Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"2000 жылғы 1 қарашаға сәйкес келетін Қыжыраның 1421 жылғы Шабан айының 5 күні қол қойылған N 1/369 Заемға Қазақстан Республикасы мен Сауд Даму Қоры арасындағы Заем туралы келісімді ("Қарағанды-Астана жолы" жобасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
2000 жылғы 1 қарашаға сәйкес келетін Қыжыраның 1421 жылғы
Шабан айының 5 күні қол қойылған N 1/369 Заемға Қазақстан
Республикасы мен Сауд Даму Қоры арасындағы Заем туралы келісімді
("Қарағанды-Астана жолы" жобасы) бекіту туралы
2000 жылғы 1 қарашаға сәйкес келетін Қыжыраның 1421 жылғы Шабан
айының 5 күні Астана қаласында қол қойылған N 1/369 Заемға Қазақстан
Республикасы мен Сауд Даму Қоры арасындағы Заем туралы келісімді
("Қарағанды-Астана жолы" жобасы) бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Сауд Арабиясы Корольдігі
Сауд Даму Қоры
Сауд Даму Қоры
мен
Қазақстан Республикасы
арасындағы
Заем туралы келісім
("Қарағанды-Астана жолы" жобасы)
N 1/369 Заем
2000 жылғы 1 қарашаға сәйкес келетін
Қыжыраның 1421 жылғы Шабан айының 5 күні қол қойылды
N 1/369 Заем
Заем туралы келісім
1) Жоғары мәртебелi Юсуф Бин Ибрагим Аль-Басам ұсынып отырған (бұдан
әрi "Қор" деп аталатын) САУД ДАМУ ҚОРЫ, ЭР-Рияд, Сауд Арабиясы Корольдiгi
мен
2) Жоғары мәртебелi Болат Жәмiшев Мырза ұсынып отырған (бұдан әрi "Заемшы" деп аталатын) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ арасындағы қыжыраның 1421 жылғы Шабан айының 5 күнгi КЕЛIСIМ 2000 жылғы 1 қарашаға сәйкес келедi.
КIРIСПЕ БӨЛIМ
(А) Заемшы сипатталуы осы Келiсiмнiң N (2) қосымшасында келтiрiлген "Қарағанды-Астана жолы" жобасын (бұдан әрi "Жоба" деп аталады) қаржыландыруға көмек көрсету үшiн Заем беру туралы Қорға өтiнiш жасағанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
(В) Заемшы Ислам Даму Банкінен (бұдан әрi "ИДБ" деп аталады) Заемшы мен ИДБ арасында 2000 жылғы 29 ақпанда жасалған Заем туралы келiсiмнiң (бұдан әрi "ИДБ заемы туралы келiсiм" деп аталады) шарттары мен ережелерi негiзiнде Жобаның бөлiгiн қаржыландыруға көмек көрсету үшiн жиырма миллион (20,000,000) АҚШ доллары сомасында заем алғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
(С) Дамушы елдерге олардың экономикасын дамытуда көмек көрсету және олардың жобалары мен даму бағдарламаларын орындау үшін талап етiлетiн заемдар беру Қордың мақсаты болып табылатынын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
(D) Қор Жобаның маңыздылығына және оның Қазақстанның достық ықыласты
халқының экономикалық дамуына игi әсер ететiніне кәмiл сенетiнін НАЗАРҒА
АЛА ОТЫРЫП; және
(Е) Қордың Директорлар Кеңесi жоғарыда айтылғандарды ескере отырып,
өзiнiң N 6/73/819 шешiмiмен Заемшыға төменде сөз болып отырған шарттар мен
ережелер негiзiнде Заем беруге келiсiм бергенiн НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
ОСЫМЕН; ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДАРДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП;
тараптар мыналар туралы келiстi:
I БАП
Жалпы Шарттар; Анықтамалар
1.01-Бөлiм
Осы Келiсiмде Тараптар Қордың директорлар Кеңесiнiң 1976 жылғы 26 шiлдеге сәйкес келетiн Қыжыраның 1396 жылғы Раджаб айының 29 күнгi N 11/14 шешiмi бойынша жарық көрген Қордың Заем туралы келiсiмдерiнде қолданылатын Негiзгі Шарттардың барлық ережелерiн, егер олар осы Келiсiмде (Қордың Заем туралы келiсiмiнде қолданылатын, бұдан әрi "Жалпы Шарттар" деп аталатын жоғарыда аталған Жалпы шарттар) толық баяндалса, сондай күшпен және қолданыспен қабылдайды.
1.02-Бөлiм
Анықтамасы осы Келiсiмнiң Жалпы Шарттарында және Кірiспе Бөлiгiнде
берiлетiн бiрқатар терминдер осы Келiсiмде пайдаланылған әрбiр жағдайда,
егер контексте өзгеше көзделмесе, тиiсiнше оларда көрсетiлген мағынаға ие
болады және "Министрлiк" термин Заемшының Көлiк және Коммуникациялар
министрлiгiн бiлдiредi.
II БАП
Заем
2.01-Бөлiм
Қор Заемшыға Заем туралы келiсiмде сөз болған немесе айтылатын шарттар мен ережелерде қырық бес миллион (45,000,000) Сауд Арабиясы риалы сомасына Заем беруге келiстi.
2.02-Бөлiм
Заемның сомасы осы Келiсiмнiң N (1) Қосымшасының ережелерiне сәйкес және осындай Қосымшаға Қор мен Заемшы арасындағы келiсiм бойынша дүркiн-дүркiн түзетулер енгiзiлуi мүмкiн және Сауд Даму Қорының Жоба үшiн талап етiлетiн және заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен қызметтердiң тиiстi құнын қатысты орын алатын шығыстары (немесе, егер оған Қор келiсiм берсе, алдағы тұрған шығыстар) үшiн Заем Қаражаты Шотынан Алу Рәсiмiне сәйкес Заемның Шотынан алынуы мүмкiн.
2.03-Бөлiм
Заемшы Заем қаражатын тек Жобаны орындау үшiн талап етiлетiн тауарлар мен қызметтердiң тиiстi құнын қаржыландыру үшiн ғана қолданады. Заемшы үшiн осындай тауарлар мен қызметтердi сатып алу Қордың Тауарлар мен Қызметтер Сатып алу және Техникалық Есептiлiкке Қатысты Ережелерiне сәйкес
жүргiзiледi. Заемшы 3аемның қаражатынан қаржыландырылатын келiсiм-шарттар
жасасу алдында және де оларға болашақта кез келген елеулі өзгерiстер енгiзу
алдында Қордың мақұлдауын алады.
2.04-Бөлiм
2004 жылдың 30 маусымы немесе Қор белгiлейтiн осындай неғұрлым
кеш мерзiм Қорытынды күн болып табылады. Қор осындай неғұрлым кеш мерзiм
туралы Заемшыны дереу хабардар етедi.
2.05-Бөлiм
Заемшы шоттан алынған және ол бойынша дүркін-дүркiн төлемге
ұсынылмаған сомасы бар Заемның негiзгi сомасы бойынша жылына үш пайыз
ставкамен Заем бойынша Пайыздар төлейдi.
2.06-Бөлiм
Заем бойынша Пайыздар және басқа да сома әрбiр жылдың әрбiр жарты
жылында 31 мамырында және 30 қарашасында төленедi.
2.07-Бөлiм
Ұзақтығы бес жыл жеңiлдiктi кезеңдi қоса алғанда, Заемның мерзiмi
жиырма жылды құрайды. Заемшы осы Келiсiмге N (3) Қосымшасында ұсынылатын
Борышты Өтеу Кестесiне сәйкес Заемның негiзгі сомасын бөлiп-бөлiп өтейдi.
ІІI БАП
Жобаны орындау
3.01-Бөлiм
(а) Заемшы Жобаны тиiстi талаптарды сақтап және қолданылып жүрген техникалық, қаржылық және әкiмшiлiк іс-тәжiрибеге сәйкес белгiленген нәтижелерге қол жеткізе отырып, Министрлiк арқылы орындайды және қажет болған жағдайда Жобаның мақсаты үшiн қажеттi қаражатты, объектiлердi және басқа да ресурстарды дереу бередi немесе берiлуiн қамтамасыз етедi.
(b) Заемшы Министрлiкке осылайша және қажет болған кезде осы Заемның қаражатына Жобаны орындау үшiн талап етiлетiн қосымша басқа барлық қаражатты (оның ішiнде, Жобаны жүзеге асыруға арналған осы Келiсiмге қол қою сәтiнде оған жұмсалатын сметалық шығындардан тыс шығындарды кез келген ұлғайтуды жабуға қажет болуы ықтимал кез келген қаражат) дереу бередi. Барлық осындай сомалар Қор үшiн ыңғайлы шарттар мен ережелер негiзiнде
берiледi.
3.02-Бөлiм
Заемшы оларды дайындағаннан кейiн дереу Қорға жоспарларды, техникалық
жағдайларды, есептерді, келiсiм-шарттың құжаттарын және құрылыс
жұмыстарының және Жоба үшiн сатып алулардың кестелерiн және Қор олар
туралы сұратқан кез келген оларды өзгерiстер мен оларға толықтыруларды Қор
олар туралы сұратқан мейлiнше егжей-тегжейлiкпен ұсынады.
3.03-Бөлiм
Жобаны орындауға бақылау жасау үшiн Заемшы бiлiктілiгi мен тәжiрибесi
Қордың жұмысы үшiн ыңғайлы консультант-мамандарды тағайындайды.
3.04-Бөлiм
Жобаны орындау кезiнде Заемшы Қорға қолайлы шарттар мен ережелерде
Қорға қолайлы мердiгерлердi жалдайды.
3.05-Бөлiм
Заемшы Жобаны жүзеге асыруға арналған шығындардағы өзiнiң үлесiн өтеу үшiн тиiстi жылдық бюджеттiк аударымдар жасауға мiндеттенедi. Заемшы Жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын шығындардың жергілiктi компонентiн қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
3.06-Бөлiм
Заемшы Заем қаражатынан қаржыландырылатын, әкелiнетiн тауарларды, оларды сатып алуға, пайдалану немесе орнату жерiне тасымалдауға және жеткiзуге байланысты қатерден сақтандыруды қамтамасыз етедi және осындай сақтандыру бойынша кез келген өтемi Заемшының осындай тауарларды алмастыруға немесе жөндеуге еркiн пайдаланатын валютада төленуi тиiс.
3.07-Бөлiм
3аемшы Заем қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар мен қызмет көрсетулердi тек қана Жобаның орындауға пайдалануды қамтамасыз етедi.
3.08-Бөлiм
Заемшы:
а) Жобаның орындалу барысын көрсету (оның шығыстарын қоса алғанда), Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен қызмет көрсетулер және Жобада олардың пайдаланылуын ашу және Жобаға қатысты барлық операцияларды, ресурстарды және шығыстарды көрсету жөнiнде белгiленген талаптарға жауап беретiн жазбаларды жүргiзуге;
b) Қордың тiркелген өкiлдерiне Заемға байланысты Жобаның орындалуын тексеру үшiн іссапарға шығу, Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi пайдалануды тексеру үшiн іссапарға шығу мақсатында барлық қажеттi мүмкіндiктердi және осы мәселелерге қатысы бар кез келген жазбалар мен құжаттарды ұсынуға;
с) Жобаға, Заем қаражатының жұмсалуына және осындай қаражаттан
қаржыландырылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерге қатысты Қор негіздеп
сұрайтын барлық осындай ақпаратты Қорға ұсынуға мiндеттi.
3.09-Бөлiм
Заемшы Жобаның орындалуы үшiн талап етілетiн барлық осындай жер
учаскелерiн және жер учаскелерi жөнiндегi құқықты сатып алуға қажеттi
барлық шараларды қолданады.
IV БАП
Айрықша мiндеттемелер
4.01-Бөлiм
а) Заемшы және Қор ешқандай сыртқы борыш мемлекеттiк мүлiк бойынша пайда болатын борыштар үшiн мүлiктi ұстап қалу құқығы түрiнде Заемға байланысты қандай да болмасын артықшылық құқықты пайдалана алмайды. Осы мақсатта Заемшы, Қор өзгеше шешiм қабылдамаған жағдайлардан басқа, егер Заемшының қандай да болмасын мүлкiне байланысты кез келген сыртқы борышты қамтамасыз ету ретiнде қандай да болмасын борышы үшiн мүлiктi ұстап қалу құқығы пайда болса, осындай құқық сол фактiнiң өзiне байланысты және Қордың Қордың тарапынан шығын шығармай-ақ тең және мөлшерлес түрде Заемның негiзгi сомасын, Заем бойынша Проценттердi және заем бойынша басқа да сомаларды төлеудi қамтамасыз ететiндiгiне және кез келген осындай құқық пайда болған жағдайда осы мағынасына тура тұжырымдалған ереже ұсынылатынына кепiлдiк бередi.
b) Осы Бөлiмнiң (а) Тармағында қарастырылып отырған мiндеттеме:
(і) тек осындай мүліктің сатып алу бағасын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде ғана оны сатып алу сәтiнде мүлiкке қатысты пайда болған борыш үшiн қандай да болмасын мүлiктi ұстау құқығына;
(іі) бастапқы кезде пайда болған күннен кейiн өтеу мерзiмi бiр жылдан кешiктiрмей басталатын және осындай тауарларды сатудан түскен қаражаттан төлеуге жататын борышты қамтамасыз ету үшiн сауда-саттыққа арналған тауарлар бойынша борыш үшiн қандай да болмасын мүлiктi ұстау құқығына; немесе
(ііі) банк операцияларының әдеттегi барысында туындаған борыш үшiн
және өтеу мерзiмi оның өтеу күнiнен кейiн бiр жылдан кешiктiрмей
басталатын борышты қамтамасыз ететiн борыш үшiн қандай да болмасын мүлiкті
ұстау құқығына қолданылмайды.
4.02-Бөлiм
Заемшы Жобаны тиiстi техникалық стандарттарға сәйкес жүргiзуге және
осындай мақсаттар үшiн талап етiлетiн қаражатты бөлу үшiн қажеттi
шараларды қолдануға мiндеттенедi.
4.03-Бөлiм
Заемшы Қордың Жобаны қаржыландыруда қосқан үлесiн көрсету үшiн Жобаға енгізiлген объектiлердiң бiрiнде көрнекi жерге орнатуға бетоннан немесе өзге де ыңғайлы материалдан жасалған қажеттi көлемдегi Мемориалдық Тақтаны әзiрлеуге мiндеттенедi.
4.04-Бөлiм
Заемшы ұтымды бухгалтерлiк тәжiрибеге сәйкес Министрлiктiң және басқа да Ведомстволардың және Жобаны немесе Жоба жөнiнде оның қандай да болмасын бөлiгiн орындауға жауапты Мекемелердiң операцияларды, ресурстарды және шығыстарды көрсету жөнiндегi белгіленген талаптарға жауап беретiн жазбаны жүргiзеді немесе жазбаны жүргiзудi қамтамасыз етедi.
4.05-Бөлiм
Жоба аяқталғаннан кейiн дереу, бiрақ Қорытынды Күннен немесе осы мақсаттар үшiн Қор белгiлеуi мүмкiн болып табылатын осындай неғұрлым кеш мерзiмнен кейiн кемiнде он екi айдан кешiктiрмей кез келген жағдайда, Заемшы Жобаның мақсаты болып табылатын объектiнiң орындалғандығы және бастапқы пайдалана басталғандығы, оны жүзеге асыруға арналған шығыстар
және одан алынған және алынған алынуға тиiстi оң нәтижелер, Заемшының Заем
туралы келiсiмге сәйкес оның мiндеттемелерiн орындағаны және Заемның
мақсаттарына қол жеткiзiлгендiгi туралы Жобаның тиiстi нысанда және олар
туралы Қор сұратқан егжей-тегжейлi түрде Аяқталғандығы туралы Есептi
дайындайды және Қорға ұсынады.
V БАП
Қордың Құқық Қорғау Құралдары
5.01-Бөлiм
Жалпы Шарттардың 6.02-Бөлiмiнiң мақсаттары үшiн оның f Тармағына
сәйкес мынадай қосымша жағдайлар көрсетiледi:
i) осы Тармақтың (ii) Тармақшасын ескере отырып:
А) Заемшыға Жобаны қаржыландыру үшiн берiлетiн кез келген заем немесе грант қаражатын осыны көздейтiн Келiсiмнiң шарттарына сәйкес шоттан алу құқығы, тоқтатылған, жойылған немесе толық немесе iшiнара доғарылған, немесе
В) кез келген мұндай Заем келiсiлген төлем мерзiмi басталғанға дейiн тиесiлi болады және төленуге жатады.
іі) Егер Заемшы Қор үшiн ыңғайлы түрде мыналарды:
А) келiсiлген мерзiм басталғанға дейiн мұндай тоқтата тұру, жою, доғару немесе төлем осындай Келiсiмге сәйкес Заемшы тарапынан өзiнiң мiндеттемелерiн орындамауынан туындамаған, және
В) Жоба үшiн тиiстi қаражат Заемшыға осы Келiсiмге сәйкес Заемшының
мiндеттемелерiне қайшы келмейтiн шарттар мен ережелер негiзiнде басқа
көздерден берiлмеген екендiгiн анықтайтын болса, осы Тармақтың (i)
Тармақшасы қолданылмайды.
5.02-Бөлiм
Жалпы Шарттардың 7.01-Бөлiмiнiң мақсаттары үшiн олардың (d)
тармақшасына сәйкес мынадай жағдайда; атап айтқанда: осы Келiсiмнiң
5.01-Бөлiмiнiң (i) (В) тармақтарында көрсетiлген жағдайлардың кез келген
оқиғасы орын алғанда көрсетiледi.
VI БАП
Күшiне Енгiзiлетiн - Iс-әрекетiн Доғаратын Күнi
6.01-Бөлім
Осы бойынша Жалпы Шарттардың 12.04-Бөлімінің мақсаттары үшін
Келісімге қол қойылған күннен бастап ұзақтығы алты ай болатын уақыт
аралығы көрсетіледі.
VII Бап
Заемшының Өкілі, Мекен-жайы
7.01-Бөлім
Жалпы Шарттардың 11.03-Бөлімінің мақсаттары үшін Заемшының Өкілі
болып Заемшының Қаржы Министрі тағайындалады.
7.02-Бөлім
11.01-Бөлімінің мақсаттары үшін Жалпы Шарттардың мынадай
мекен-жайлары көрсетіледі:
Қордың мекен-жайы:
The Saudi Fund for Development Сауд Даму Қоры
Р.О.Вох 50483 50483 Почта Абонементтік Жәшігі
Riyadh Эр-рияд 11523
KINGDOM OF SAUDI ARABIA САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІ
Теlех: 401145 SUNDQQ SJ Телекс: 401145 SUNDQQ SJ
Fах: +996-1-4647450 Факс: +996-1-4647450
Заемшының мекен-жайы:
Ministry of Finance Қаржы министрлігі
Аstаnа, 473000 473000 Астана
33, Pobeda Avenue Жеңіс даңғылы, 33
THE REPUBLIC KAZAKHSTAN ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Fах: 7 (3172) 117078/117063/117091 Факс: 7 (3172) 117078/117063/117091
Қол қоюға тиісті түрде уәкілеттік берілген өз өкілдері арқылы осы
Келісімдегі Тараптар ОСЫНЫ РАСТАУ ҮШІН өз атынан осы Келісімге Сауд
Арабиясы Корольдігінде, Эр-Рияд қаласында қол қоюды, жоғарыда бас жағында
көрсетілген күннен, айдан және жылдан олардың барлығы да бірдей әрекет
ететін түпнұсқасы араб тіліндегі екі данада қамтамасыз етілді және Жалпы
Шарттардың көшірмесі Заемшыға жіберілді.
САУД ДАМУ ҚОРЫ ҮШІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
Құжаттарға қол қоюға уәкілетті Құжаттарға қол қоюға уәкілетті
ресми тұлғаның қолы ресми тұлғаның қолы
______________________________ ______________________________
Қаржы бірінші вице-министрі
N (1) Қосымша
Заем Қаражатын Шоттан алу
(А) Төменде келтірілген кестеде Заем қаражатының қаржыландырылатын
БАПтардың санаты, әр Санат бойынша Заем сомасын бөлу және осылайша әр
санат бойынша қаржыландырылатын БАПтар бойынша шығыстардың проценттері
көрсетіледі:
_______________________________________________________________________
Санаттары Санаттар үшін Қаржыландырылатын
арналған заем Шығыстардың
сомасы (Сауд проценттері
Арабиясы
риалымен)
_______________________________________________________________________
1 Жолды, су жіберетін
құбырлар, дренаждық жүйелер
мен жол желілерін қайта
құру және жайластыру 32,250,000.00 жалпы шығыстардың
жөніндегі инженерлік- 16,35%
құрылыс жұмыстары
(Жобаның "А" Бөлімі)
_______________________________________________________________________
2 Жұмыс барысын қадағалау
жөніндегі консультациялық 5,250,000.00 жалпы шығыстардың
қызмет көрсетулер 100%
(Жобаның "В-2" Бөлімі)
_______________________________________________________________________
3 Бөлінбеген Сома 7,500,000.00
Барлығы: 45,000,000.00
_______________________________________________________________________
(В) Жоғарыда келтірілген (А) Тармағының ережелеріне қарамастан,
мыналар бойынша:
1) Осы келісімнің күніне дейін орын алатын шығыстарға;
2) Заемшының немесе Заемшының аумағында тауарларға немесе қызмет көрсетулерге, немесе оларды әкелуге, өндіруге, сатып алуға және жеткізіп беруге өндіріп алынатын салықтарға ешқандай қаражат алу жүргізілмейді.
(С) Егер Қордың негізделген бағалауы бойынша Санаттар үшін осы жағдайға арналған Заемның сомасы осы Санаттағы барлық шығыстардың келісілген процентін қаржыландыруға жеткіліксіз болса, Заемның немесе жоғарыда (А) тармағындағы кестеде көрсетілген төлеу процентінің сомасына бөлуге қарамастан, Қор Заемшыны хабардар ете отырып:
(і) Заемның осы жағдайда бөлінбеген күйінде қалған немесе басқа санатқа арналған және басқа да шығындардың орнын толтыруға, Қордың пікірінше қажеті жоқ қаражатын бағалауға сәйкес жетіспеушіліктің орнын толтыруға талап етілмеген көлемде осындай Санатқа жатқыза отырып қайта бөлуді жүргізуі, және;
(іі) егер осындай қайта бөлу бағалауға сәйкес жетіспеушілікті толығымен өтей алмайтын болса, Санат бойынша қаражаттың шоттан одан әрі алынуы ол бойынша барлық шығыстардың жұмсалып біткеніне дейін жалғаса беруі үшін осындай шығыстарға осы жағдайда қолданылатын төлемнің проценті төмендетілуі мүмкін.
N (2) Қосымша
Жобаның сипаттамасы
Жобаның мақсаты жалпы ұзындығы 183 км құрайтын Қарағанды-Астана Жолын қайта құру және жайластыру болып табылады; олардың шамамен 140 км екі қозғалыс алабы болады, сонымен бірге жол бойындағы бірқатар қалаларға кіреберістегі учаскелерінде жолдың қалған бөлігінің төрт алабы болады. Жекелеген алаптың ені 3,75 м құрайды және жолдың әрбір жағындағы жиегінің ені - 3,75 м және қозғалыстың екі алабы бөлігінде жолдың жалпы ені 15 м құрайды, сонымен бірге төрт алапты жолдың ені 27,5 м (оның ішінде аралық учаске 5 м) құрайды. Сол сияқты жоба су өткізетін құбырларды, дренаж жүйесін және жол құбырларын қайта құруды қамтиды.
Жоба мынадай екі бөліктен тұрады:
А. Су өткізу құбырларын, дренаждық жүйені және жол құбырларын қоса
алғанда жолды қайта құру және жайластыру жөніндегі инженерлік құрылыс
жұмыстары.
В. Мынадай жол учаскелерін қамтитын жұмыстардың жүргізілу барысын
бақылау жөнінде консультациялық қызмет көрсету:
1) Қарағанды - Осакаровка
2) Осакаровка - Астана
С. Жобаны орындауда ағымды бақылауды жүзеге асыруға міндеттенетін
Жобаны Орындау тобы.
D. Болашақта жолға техникалық жағынан қызмет көрсету және оны
ағымдағы жөндеу жүргізу үшін құралдармен қамтамасыз ету.
Жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын шығындардың жалпы сомасы бағалауға
сәйкес 67,9 миллион АҚШ долларын құрайды. Сауд Арабиясы риалымен қайта
есептегенде шамамен 254 миллионды құрайды.
Жобаны 2003 жылдың 31 желтоқсанына қарай аяқтау ұйғарылып отыр.
N (3) қосымша
Негізгі соманы өтеу
________________________________________________________________________
Жарна N ! Төлем күні ! Сауд Арабиясы риалымен
жарна сомасы
________________________________________________________________________
1 2005 жыл 30 қараша 1,500,000/00
________________________________________________________________________
2 2006 жыл 31 мамыр 1,500,000/00
________________________________________________________________________
3 2006 жыл 30 қараша 1,500,000/00
________________________________________________________________________
4 2007 жыл 31 мамыр 1,500,000/00
________________________________________________________________________
5 2007 жыл 30 қараша 1,500,000/00
________________________________________________________________________
6 2008 жыл 31 мамыр 1,500,000/00
________________________________________________________________________
7 2008 жыл 30 қараша 1,500,000/00
________________________________________________________________________
8 2009 жыл 31 мамыр 1,500,000/00
________________________________________________________________________
9 2009 жыл 30 қараша 1,500,000/00
________________________________________________________________________
10 2010 жыл 31 мамыр 1,500,000/00
________________________________________________________________________
11 2010 жыл 30 қараша 1,500,000/00
________________________________________________________________________
12 2011 жыл 31 мамыр 1,500,000/00
________________________________________________________________________
13 2011 жыл 30 қараша 1,500,000/00
________________________________________________________________________
14 2012 жыл 31 мамыр 1,500,000/00
________________________________________________________________________
15 2012 жыл 31 қараша 1,500,000/00
________________________________________________________________________
16 2013 жыл 31 мамыр 1,500,000/00
________________________________________________________________________
17 2013 жыл 30 қараша 1,500,000/00
________________________________________________________________________
18 2014 жыл 31 мамыр 1,500,000/00
________________________________________________________________________
19 2014 жыл 30 қараша 1,500,000/00
________________________________________________________________________
20 2015 жыл 31 мамыр 1,500,000/00
________________________________________________________________________
21 2015 жыл 30 қараша 1,500,000/00
________________________________________________________________________
22 2016 жыл 31 мамыр 1,500,000/00
________________________________________________________________________
23 2016 жыл 30 қараша 1,500,000/00
________________________________________________________________________
24 2017 жыл 31 мамыр 1,500,000/00
________________________________________________________________________
25 2017 жыл 30 қараша 1,500,000/00
________________________________________________________________________
26 2018 жыл 31 мамыр 1,500,000/00
________________________________________________________________________
27 2018 жыл 30 қараша 1,500,000/00
________________________________________________________________________
28 2019 жыл 31 мамыр 1,500,000/00
________________________________________________________________________
29 2019 жыл 30 қараша 1,500,000/00
________________________________________________________________________
30 2020 жыл 31 мамыр 1,500,000/00
________________________________________________________________________
Барлығы 45,000,000/00
________________________________________________________________________
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.