"Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы Yкiметінің арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама салықтарды өндiрiп алу қағидаттары туралы келiсімдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 ақпан N 192

 


     Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы

Үкiметiнiң арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама салықтарды өндiрiп алу

қағидаттары туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                                Жоба


                        Қазақстан Республикасының Заңы


     Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң

       арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама салықтарды өндiрiп алу

                 қағидаттары туралы келiсiмдi бекіту туралы


     2000 жылғы 9 қазанда Астана қаласында жасалған, Қазақстан

Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы Yкiметiнiң арасындағы Өзара

сауда-саттықта жанама салықтарды өндiрiп алу қағидаттары туралы келiсiм

бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

           Президентi


           Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы

              Үкiметiнiң арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама

                  салықтарды өндiріп алу қағидаттары туралы

                                   КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi - Тараптар ден аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi

мен Ресей Федерациясының Yкiметi,


 
       1994 жылғы 15 сәуiрдегi Еркiн сауда-саттық аймағын құру туралы келiсiмнiң және 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Еркін сауда-саттық аймағын құру туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың ережелерiн басшылыққа ала отырып,

 

     экономикалық интеграцияны одан әрi тереңдетуге, шаруашылық жүргiзушi

субъектiлер үшiн тең мүмкiндiктер жасауға және адал ниеттi бәсекелестiк

шарттарын орнатуға ұмтыла отырып,

     халықаралық сауда-саттықтың жалпы жұрт таныған нормалары мен

ережелерiн назарға ала отырып,

     төмендегiлер туралы келiстi:


                                   1-бап

                             Жалпы анықтамалар


     Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн мынадай терминдер қолданылады:

     "жанама салықтар" - қосымша құн салығы және акциз;


 
       "нөлдiк ставка" - тауарларды (көрсетiлетiн қызметтi) әкету кезiнде акциздерден босатуды және қосымша құн салығының ставкасын білдіреді. Нөлдiк ставканы қолдану салық төлеушiге материалдық ресурстар бойынша қосымша құн салығын шегеруге (өтемге), сондай-ақ алда тұрған төлемдердiң есебiнен төленген салықтарды шегеруге немесе олардың өтемiне құқық бередi;
      "тағайындалған елi" - кедендiк аумағына тауарларды (көрсетiлетiн қызметтi) әкелу жүзеге асырылатын мемлекет;
      "шаруашылық жүргiзушi субъектiлер" - Тарап мемлекеттерiнiң салық төлеушілерi.
 

                                   2-бап



                            Келiсiмнiң тақырыбы



 
 
       Осы Келiсiмнiң тақырыбы - Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң арасында сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыру кезiнде жанама салықтарды өндіріп алу қағидатын белгiлеу болып табылады.
 

                                   3-бап



 
                  Тауарларды әкету кезiнде салық салу қағидаты
 
      1. Бiр Тарап мемлекетiнiң кеден аумағынан әкетiлетiн және екiншi Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына әкелiнетiн, экспорттың кедендiк режимiне жатқызылатын тауарларға Тараптардың ұлттық салық заңнамасына сәйкес нөлдiк ставка бойынша жанама салықтар салынады.
      2. Осы баптың 1-тармағындағы ереже тұрақты газ конденсатын қоса алғанда табиғи газға, мұнайға қолданылмайды.
 

                                   4-бап



 
                   Тауарларды әкелу кезiнде салық салу қағидаты
 
      1. Осы Келiсiмнiң 3-бабының 2-тармағында санамаланғандарды қоспағанда, екiншi Тарап мемлекетiнiң кеден аумағынан әкетiлiп, бiр Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына әкелiнетiн тауарларға тағайындалған елiнде оның ұлттық заңнамасына сәйкес жанама салықтар салынады.
      2. Осы Келiсiмнiң 3-бабының 2-тармағында санамаланған және бiр Тарап мемлекетiнен шығатын тауарлар осы Келiсiмнің қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттiң кеден аумағынан екiншi Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына әкелiнген жағдайда оларға осы екiншi Тарап мемлекетiнiң кеден аумағында оның ұлттық заңнамасына сәйкес жанама салықтар салынады.
 

                                   5-бап



 
          Қызметтердi көрсету кезiнде жанама салықтарды қолдану тәртiбi
 
      1. Қызметтер көрсету кезiнде жанама салықтарды қолдану тәртiбi жеке хаттамамен ресiмделедi. Осындай хаттаманың күшiне енуіне дейін көрсетілетiн қызметтерге Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес жанама салықтар салынады, оларға мынадай қызмет көрсетулер жатпайды:
      а) жөнелту, тиеу, түсіру және қайта тиеу жөніндегі қызмет көрсетулерді қоса алғанда, екінші Тарап мемлекетінің кеден аумағына бір Тарап мемлекетінің кеден аумағынан әкетілетін тауарларды тасымалдау және қызмет көрсету жөніндегі қызметтер;
      б) жөнелту, тиеу, түсiру және қайта тиеу жөніндегi қызмет көрсетулерді қоса алғанда, тауарларды жөнелту немесе жеткiзу пункттерi Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында орналасқан жағдайда транзиттiк тауарларды тасымалдау және қызмет көрсету жөнiндегi қызметтер;
      в) екiншi Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына бiр Тарап мемлекетiнiң кеден аумағынан жолаушылар мен жүктердi тiкелей және керiсiнше бағытта тасымалдау жөнiндегi қызметтер.
      2. Осы баптың 1-тармағының "а", "б" және "в" тармақшаларында санамаланған қызметтерге, оларды Тараптар белгiлейтiн тәртiптерге сәйкес көрсету фактiсi расталған жағдайда, осындай қызмет көрсететiн салық төлеушiлердiң мемлекетiнде нөлдік ставка бойынша қосымша құн салығы салынады.
 

                                   6-бап



 
           Тауарлардың өтуiне және жанама салықтарды төлеуге бақылау
 
      1. Тауарлардың өтуiне, есеп жүргiзуге және ақпарат алмасуға бақылауды жүзеге асыру мақсатында Тараптар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметiнiң тауарлық номенклатурасын (ТМД СЭҚ ТН) пайдаланады.
      2. Екiншi Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына бiр Тарап мемлекетiнiң кеден аумағынан тауарларды әкелу (әкету) кезiнде жанама салықтарды өндiрiп алуды және оларды төлеуге бақылау жасауды осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің кеден және салық органдары жүзеге асырады.
 

                                   7-бап



                             Келiсiмнiң орындалуы



 
 
       1. Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты келiспеушiлiктердi Тараптар келiссөздер арқылы шешетін болады.
      2. Тараптар қажет болған жағдайда осы Келiсiмдi iске асыру барысын бағалауға және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудiң орындылығына қатысты консультациялар өткiзедi.
 

                                   8-бап



 
                   Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
 
      Тараптар өзара келiсiм жағдайында осы Келiсiмге қажеттi толықтырулар мен өзгерістер енгізеді, олар Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жеке Хаттамалармен ресімделеді.
 

                                   9-бап



                         Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi



 
 
       1. Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілiк

 

рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламадан кейiн

2001 жылдың 1 шілдесінде күшiне енедi.

     2. Осы Келiсім бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың

бiрде-бiрi кем дегенде кезектi мерзiм аяқталардан 6 ай бұрын оның

қолданысын тоқтату ниетi туралы дипломатиялық арналар бойынша жазбаша

хабарламаса, келесi бесжылдық кезеңдерге өздiгiнен ұзартылады.


     Астана қаласында 2000 жылғы 9 қазанда әрқайсысы қазақ және орыс

тiлдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалды және де екi мәтiннiң күшi

бiрдей.


     Қазақстан Республикасының                 Ресей Федерациясының

           Үкіметі үшін                            Үкіметі үшін




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады