Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 ақпандағы N 255 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 ақпан N 210. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.25. N 832 қаулысымен. ~P020832

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттік бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерге арналған бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын (мерзiмдi және жылдық) жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 16 ақпандағы N 255 P000255_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 8, 96-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Мемлекеттік бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерге арналған бюджеттің атқарылуы және есептiлiк нысандарын (мерзiмдi және жылдық) жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiнде:
      8-тармақта:
      "және әрбiр ай бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      "кірiстердiң көлемiмен тең болуы тиiс" деген сөздерден кейiн ", бұл ретте әрбiр айда жыл басынан бергi кезең үшiн оның шығыс бөлiгiнiң сомасы осы кезең үшiн кiрiс бөлiктiң сомасынан аспауы тиiс." деген сөздермен толықтырылсын;
      15-тармақта:
      бiрінші абзацта:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мерзiмдерде, бiрақ жоспарланатын жылдың 1 қаңтарынан кешiктiрмей" деген сөздер "өзі белгiлеген мерзiмдерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiнші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қаржы министрлiгiне өзi белгiлеген мерзiмдерде берiлген айлық лимиттердiң шегiнде шығыстардың жиынтық сметаларын ұсынады.";
      екiншi абзацтағы "жоспарланған жылдың 5 қаңтарынан кешiктiрмей" және "жоспарланған жылдың 10 қаңтарынан кешiктiрмей" деген сөздер "Қаржы министрлiгi белгілеген мерзiмдерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17-тармақтың бiрiншi және екiншi абзацтарындағы үшiншi сөйлем алынып тасталсын;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "18. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қаржы министрлiгi белгiлеген мерзiмдерде өздерiнiң ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығыстардың жеке сметаларын, сондай-ақ оларға есептемелердiң көрсеткіштерiн бекiтедi және қоса бередi.
      Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығыстардың жеке сметаларын, сондай-ақ оларға есептемелердiң көрсеткiштерiн бекiтудi және берудi өздерiнiң ведомстволары мен аумақтық органдарына табыстауға құқылы.";
      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "33. Мемлекеттiк мекемелерге бюджеттік қаражатты жұмсауға арналған

рұқсат шығыстардың бекiтiлген сметалары болған кезде ғана берiледi.";
     42-тармақтың екiншi абзацында:
     "кредиторлық берешектердiң" деген сөздерден кейiн "болуына немесе" 
деген сөздермен толықтырылсын;
     "кемiтiлетiн ерекшелiктер" деген сөздер "бағдарлама (кiшi 
бағдарлама)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     43-тармақта:
     "кредиторлық берешектердiң" деген сөздерден кейiн "болуын немесе" 
деген сөздермен толықтырылсын;
     "кемiтiлетiн ерекшелiктер" деген сөздер "бағдарлама (кiшi 
бағдарлама)" деген сөздермен ауыстырылсын;
     көрсетiлген ережеге 2-қосымшада:
     жоғарғы оң бұрышындағы "бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi" деген
сөздерден кейiн "/ведомство немесе аумақтық орган" деген сөздермен 
толықтырылсын;
     "Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi" деген жол "/ведомство немесе 
аумақтық орган" деген сөздермен толықтырылсын;
     "Қаржы қызметінiң басшысы __________" деген жол мынадай редакцияда 
жазылсын:
     "Мемлекеттік мекеменiң басшысы ____________________________
     Мемлекеттік мекеменiң
     қаржы қызметінiң басшысы 
     (ол болмаған кезде бас бухгалтер) _________________________".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
    
    
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.
 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады