Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан- француз үкіметаралық жұмыс тобының бесінші мәжілісінің (Алматы қаласы, 2000 жылғы 4-5 қазан) хаттамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 қаңтар N 131

      Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-француз үкіметаралық жұмыс тобының бесінші мәжілісінің хаттамасын іске асыру және қазақстан-француз ынтымақтастығын одан әрі дамыту мен кеңейтуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-француз үкіметаралық жұмыс тобының бесінші мәжілісінің (Алматы қаласы, 2000 жылғы 4-5 қазан) хаттамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан

 

Республикасының мемлекеттік органдары (келісім бойынша) және өзге де

мүдделі ұйымдар Жоспарда көзделген іс-шараларды орындау жөнінде шаралар

қабылдасын.

     3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Жоспардың

орындалу барысы туралы кемінде тоқсанына бір рет Қазақстан Республикасының

Үкіметін хабардар етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                       Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                       2001 жылғы 25 қаңтардағы

                                       N 131 қаулысымен бекітілген


     Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-француз үкіметаралық

     жұмыс тобының бесінші мәжілісінің (Алматы қаласы, 2000 жылғы 4-5     

            қазан) хаттамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар

                                 жоспары


___________________________________________________________________________

N          Іс-шараның атауы            Орындалу     Жауапты орындаушылар

р/р                                      мерзімі

___________________________________________________________________________

1               2                         3                  4

___________________________________________________________________________

1  "СИИФ Енерджи" француз компаниясымен  2001 ж.   Қазақстан Республикасы.

   Атырау және Маңғыстау облыстарында    ІІ тоқсан ның Энергетика және ми.

   ілеспе газды пайдаланып оның газтур.            нералдық ресурстар ми.

   биналық станцияларының құрылысын                нистрлігі, Қазақстан

   салуға қатысуы туралы мәселені пысық.           Республикасының Сыртқы

   тау                                            істер министрлігі, Атырау

                                                   облысының әкімі, Маңғыс.

                                                   тау облысының әкімі,

                                                   "ҚазТрансОйл" мұнай

                                                   тасымалдау жөніндегі   

                                                   ұлттық компаниясы ЖАҚ

                                                  (бұдан әрі - "ҚазТранс  

                                                   Ойл" МТҰК), "Қазақойл"

                                                   ұлттық мұнай-газ компа.

                                                   ниясы ЖАҚ (бұдан әрі -

                                                   "Қазақойл" ҰМК)

___________________________________________________________________________

2  Француз тарапымен бірлесе отырып,     2001 ж.   Қазақстан Республикасы.

   "Вивенди Уотерс" компаниясының қаты.  І тоқсан  ның Энергетика және ми.

   суымен Батыс Қазақстанда суағар жоба.           нералдық ресурстар ми.

   сының (Астрахань-Маңғышлақ су құбыры)           нистрлігі, Қазақстан

   техникалық-экономикалық негіздемесін            Республикасының Сыртқы

   әзірлеу үшін Француз Республикасы Үкі.          істер министрлігі,

   метінің грант бөлу мүмкіндігін қарау            Қазақстан Республикасы.

                                                   ның Табиғи ресурстар

                                                   және қоршаған ортаны

                                                   қорғау министрлігі,

                                                   Қазақстан Республикасы.

                                                   ның Экономика және     

                                                   сауда министрлігі,

                                                   "ҚазТрансОйл" МТҰК

___________________________________________________________________________

3  "ТотальФинаЭльф"француз компаниясымен 2001 жыл  Қазақстан Республикасы.

   бірлесе отырып, Иран Ислам Республи.  бойы      ның Энергетика және ми.

   касының аумағы арқылы мұнай құбыры              нералдық ресурстар ми.

   құрылысы жобасының ТЭН-ін әзірлеуге             нистрлігі, Қазақстан

   оның қатысуы жөніндегі жұмысты жалғас.          Республикасының Сыртқы

   тыру (өткен жылғы 29 маусымда қол               істер министрлігі,

   қойылған екі жақты хаттамаға сәйкес)            "ҚазТрансОйл" МТҰК

___________________________________________________________________________

4  Мұнай-газ инфрақұрылымын дамыту сала. 2001 ж.   Қазақстан Республикасы.

   сында "Қазақойл" ҰМК-ның "Буиг Офшор" ІV тоқсан ның Энергетика және ми.

   компаниясымен бірлескен ынтымақтас.             нералдық ресурстар ми.

   тығын кеңейту мәселесін пысықтау                нистрлігі, "Қазақойл"

                                                   ҰМК

___________________________________________________________________________

5  "ЖТМШ", "Шнайдер Электрик" компания.  2001 ж.   Қазақстан Республикасы.

   ларымен Қазақстанның энергетикалық    ІІ тоқсан ның Энергетика және ми.

   жүйесін жаңарту жөніндегі жобаны жү.            нералдық ресурстар ми.

   зеге асыру мүмкіндігін қарау                    нистрлігі, "КЕГОК" ААҚ

___________________________________________________________________________

6  Еуропалық Одақ елдеріне Қазақстаннан  2001 ж.   Қазақстан Республикасы.

   ферросилицийдің импортына демпингке   ІІІ тоқ.  ның Энергетика және ми.

   қарсы баждарды алып тастау мәселесі   сан       нералдық ресурстар ми.

   жөнінде француз тарапымен жұмысты               нистрлігі, Қазақстан

   жалғастыру                                      Республикасының Сыртқы

                                                   істер министрлігі

___________________________________________________________________________

7  Қазақстан үшін болат өнімдерінің      2001 ж.   Қазақстан Республикасы.

   экспортына Еуропалық Одақтың қолда.   ІІІ тоқ.  ның Энергетика және ми.

   ныстағы квотасын ұлғайту туралы мә.   сан       нералдық ресурстар ми.

   селе жөнінде француз тарапымен жұ.              нистрлігі, Қазақстан

   мысты жалғастыру                                Республикасының Сыртқы

                                                   істер министрлігі

___________________________________________________________________________

8  Жекешелендіру процесін жүргізуде кон. 2001 жыл  Қазақстан Республикасы.

   салтинг қызметтерін көрсетуге жасал.  бойы      ның Қаржы министрлігі,

   ған шарттар бойынша "БНП-Париба"                Қазақстан Республикасы.

   және "Банекси" француз банктері ал.             ның Сыртқы істер минис.

   дындағы қазақстан тарапының қарызда.            трлігі

   рын жою жөнінде ұсыныстар енгізу

___________________________________________________________________________

9  Француз тарапымен Тараз қаласындағы   2001 жыл  Қазақстан Республикасы.

   сарқынды суларды тазарту жобасын      бойы      ның Экономика және сау.

   қаржыландыру үшін Француз Республи.             да министрлігі, Қазақ.

   касы Үкіметінің жеңілдікті заемын               стан Республикасының

   бөлу мүмкіндігін пысықтау                       Энергетика және мине.

                                                   ралдық ресурстар минис.

                                                   трлігі, Қазақстан Рес.

                                                   публикасының Сыртқы

                                                   істер министрлігі

___________________________________________________________________________

10 ҚР тау-кен саласында "Кожема" француз 2001 жыл  Қазақстан Республикасы.

   компаниясының қатысуымен Мойынқұм     бойы      ның Энергетика және ми.

   уран кенішін пайдалану жобасы бойын.            нералдық ресурстар ми.

   ша инвестициялық ынтымақтастықты одан           нистрлігі, Қазақстан

   әрі дамыту жөніндегі жұмысты жалғас.            Республикасының Сыртқы

   тыру                                            істер министрлігі,

                                                   "Қазатомөнеркәсіп" ұлт.

                                                   тық атом компаниясы ЖАҚ

___________________________________________________________________________

11 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен 2001 ж.   Қазақстан Республикасы.

   Француз Республикасы Үкіметінің ара.  І тоқсан  ның Қаржы министрлігі,

   сындағы Павлодар қаласында сынаппен             Қазақстан Республикасы.

   ластану ошағын сынаптан тазарту және            ның Сыртқы істер минис.

   жою жобасын қаржыландыру туралы хат.            трлігі, Павлодар қаласы.

   таманы күшіне енгізу жөніндегі мемле.           ның әкімі

   кетішілік рәсімдерді орындау

___________________________________________________________________________

12 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен 2001 ж.   Қазақстан Республикасы.

   Француз Респубикасының Үкіметі ара.   І тоқсан  ның Қаржы министрлігі,

   сындағы Алматы қаласын сумен жабдық.            Қазақстан Республикасы.

   тау және су қашыртқы жүйесін қайта              ның Сыртқы істер минис.

   құру және жаңғырту жобасын қаржылан.            трлігі, Алматы қаласы.

   дыру туралы хаттаманы күшіне енгізу             ның әкімі

   жөніндегі мемлекетішілік рәсімдерді

   орындау

___________________________________________________________________________

13 "Женераль дез О-СОЖЕА" компаниясы.    2001 ж.   Астана қаласының әкімі

   ның Вячеслав су қоймасынан Астана     І тоқсан

   қаласының сүзгі станциясына дейінгі

   су ағарының үшінші желісі бойынша

   түпкілікті шешім қабылдау және фран.

   цуз тарапымен осы мәселе жөнінде ымы.

   ралық нысандарды талқылау

___________________________________________________________________________

14 "Матра және Серека" француз консорци.  2001 ж.   Қазақстан Республикасы.

   умымен бірлесіп ұлттық жер кадастры.   ІV тоқ.   ның Жер ресурстарын

   ның автоматтандырылған жүйесін құру    сан       басқару жөніндегі

   жөніндегі жобаны әзірлеу және енгі.    2002-     агенттігі

   зу:                                    2004 жж.

   1-кезең - жобаның техникалық-экономи.

   калық негіздемесін әзірлеу

   2-кезең - жобаны енгізу жөніндегі ұсы.

   ныстарын қарау

___________________________________________________________________________

15 "Тараз қаласындағы биологиялық тазар.  2001 жыл  Қазақстан Республикасы.

   ту станциясының құрылысы" және "Ертіс  бойы      ның Табиғи ресурстар

   өзенінің бассейнін сауықтыру" жоба.              және қоршаған ортаны

   ларын іске асыру мүмкіндігін қарас.              қорғау министрлігі,

   тыру                                             Қазақстан Республикасы.

                                                    ның Экономика және

                                                    сауда министрлігі,

                                                    Қазақстан Республикасы.

                                                    ның Қаржы министрлігі,

                                                    Жамбыл облысының әкімі

___________________________________________________________________________

16 "Систра" және "Альстом" компаниялары.  2001 жыл  Қазақстан Республикасы.

   ның қатысуымен Астана қаласы мен       бойы      ның Көлік және коммуни.

   Алматы қаласы арасындағы темір жол               кациялар министрлігі,

   учаскесінде жолаушылар қозғалысын                "Қазақстан темір жолы"

   жақсарту жобасының техникалық-эконо.             республикалық мемле.

   микалық негіздемесін әзірлеу                     кеттік кәсіпорны

___________________________________________________________________________

17 "БЮЛЬ" компаниясымен бірлесіп, Қазақ.  2001 жыл  Қазақстан Республикасы.

   стан Республикасы салық полициясының   бойы      ның Мемлекеттік кіріс

   орталық және аймақтық бөлімшелерінің             министрлігі, Қазақстан

   компьютерлік жүйелерін жаңғырту жоба.            Республикасының Сыртқы

   сын жүзеге асырудың мүмкіндігін                  істер министрлігі

   қарау

___________________________________________________________________________

18 Француз тарапымен Еуропалық Одақ ел.   2001 жыл  Қазақстан Респубикасы.

   деріне уылдырықтар мен балық өнім.     бойына    ның Табиғи ресурстар

   дерін экспорттаушы-елдердің тізіміне             және қоршаған ортаны

   Қазақстанды енгізу туралы мәселе                 қорғау министрлігі,

   жөнінде жұмысты жалғастыру                       Қазақстан Республикасы.

                                                    ның Экономика және    

                                                    сауда министрлігі,

                                                    Қазақстан Республикасы.

                                                    ның Ауыл шаруашылығы

                                                    министрлігі, Қазақстан

                                                    Республикасының Энер.

                                                    гетика және минералдық

                                                    ресурстар министрлігі,

                                                    Қазақстан Республикасы.

                                                    ның Сыртқы істер      

                                                    министрлігі          

___________________________________________________________________________

19 Әуе қорғанысы жүйелерін жаңғырту      2001 жыл   Қазақстан Республикасы.

   жобаларын іске асыруға, қазіргі за.   бойы       ның Қорғаныс министрлі.

   манғы байланыс құралдарының жеткі.               гі, Қазақстан Респу.

   зіліміне, әскери ұшақтардың бортты               бликасының Ішкі істер

   авионикасын жаңғыртуға (қол қойыл.               министрлігі

   ған хаттамаларға сәйкес) "Талес"

   француз компаниясының ұсыныстарын

   қарау

___________________________________________________________________________

20 Қазақстан Республикасының арнаулы     2001 жыл   Қазақстан Республикасы.

   органдары үшін жабдықтар жеткізілі.   бойы       ның Ұлттық қауіпсіздік

   мі жөнінде "Софема", "Матра" және                комитеті (келісім

   "БЮЛЬ" компанияларымен жобаларды                 бойынша)

   жүзеге асыру жөніндегі жұмысты

   жалғастыру

___________________________________________________________________________


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады