С-бап: Басқа да толық галлоидтендiрiлген ХФУ



 
       1. Әрбiр Тарап 1993 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екi ай кезең iшiнде және әрбiр кейiнгi он екi ай кезең iшiнде өзi реттеп отыратын, В қосымшада 1 топқа енгiзiлген заттарды тұтынудың жыл сайынғы есептi деңгейi оны 1989 жылы тұтынған есептi деңгейiнiң сексен пайызынан аспауын қамтамасыз етедi. Осы заттардың бiреуiн немесе бiрнешеуiн өндiретiн әрбiр Тарап осы кезеңдер iшiнде оны өндiрудiң жыл сайынғы есептi деңгейi 1989 жылы оның өндiрiлген есептi деңгейiнiң сексен пайызынан аспауын қамтамасыз етедi. Алайда, 5-баптың 1-тармағының шеңберiнде жұмыс істейтiн Тараптардың негiзгi iшкi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн оларды өндiрудiң есептi деңгейiн осы шектен асыра алады, бiрақ та ол 1989 жылы оның өндiрiлген есептi деңгейiнен оң пайыздан артық асырылмайды.
      2. Әрбiр Тарап 1997 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екi ай кезең iшiнде және әрбiр кейiнгi он екi ай кезең iшiнде өзi реттеп отыратын, В қосымшада 1 топқа енгiзiлген заттарды тұтынудың жыл сайынғы есептi деңгейi оны 1989 жылы тұтынған есептi деңгейiнiң он бес пайызынан аспауын қамтамасыз етедi. Осы заттардың бiреуiн немесе бiрнешеуiн өндiретiн әрбiр Тарап осы кезеңдер iшiнде оны өндірудiң жыл сайынғы есептi деңгейi 1989 жылы оның өндiрiлген есептi деңгейiнiң он бес пайызынан аспауын қамтамасыз етедi. Алайда, 5-баптың 1-тармағының шеңберiнде жұмыс iстейтiн Тараптардың негiзгi ішкі қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн оларды өндiрудiң есептi деңгейiн осы шектен асыра алады, бiрақ та ол 1989 жылы оның өндiрiлген есептi деңгейiнен он пайыздан артық асырылмайды.
      3. Әрбiр Тарап 2000 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екi ай кезең iшiнде және әрбiр кейiнгi он екi ай кезең iшiнде өзi реттеп отыратын, В қосымшада 1 топқа енгiзiлген заттарды тұтынудың жыл сайынғы есептi деңгейi нольдiк деңгейден артпауын қамтамасыз етеді. Осы заттардың бiреуiн немесе бiрнешеуiн өндiретiн әрбiр Тарап осы кезең iшiнде оны өндiрудiң жыл сайынғы есептi деңгейi нольдiк деңгейден артпауын қамтамасыз етедi. Алайда, 5-баптың 1-тармағының шеңберiнде жұмыс iстейтiн Тараптардың негiзгi iшкi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн оларды өндірудің есептi деңгейiн осы шектен асыра алады, бiрақ та ол 1989 жылы оның өндiрiлген есептi деңгейiнен он бес пайыздан артық асырылмайды."
 
      L. 2 D-бап: Тетрахлорметан
 
      Мынадай тармақтар Хаттамаға 2 D-бап ретiнде енгiзiледi:
 
                "2 D-бап: Тетрахлорметан
 
      1. Әрбiр Тарап 1995 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екi ай кезең iшiнде және әрбiр кейiнгi он екi ай кезең iшiнде өзi реттеп отыратын, В қосымшада ІІ топқа енгiзiлген заттарды тұтынудың жыл сайынғы есептi деңгейi оны 1989 жылы тұтынған есептi деңгейiнiң он бес пайызынан аспауын қамтамасыз етедi. Осы заттардың бiреуiн немесе бiрнешеуiн өндiретiн әрбiр Тарап осы кезеңдер iшiнде оны өндiрудiң жыл сайынғы есептi деңгейi 1989 жылы оның өндiрiлген есептi деңгейiнiң он бес пайызынан аспауын қамтамасыз етедi. Алайда, S-баптың 1-тармағының шеңберiнде жұмыс iстейтiн Тараптардың негiзгi iшкi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн оларды өндiрудiң есептi деңгейiн осы шектен асыра алады, бірақ та ол 1989 жылы оның өндiрiлген есептi деңгейiнен он пайыздан артық асырылмайды.
 
      2. Әрбiр Тарап 2000 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екi ай кезең iшiнде және әрбiр кейiнгi он екi ай кезең iшiнде өзi реттеп отыратын, В қосымшада II топқа енгiзiлген заттарды тұтынудың жыл сайынғы есептi деңгейi нольдiк деңгейден артпауын қамтамасыз етедi. Осы заттардың бiреуiн немесе бiрнешеуiн өндiретiн әрбiр Тарап осы кезең iшiнде оны өндiрудiң жыл сайынғы есептi деңгейi нольдiк деңгейден артпауын қамтамасыз етедi. Алайда, 5-баптың 1-тармағының шеңберiнде жұмыс iстейтiн Тараптардың негiзгi iшкi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн оларды өндiрудiң есептi деңгейiн осы шектен асыра алады, бiрақ та ол 1989 жылы оның өндiрiлген есептi деңгейiнен он пайыздан артық асырылмайды."
 
      М. 2 Е-бап: 1,1,1-трихлорэтан (метилхлороформ)
 
      Мынадай тармақтар Хаттамаға 2 Е-бап ретiнде енгiзiледi:
 
             "2 Е-бап: 1,1,1-трихлорэтан (метилхлороформ)
 
      1. Әрбiр Тарап 1993 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екi ай кезең iшiнде және әрбiр кейiнгi он екi ай кезең iшiнде өзi реттеп отыратын, В қосымшада III топқа енгiзiлген заттарды тұтынудың жыл сайынғы есептi деңгейi оны 1989 жылы тұтынған есептi деңгейiнен асыруын қамтамасыз етедi. Осы затты өндiретiн әрбiр Тарап осы кезеңдер iшiнде оны өндiрудiң жыл сайынғы есептi деңгейi 1989 жылы оның өндiрiлген есептi деңгейiнен аспауын қамтамасыз етедi. Алайда, 5-баптың 1-тармағының шеңберiнде жұмыс iстейтiн Тараптардың негiзгi iшкі қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн оларды өндірудің есептi деңгейiн осы шектен асыра алады, бiрақ та ол 1989 жылы оның өндiрiлген есептi деңгейiнен он пайыздан артық асырылмайды.
      2. Әрбiр Тарап 1995 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екi ай кезең iшiнде және әрбiр кейiнгi он екi ай кезең iшiнде өзi реттеп отыратын, В қосымшада III топқа енгiзiлген заттарды тұтынудың жыл сайынғы есептi деңгейi оны 1989 жылы тұтынған есептi деңгейiнiң жетпiс пайызынан аспауын қамтамасыз етедi. Осы заттардың бiреуiн немесе бiрнешеуiн өндiретiн әрбiр Тарап осы кезең iшiнде оны өндiрілуiн жыл сайынғы есептi деңгейi 1989 жылы оның өндiрiлген есептi деңгейiнiң жетпiс пайызынан аспауын қамтамасыз етедi. Алайда, 5-баптың 1-тармағының шеңберiнде жұмыс істейтiн Тараптардың негiзгi ішкi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн оларды өндiрудiң есептi деңгейін осы шектен асыра алады, бiрақ та ол 1989 жылы оның өндiрiлген есептi деңгейiнен он пайыздан артық асырылмайды.
      3. Әрбiр Тарап 2000 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екi ай кезең iшiнде және әрбiр кейiнгi он екi ай кезең iшiнде өзi реттеп отыратын, В қосымшада ІII топқа енгiзiлген заттарды тұтынудың жыл сайынғы есептi деңгейi оны 1989 жылы тұтынған есептi деңгейiнiң отыз пайызынан аспауын қамтамасыз етедi. Осы затты өндiретiн әрбiр Тарап осы кезеңдер iшiнде оны өндiрудiң жыл сайынғы есептi деңгейi 1989 жылы оның өндiрiлген есептi деңгейiнiң отыз пайызынан аспауын қамтамасыз етедi. Алайда, 5-баптың 1-тармағының шеңберiнде жұмыс iстейтiн Тараптардың негiзгi iшкi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн оларды өндiрудiң есептi деңгейiн осы шектен асыра алады, бiрақ та ол 1989 жылы оның өндiрiлген есептi деңгейінен он пайыздан артық асырылмайды.
      4. Әрбiр Тарап 2005 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екi ай кезең iшiнде және әрбiр кейiнгi он екi ай кезең iшiнде өзi реттеп отыратын, В қосымшада III топқа енгiзiлген заттарды тұтынудың жыл сайынғы есептi деңгейi нольдiк деңгейден артпауын қамтамасыз етедi. Осы затты өндiретiн әрбiр Тарап осы кезеңдер iшiнде оны өндiрудiң жыл сайынғы есептi деңгейi нольдiк деңгейден артпауын қамтамасыз етедi. Алайда, 5-баптың 1-тармағының шеңберiнде жұмыс iстейтiн Тараптардың негiзгi iшкi қажеттілiктерiн қанағаттандыру үшiн оларды өндiрудiң есептi деңгейiн осы шектен асыра алады, бiрақ та 1989 жылы оның өндiрiлген есептi деңгейiнен он бес пайыздан артық асырылмайды.
      5. Осы бапта көзделгенiмен салыстыра отырып, Тараптар қысқарту

 

кестесiн жеделдетiп орындау мүмкiндiгiн 1992 жылы қарайды".


     М. 3-бап: Реттелмелi деңгейлердi есептеу


     1. Хаттаманың 3-бабында "2-баптың" деген сөздерден кейiн:

        ", 2А-2Е-баптардың" деген сөздер енгiзiлсiн.


     2. Хаттаманың 3-бабында "А қосымшасы" деген сөздер кездескен

сайын олардың жанына:

     "немесе В қосымшасы деген сөздер қосып жазылсын.


     О. 4-бап. Тараптар болып табылмайтын мемлекеттермен сауданы реттеу


     1. Хаттаманың 4-бабының 1-5-тармақтары мынадай тармақтармен

ауыстырылсын.



 
       "1. 1990 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбiр Тарап осы Хаттаманың Тараптарының бiрi болып табылмайтын кез келген мемлекеттен А қосымшада санамаланған реттелетiн заттарды импорттауға тыйым салады.
 
      1-бис. Осы тармақ күшiне енгеннен кейiн бiр жыл iшiнде әрбiр Тарап осы Хаттаманың Тараптарының бiрi болып табылмайтын кез келген мемлекеттен В қосымшада атап көрсетiлген реттелетiн заттарды импорттауға тыйым салады.
 
      2. Әрбiр Тарап осы Хаттаманың Тараптарының бiрi болып табылмайтын кез келген мемлекеттен А қосымшада санамаланған реттелетiн заттарды экспорттауға 1993 жылғы 1 қаңтардан бастап тыйым салады.
 
      2-бис. Осы тармақ күшiне енгеннен кейiн бiр жыл өткен соң әрбiр Тарап осы Хаттаманың Тараптарының бiрi болып табылмайтын кез келген мемлекеттен В қосымшада санамаланған кез-келген реттелетiн заттарды экспорттауға тыйым салады.
 
      3. Конвенцияның 10-бабында көзделген ережелерге сәйкес 1992 жылдың 1 қаңтарына қарай Тараптар А санамаланған құрамында реттелетiн заттар бар өнiмдер тiзiмiн қосымша түрiнде әзiрлейдi. Осы қосымшаға қарсылық бiлдiрмеген Тараптар осы қосымша күшiне енгеннен кейiн бiр жыл шегiнде көрсетілген рәсiмдерге сәйкес осы Хаттаманың Тараптарының бiрi болып табылмайтын кез келген мемлекеттен осындай өнiмдердi импорттауға тыйым салады.
 
      3-бис. Осы тармақ күшiне енген күннен бастап үш жыл шегiнде Тараптар Конвенцияның 10-бабында белгiленген рәсiмдерге сәйкес В қосымшаға енгiзiлген құрамында реттелетiн заттар бар өнiмдер тiзбесiн қосымша ретiнде жасайды. Осы қосымшаға қарсылық бiлдiрмеген Тараптар осы қосымша күшiне енген сәттен бастап бiр жыл шегiнде осы рәсiмдерге сәйкес осы Хаттаманың Тараптарының бiрi болып табылмайтын кез келген мемлекеттен осындай өнiмдердi импорттауға тыйым салады.
 
      4. 1994 жылдың 1 қаңтарына қарай Тараптар А қосымшасында көрсетiлген реттелетiн заттар негiзiнде өндiрiлетiн, бiрақ өздерiнiң құрамына аталған заттар қосылмаған өнiмдердi осы хаттаманың тараптарының бiрi болып табылмайтын мемлекеттерден импорттауға тыйым салу немесе оны шектеудiң iс жүзiндегi мүмкiндiгін анықтап алады. Егер Тараптар мұндай мүмкiндiк бар деп ұйғарса, Конвенцияның 10-бабында көзделген рәсiмдерге сәйкес мұндай заттар тiзiмдерiн қосымша түрiнде әзiрлейдi. Оған қарсылық бiлдiрмеген Тараптар осы қосымша күшiне енгеннен кейiн бiр жыл шегінде көрсетiлген рәсiмдерге сәйкес осы Хаттаманың Тараптарының бiрi болып табылмайтын кез келген мемлекеттен осындай өнiмдердi импорттауға тыйым салады.
 
      4-бис. Осы тармақ күшiне енген күннен бастап бес жыл шегiнде Тараптар В қосымшасында атап көрсетiлген реттелетiн заттар негiзiнде өндiрiлетiн, бiрақ өздерiнiң құрамына аталған заттар қосылмаған өнiмдердi осы Хаттаманың Тараптарының бiрi болып табылмайтын кез келген мемлекеттерден импорттауға тыйым салу немесе оны шектеудiң іс жүзiндегi мүмкiндiгiн анықтайды. Егер Тараптар мұндай мүмкiндiк бар деп ұйғарса, Конвенцияның 10-бабында көзделген рәсiмдерге сәйкес мұндай заттар тiзiмдерiн қосымша түрiнде әзiрлейдi. Оған қарсылық бiлдiрмеген Тараптар осы қосымша күшiне енгеннен кейiн бiр жыл шегiнде көрсетiлген рәсiмдерге сәйкес осы Хаттаманың Тараптарының бiрi болып табылмайтын кез келген мемлекеттен осындай өнiмдердi импорттауға тыйым салады немесе оны шектейдi.
 
      5. Әрбiр Тарап осы Хаттаманың Тараптарының бiрі болып табылмайтын кез келген мемлекетке реттелетiн заттарды өндiруге немесе пайдалануға арналған технологияларды экспорттауды мүмкіндiгінше ынталандырмауға мiндеттенеді.
 
      2. Хаттаманың 4-бабының 8-тармағы мынадай тармақпен ауыстырылады:
      "8. Егер Тараптар Кеңесi осы мемлекет 2-баптың, 2А-2Е-баптардың және осы баптың ережелерiн толық орындады деп айқындаса және егер осы мемлекет бұл туралы мәлiметтердi 7-бапта белгiленгендей етiп ұсынса, осы баптың ережелерiне қарамастан, 1, 1-бис, 3, 3-бис, 4, 4-бис тармақтарда айтылған импортқа және 2 және 2-бис тармақтарда айтылған экспортқа осы Хаттаманың Тараптарының бiрi болып табылмайтын кез келген мемлекеттен рұқсат етiлуi

 

мүмкiн.


     3. Хаттаманың 4-бабына 9-тармақ ретiнде мынадай жаңа тармақ

енгiзіледi:

     "9. Осы баптың мақсаттары үшiн "осы Хаттаманың Тараптарының бiрi

болып табылмайтын мемлекет" деген термин осы затқа қатысты қолданылған

шараларымен байланысты болуға келiспеген экономикалық ықпалдастық жөнiндегi

мемлекеттi немесе дiни ұйымды кез келген нақты реттелмелi заттарға қатысты

меңзейдi."


     Р. 5-бап: Дамушы елдердiң ерекше жағдайы


     Хаттаманың 5-бабы мынадай мәтiнмен ауыстырылады:


 
       "1. Хаттама оның өзiне тiкелей қатысты күшiне енген күнi немесе 1999 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кез келген кезектi кезеңде А қосымшасында көрсетiлген аталған реттелмелi заттарды жыл сайынғы есептi тұтыну деңгейi 0,3 килограмнан төмен көрсеткiштi дамушы ел болып табылатын кез келген Тарап өзінiң негiзгi iшкi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында 2А-2Е-баптарда көзделген реттеу шараларының сақталуын он жыл мерзiмге кейiнге қалдыруға құқылы.
 
      2. Алайда, осы баптың 1-тармағының шеңберiнде iс-қимыл жасайтын кез келген Тарап А қосымшасында көрсетiлген реттелетiн заттарды жыл сайынғы есептi тұтыну деңгейiн халқының жан басына шаққанда 0,3 килограмнан және В қосымшасында көзделген реттелетiн заттарды жыл сайынғы есептi тұтыну деңгейiн халқының жан басына шаққанда 0,2 килограмнан асырмауға тиiс.
 
      3. Осы баптың 1-тармағының шеңберiнде iс-қимыл жасайтын кез келген Тарап 2А-2Е-баптарға сәйкес реттеу шараларын қолданған жағдайда:
 
      а) А қосымшасында көрсетiлген аталған реттелетiн заттар үшiн не 1995-1997 жылдар кезеңi iшiнде қоса алғанда, өз тұтынуының орташа жылдық деңгейiн, не халқының жан басына шаққанда 0,3 килограмм көлемде тұтынудың есептi деңгейiн, бұл деңгейлердiң төмен болуына қарай реттеу шараларын өзiнiң сақтау өлшемiн айқындау үшін негiз ретiнде;
      б) В қосымшасында көрсетiлген реттелетiн заттар үшiн не 1998-2000 жылдар кезеңi ішiнде қоса алғанда, өз тұтынуының орташа жылдық деңгейiн, не халқының жан басына шаққанда 0,2 килограмм көлемде тұтынудың есептi деңгейiн, ал бұл деңгейлердiң қайсысы төмен болуына қарай реттеу шараларын өзiнiң сақтау өлшемiн айқындау үшiн негiз ретiнде пайдалануға құқылы.
 
      4. Егер осы баптың 1-тармағы шеңберiнде іс-қимыл жасайтын кез келген Тарап 2А-2Е-баптарда көзделген реттеу шаралары жөнiндегi мiндеттемелер өзiне оның күшi қолданылғанға дейiн кез келген сәтте реттелетiн заттардың жеткiлiктi мөлшерiн алу мүмкiн емес екенiн анықтаса, ол бұл туралы хатшылықты хабарландырады. Хатшылық мұндай хабарламаның данасын дереу Тараптарға жiбередi, олар бұл мәселенi кезектi Кеңесте қарайды және тиiстi шаралар жөнiнде шешiм қабылдайды.
 
      5. 2А-2Е-баптарда көзделген реттеу шараларын сақтау жөнiндегi мiндеттемелерді осы баптың 1-тармағы шеңберiнде iс-қимыл жасайтын Тараптардың орындау қабілеттiлiгiн қамтамасыз ету және осы Тараптардың оларды жүзеге асыруы 10-бапта көзделген қаржы ынтымақтастығын тиiмдi жүзеге асыруға және 10А-бапта көзделген технологияларды беруге байланысты.
 
      6. Осы баптың 1-тармағы шеңберiнде iс-қимыл жасайтын кез келген Тарап іс жүзiнде ықтимал барлық амалдарды қолданғанына қарамастан, 10 және 10А-баптарды жеткiлiктi түрде қатаң орындамау себептi 2А-2Е-баптарда көзделген реттеу шаралары жөнiндегi мiндеттемелердiң кез келгенiн немесе барлығын өзi орындауға өзiнiң шамасы жетпейдi деп есептейтiн жөнiнде кез келген сәтте хатшылықты жазбаша нысанда хабарландыра алады хатшылық осы хабарламаның данасын дереу тараптарға жiбередi, олар бұл мәселенi кезектi Кеңесте осы баптың 5-тармағын тиiсiнше ескерiп қарайды және қажеттi шаралар туралы шешiм қабылдайды.
 
      7. Жоғарыдағы 6-тармақта аталған қажеттi шаралар туралы шешiм қабылдануға тиiс хабарлама алынған және Тараптар Кеңесiн өткізу арасында кезеңде немесе кез келген кейiнгi кезеңде Тараптар Кеңесiнiң шешiмi бойынша 8-бапта айтылған сақтамауға байланысты рәсiмдер хабарландырушы Тарапқа қолданылмайды.
 
      8. Тараптар Кеңесi осы баптың 1-тармағының шеңберiнде iс-қимыл, соның iшiнде қаржы ынтымақтастығын тиiмдi жүзеге асыратын және оларға технологияларды берудi жасайтын Тараптардың жағдайына 1995 жылдан кешiктiрмей шолу жасайды және осы Тараптарға қолданылатын реттеу шараларының кестесiне қатысты қажет деп ұйғарылуы мүмкiн кез келген қайта қарауды жүргiзедi.
 
      9. Осы баптың 4, 6 және 7-баптарында айтылған Тараптар шешiмдерi 10-баптың шеңберiнде шешiмдер қабылдауға қолданылатын рәсiмге сәйкес қабылданады.
 
      Q 6-бап: Реттеу шараларын бағалау және шолу
      Хаттаманың 6-бабында "2-бапта" деген сөздерден кейiн:
      "2А-2Е-баптарда, сондай-ақ С қосымшасындағы І топтың өтпелi заттарын өндiру, импорттау және экспорттау ережелерi," деген сөз тiркесi қосып жазылсын.
 
      R 7-бап. Мәлiметтер беру
 
      Хаттаманың 7-бабы мәтiннен ауыстырылады:
 
      "1. Тарапқа айналғаннан кейiн үш ай ішiнде әрбiр Тарап А қосымшасындағы реттелетiн заттардың әрқайсысын өзiнiң өндiруi, импорттауы және экспорттауы жөнiнде 1986 жылға арналған статистикалық мәлiметтердi, ал егер нақты деректерi болмаса, онда осындай сипаттағы ең сенiмдi деген бағалау деректерiн хатшылыққа ұсынады.
      2. Егер нақты деректер жоқ болса, В қосымшасындағы заттарға қатысты Хаттаманың ережелерi осы Тарап үшiн күшiне енген күннен кейiн үш айдан кешiктiрмей, әрбiр тарап хатшылыққа өздерiнiң өндiрiсi, В қосымшадағы реттелетiн әрбiр заттың импорты мен экспорты туралы статистикалық деректердi, сондай-ақ 1989 жылғы С қосымшасының 1 тобындағы өтпелi заттар немесе осындай сипаттағы неғұрлым сенiмдi бағалау деректерiн ұсынады.
      3. Әрбiр Тарап хатшылыққа өздерiнiң жыл сайынғы өндiрiсi туралы (1-баптың 5-тармағында белгiленгендей) және:
      - өнеркәсiп шикiзатын өндiру үшiн пайдаланылатын заттардың мөлшерi туралы,
      - Тараптар бекiткен технологияларды қолданып жойылған заттардың мөлшерi туралы,
      - Тараптардың және тиiсiнше бiр жыл iшiнде С қосымшасының 1 тобындағы әрбiр реттелетiн заттың осы заттарға қатысты ережелерiнде осы тарап үшiн және әрбiр келесi жыл үшiн күшiне енетiн тарап еместердiң импорты мен экспорты туралы статистикалық деректердi ұсынады. Деректер осы деректерге қатысты жыл аяқталғаннан кейiн тоғыз айдан кешiктiрiлмей жiберiледi.
      4. 2-баптың 8 а)-тармағының ережелерi шеңберiнде iс-қимыл жасайтын Тараптарға қатысты, осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында қамтылған импорт және экспорт туралы статистикалық деректердi ұсынуға қатысты талаптар экономикалық интеграция жөнiндегi тиiстi аймақтық ұйым осы ұйымның мүшелерi болып табылмайтын ұйымдар мен мемлекеттердiң арасындағы импорт

 

және экспорт туралы деректердi ұсынған жағдайда ғана орындалады".


     S. 9-бап: Зерделеу, әзiрлеу, жұртшылықты хабардар ету және ақпарат

алмасу


     Хаттаманың 9-бабының 1 а)-тармағы мынадай мәтiнмен ауыстырылады:

     "а) реттелетiн немесе өтпелi заттарды сақтаудың, кәдеге жаратудың,

айналымға қайта түсiрудiң немесе жоюдың қауiпсіздiгiн сақтау немесе

олардың тасталуын өзгеше түрде азайту үшiн неғұрлым жетілдiрілген

технология;".

     Т. 10-бап. Қаржыландыру тетiгi


     Хаттаманың 10-бабы мынадай тармақтармен ауыстырылады:


                "10-бап: Қаржыландыру тетiгi



 
       1. Хаттаманың 2А-2Е баптарында көзделген өздерiнiң реттеу шараларын сақтауына жәрдемдесу мақсатында осы Хаттаманың 5-бабының 1-тармағы шеңберiнде iс-қимыл жасайтын Тараптарға технологияларды берудi қоса алғанда, қаржылық және техникалық ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшiн Монреаль хаттамасының Тараптары осы тетiктi құрды. Осы тармақтың шеңберiнде iс-қимыл жасайтын Тараптарға жiберiлетiн қаржылық қаражатқа қосымша енгiзiлетiн тетiк, жарналар осы Тараптардың хаттамада көзделген реттеу шараларын орындауға мүмкiндiк жасайтын барлық келiсiлген қосымша шығыстарын жабады. Қосымша шығыстардың үлгi тiзбесiн Тараптар Кеңесi айқындайды.
      2. 1-тармаққа сәйкес құрылған тетiк Көпжақты қорды қамтиды. Ол, сондай-ақ көп жақты, аймақтық және екiжақты ынтымақтастықтың басқа нысандарын да қамти алады.
      3. Көпжақты қор:
      а) тиiстi субсидиялар немесе жеңілдiктер беру негiзiнде және Тараптар белгiлеген өлшемдерге сәйкес келiсiлген қосымша шығыстарды жабады;
      Ь) мынадай мақсаттардағы:
      i) елдер бойынша зерттеулер жүргiзу және басқа техникалық ынтымақтастық есебiнен ынтымақтастық саласындағы олардың қажеттiлiктерiн анықтау үшiн 5-баптың 1-тармағы шеңберiнде іс-қимыл жасайтын Тараптарға көмек көрсету;
      іі) осы анықталған қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн техникалық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
      іii) дамушы елдер болып табылатын Тараптарға көмек көрсету үшiн 9-бапта көзделгенiндей ақпараттар мен тиiстi материалдар тарату және семинарлар, дайындық сабақтарын жүргiзу, сондай-ақ басқа да тиiстi іс-шаралар жүргізу; және
      iv) осындай Тараптармен басқа да көпжақты, аймақтық және екiжақты ынтымақтастыққа жәрдемдесу және оны бақылау делдалдығы тетiгiнiң қызметiн қаржыландырады;
      с) Көпжақты қорға хатшылық қызмет көрсету жөнiндегi шығыстарды және сонымен байланысты қосымша шығыстарды қаржыландыруды жүзеге асырады.
 
      4. Көпжақты қор Тараптардың басшылығымен жұмыс iстейдi, ол қор саясатының жалпы бағыттарын айқындайды.
 
      5. Тараптар Көпжақты қордың мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қаражатқа иелiк етудi қоса алғанда, нақты жедел саясатты басшылыққа алатын қағидаттар мен әкiмшілiк шараларды әзiрлеу мен жүзеге асыру үшiн Атқару комитетiн құрады. Атқару комитетi өзiнiң мiндеттерi мен функцияларын Тараптар мақұлдаған істi жүргiзу шеңберiне сәйкес Халықаралық қайта құру және даму банкiмен (Дүниежүзiлiк банк), Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөнiндегi бағдарламасымен, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен немесе олардың құзыретіндегi салаларға қарай басқа да тиiстi мекемелермен ынтымақтастықта және соның жәрдемдесуiмен орындайды. 5-баптың 1-тармағының шеңберiнде iс-қимыл жасайтын және iс-қимыл жасамайтын Тараптардың теңдестiрiлген өкiлдiктерi негiзiнде сайланатын Атқару комитетiнiң мүшелерiн Тараптар мақұлдайды.
      6. Көпжақты қор 5-баптың 1-тармағының шеңберiнде iс-қимыл жасамайтын Тараптар жарнамаларының есебiнен өтiмдi валютамен немесе белгiлi бiр жағдайларда, қызмет көрсетулермен және/немесе Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жарналарының мөлшерi негiзiнде ұлттық валютамен қаржыландырылады. Басқа Тараптардың жарналары ынталандырылады. Екiжақты және Тараптардың шешiмi негiзiнде келiсiлген ерекше жағдайларда, аймақтық ынтымақтастық, белгiлi бiр пайыздық үлеске дейiн және Тараптар белгiлеген кез келген өлшемдерге сәйкес мұндай ынтымақтастық кемiнде:
      а) осы Хаттаманың сақталуына қатаң байланысты болған;
      Ь) қосымша ресурстардың түсуiн қамтамасыз еткен; және
      с) келiсiлген қосымша шығыстарды жапқан жағдайларда, Көпжақты қорға жарна ретiнде қаралуы мүмкiн.
 
      7. Тараптар Көпжақты қордың әрбiр қаржылық кезеңге арналған бағдарламалық бюджетiн бекiтедi және жекелеген Тараптар жарналарының мөлшерiн пайызбен белгiлейдi.
 
      8. Көпжақты қор шеңберiндегi қаражат бенефициар болып табылатын Тараппен келiсiм бойынша бөлiнедi.
 
      9. Осы бапқа байланысты Тараптардың шешiмдерi мүмкiндiгiне қарай

 

бәтуамен қабылданады. Егер барлық күш-жiгер жұмсалғанымен, уағдаластыққа

қол жеткiзiлмесе, шешiм Тараптар жағынан қатысып отырғандар мен дауысқа

қатысушылардың үштен екi көпшiлiк даусымен қабылданады.

     10. Осы бапта белгiленген қаржыландыру тетiктi басқа да табиғат

қорғау проблемаларын шешу үшiн әзiрленуi мүмкiн әлдебiр өзге

уағдаластықтарды кемсiтпейдi.


     U. 10 А-бап: Технологияны беру


     Хаттамаға 10 А-бап ретiнде мынадай бап қосып жазылсын:


                  "10 А-бап: Технологияны беру


     Әрбiр Тарап:


 
       а) экологиялық жағынан қауiпсiз, қолда бар ең жақсы алмастырғыштар

 

және сонымен байланысты технологиялар 5-баптың 1-тармағы шеңберiнде

iс-қимыл жасайтын Тараптарға дереу берiлуiн; және

     Ь) а) тармақшасында аталған технологияны берудің әдiл және неғұрлым

қолайлы жағдайда жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін қаржы тетiгiмен

қолдау көрсетiлетiн, бағдарламалармен үйлесетiн барлық ықтимал шараларды

қабылдайды".


     V 11-бап: Тараптардың Кеңестерi

     Монреаль хаттамасы 11-бабының g) тармағы мынадай мәтiнмен

ауыстырылады:

     "g) 6-бапқа сәйкес реттеу шараларын және өтпелi заттарға қатысты

ереженi қарайды;".



 
       W. 17-бап: Хаттамаға ол күшiне енгеннен кейiн қосылған Тараптар

 

17-баптағы ", сондай-ақ бойынша" деген сөздерден кейiн:

     "2А-2Е-баптарына және" деген сөздер қосып жазылсын.


     Х 19-бап: Шығу

     Хаттаманың 19-бабы мынадай тармақпен ауыстырылады:

     "Кез келген Тарап Депозитарийге жазбаша хабарлай отырып 2А-баптың

1-тармағында көрсетiлген мiндеттемелердi қабылдағаннан кейiн төрт жыл

өткен соң кез келген сәтте осы Хаттамадан шыға алады. Кез келген осындай

шығу Депозитарий шығу туралы хабарды алған күннен кейiн бiр жыл өткен соң

немесе шығу туралы хабарламада көрсетiлуi мүмкiн осындай келесi күнi

күшiне енедi".


     Y. Қосымша

     Хаттамаға мынадай қосымшалар қоса тіркеледі:


                   В. қосымша: Реттелетін заттар


     Топ           Заттар          Озон қиратқыштық қабілеті


     І топ        

     CF3CI         (ХФУ-13)        1,0

     C2FCI5        (ХФУ-111)       1,0    

     C2F2CI4       (ХФУ-112)       1,0

     C3FCI7        (ХФУ-211)       1,0

     C3F2CI6       (ХФУ-212)       1,0    

     C3F3CI5       (ХФУ-214)       1,0    

     C3F4CI4       (ХФУ-214)       1,0

     C3F5CI3       (ХФУ-215)       1,0    

     C3F6CI2       (ХФУ-216)       1,0   

     C3F7CI        (ХФУ-217)       1,0

     ІІ топ

     ССl4          тетрахлорметан  1,1


     С2Н3Сl3*      1,1,1-          0,1

                   тетрахлорэтан

                   (метилхлороформ)


     *Осы формуланың 1,1,2-трихлорэтанға қатысы жоқ


                С қосымша: Өтпелі заттар


     Топ        Заттар         Топ          Заттар


     І топ


     CHFCl2     (ГХФУ-21)      C3HF5Cl3     (ГХФУ-225)

     CHF2Cl     (ГХФУ-22)      C3HF6Cl      (ГХФУ-226) 

     CH2FCl     (ГХФУ-31)      C3H2FCl5     (ГХФУ-231)  

     C2HFCl4    (ГХФУ-121)     C3H2F2Cl4    (ГХФУ-232)          

     C2HF2Cl3   (ГХФУ-122)     C3H2F3Cl3    (ГХФУ-233)

     C2HF3Cl2   (ГХФУ-123)     C3HF3Cl2     (ГХФУ-234)

     C2HF4Cl    (ГХФУ-124)     C3H2F4Cl2    (ГХФУ-235)

     C2H2FCl3   (ГХФУ-131)     C3H2F5Cl     (ГХФУ-241)

     C2H2F3Cl2  (ГХФУ-132)     C3H3FCl4     (ГХФУ-242)

     C2H2F3Cl   (ГХФУ-133)     C3H3F2Cl3    (ГХФУ-243)

     C2H3FCl2   (ГХФУ-141)     C3H3F3Cl2    (ГХФУ-244)

     C2H3F2Cl   (ГХФУ-142)     C3H3F4Cl     (ГХФУ-251)   

     C2H4FCl    (ГХФУ-151)     C3H4FCl3     (ГХФУ-252)

     C3HFCl6    (ГХФУ-221)     C3H4F3Cl     (ГХФУ-253)

     C3HF2Cl5   (ГХФУ-222)     C3H5Cl2      (ГХФУ-261)

     C3HF3Cl4   (ГХФУ-222)     C3H5F2Cl     (ГХФУ-262)

     C3HF4Cl3   (ГХФУ-223)     C3H6FCl      (ГХФУ-271)


     2-бап: Күшіне ену



 
       1. Осы түзету Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының Тараптары болып табылатын экономикалық интеграция жөніндегі мемлекеттердің немесе аймақтық ұйымдардың түзетулерін бекіту, қабылдау немесе мақұлдау туралы кемінде жиырма құжатты сақтауға өткізу шарты мен 1992 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді. Егер осы күнге қарай көрсетілген шарт орындалмаса, түзетулер осы шартты орындалған сәттен бастап тоқсаныншы күні күшіне енеді.
 
      2. Экономикалық интеграция жөніндегі әлдебір аймақтық ұйым сақтауға

 

берген кез келген мұндай құжат 1-тармақтың мақсаты үшін осындай ұйымға

мүше мемлекеттер сақтауға өткізген құжаттарға қатысы бойынша қосымша болып

саналмайды.


     3. Осы түзету күшіне енгеннен кейін 1-тармақта көзделгеніндей бекіту,

қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өзінің құжатын сақтауға өткізген

сәттен бастап тоқсаныншы күні ол хаттаманың кез келген басқа да тараптары

үшін күшіне енеді.


     Министрдің міндетін

         атқарушы




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады