Сұйытылған көмірсутекті газ экспортына арналған уақытша тыйым салуды енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 17 ақпан N 248

      Республика аумағында суықтың күшеюіне және ішкі рынокты сұйытылған көмірсутекті газбен жабдықтау жөнінде дағдарысты жағдайдың қалыптасуына байланысты, "Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Z952368_ Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2001 жылғы 1 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған көмірсутекті газдың әкетілуіне (ТМД СЭҚ ТН кодтары 2711; 2711 12 960; 2711 12) тыйым салынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері республиканың ішкі рыногын сұйытылған көмірсутекті газбен қамтамасыз ету жөніндегі істің жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігін әрбір онкүндік сайын хабардар етіп отырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

 

Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және

минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.

     5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады