Білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 20 ақпан N 259. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.03.25. N 264 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік азаматтардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының шет елдерде оқу мақсатымен болуына байланысты мәселелерді ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже;
      2) Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің    
2001 жылғы 20 ақпандағы          
N 259 қаулысымен            
бекітілген            

  Бiлiм саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөнiндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ереже

      1. Бiлiм саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында шетелдiк азаматтардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының шет елдерде оқытылуы мәселелерiн реттейтiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      3. Комиссияның шешiмi ұсынымдық сипатта болады.

  2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
      1) оқу кезiнде шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында және Қазақстан Республикасы азаматтарының шет елдерде болуы туралы ақпаратты дайындау және талдау;
      2) шет елдерде оқитын Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасында бiлiм алуын жалғастыруға келген шетелдiк азаматтардың виза режимiн оңтайландыру және сақтау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      3) шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасында шетелдiк азаматтарды оқыту жөнiндегi даулы мәселелердi қарау және оларды реттеу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      4) өзiнiң құзыретi шегiнде бiлiм беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерi бойынша шешiм қабылдау болып табылады.

  3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия өзінің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін:
      1) Комиссияның құзыретіне енетiн мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарынан қажеттi ақпарат сұратуға;
      2) Қазақстан Республикасында тiркелген шет мемлекеттер елшiлiктерiнiң, халықаралық ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның мәжiлiстерiне шақыруға;
      3) Комиссияның құзыретiне енетiн шешiмдер қабылдауға құқылы.

  4. Комиссияның қызметiн жүзеге асыру тәртiбi

      6. Комиссияны төраға, ол болмаған кезде төрағаның орынбасары басқарады.
      Комиссия төрағасы Комиссияның қызметiн басқарады, мәжiлiстерде төрағалық етедi, оның жұмысын ұйымдастырады, Комиссия қабылдаған шешiмдердiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      7. Комиссияның жұмысы оның мәжiлiсiн өткiзу арқылы жүзеге асырылады.
      Комиссияның мәжiлiсi қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде 2 рет өткiзiледi. Комиссияның кезектен тыс мәжiлiсi кез келген министрлiк пен ведомствоның бастамасы бойынша, Комиссия мүшелерi көпшiлiгiнiң келiсiмiмен шақырылады.
      Комиссияның кезектi мәжiлiсiнiң өткiзiлетiн орны, күнi және күн тәртiбi Комиссияның алдыңғы мәжілісінде айқындалады.

      8. Комиссияның мүшесi Комиссияның қызметi туралы қажеттi ақпаратты, қабылданған шешiмдердi, сондай-ақ Комиссияның құзыретi шегiндегi кез-келген мәселелердi талқылауға ұсына алады.
      Мәжiлiсте қаралған мәселенi талқылау кезiнде Комиссия мүшелерiнiң құқығы бiрдей. Комиссияның шешiмi жай көпшiлiк дауыспен қабылданады және бұл ретте Комиссияның әр мүшесiнiң бiр дауысы болады.
      Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешушi болып табылады.

      9. Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi, оған Комиссия мүшелерi бұрыштама қояды және төраға қол қояды.

      10. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Комиссияның жұмысшы органы болып табылады және ол:
      1) оның қызметiн ақпаратпен, ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi;
      2) Комиссияның мәжiлiсiне күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындауды;
      3) Комиссияның хаттамаларын және шешiмдерiн ресiмдеудi жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің    
2001 жылғы 20 ақпандағы        
N 259 қаулысымен          
бекітілген          

Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Мұтанов               - Қазақстан Республикасының Бiлiм
      Ғалым Мұтанұлы          және ғылым бiрiншi вице-министрi,
                              төраға

      Әбдiрәсiлов           - Қазақстан Республикасының Бiлiм
      Болатбек Серiкбайұлы    және ғылым министрлiгi Жоғары
                              және жоғары оқу орнынан кейiнгi
                              кәсiптiк бiлiм департаментiнiң
                              директоры, төрағаның орынбасары

      Ақанов                - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
      Әсет Аубайұлы           министрлiгiнiң Көшi-қон
                              полициясы департаменті бастығының
                              орынбасары

      Жұмақанов             - Қазақстан Республикасы Ұлттық
      Владимир Зейноллаұлы    қауiпсiздiк комитетiнiң департамент
                              бастығы (келiсiм бойынша)

      Қосжанова             - Қазақстан Республикасының
      Жанаргүл Тоғызбайқызы   Әдiлет министрлiгi Заңнама
                              департаментiнiң директоры
 
        Құрманғалиева         - Қазақстан Республикасының
      Аида Дәденқызы          Экономика және бюджеттiк
                              жоспарлау министрлiгi Әлеуметтiк
                              сала шығыстарын жоспарлау
                              департаментiнiң директоры

        Елшібеков              - Қазақстан Республикасының
      Серікбек Кеңесұлы        Мемлекеттік кіріс министрлігі
                               Әкімшіліктендіру департаментінің
                               директоры

      Қоңырбаев              - Қазақстан Республикасының Сыртқы
      Уәлихан Сианбекұлы       істер министрлігі Консулдық
                               қызмет департаментінің директоры
                               бастығы (келісім бойынша)

      Үсенова                - Қазақстан Республикасының Еңбек
      Гауһар Сұлтанқызы        және халықты әлеуметтік қорғау
                               министрлігі Жұмыспен қамту
                               департаментінің директоры

       Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.13.12. N 1323  қаулысымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады