Дүниежүзiлiк Интеллектуалдық Меншiк Ұйымының Бас Директоры Камил Идристің 2001 жылғы 22-23 ақпандағы Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткiзу (бұдан әрi - сапар) мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесiп сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi қажетті ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп қажеттi құжаттарды дайындасын және ДИМҰ Бас Директорының болу бағдарламасын әзiрлесiн;
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасымен (келiсiмi бойынша) бiрлесiп делегация мүшелерiне (бұдан әрi - делегация мүшелерi) Алматы қаласында көлiктiк қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз етсiн;
4) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң атынан ресми түскi қонақасы ұйымдастырсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
1) қосымшаға сәйкес 2001 жылға арналған республикалық бюджеттегi "Yкiметтiк шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапардың өткiзiлуi шығыстарының қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн;
2) бірге жүретiн адамдардың келу және кету құжаттарын белгiленген тәртiппен ресiмдесiн.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi істер министрлiгі делегация мүшелерiнiң әуежайдағы, болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүру бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрлiгі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн
қамтамасыз етсiн.
5. Алматы қаласының әкiмi ДИМҰ Бас Директорын күтіп алу және шығарып
салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
6. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлiгіне жүктелсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 20 ақпандағы
N 261 қаулысына
Қосымша
Дүниежүзiлiк Интеллектуалдық Меншiк Ұйымының
Бас Директоры Камил Идристiң Қазақстан Республикасына
2001 жылғы 22-23 ақпандағы сапарын өткiзу
шығыстарының сметасы
2001 жыл, 2 күн, Астана, Алматы
---------------------------------------------------------------------------
Реттiк ! Қызметтердiң атауы ! Сомасы
N ! ! (теңге)
---------------------------------------------------------------------------
1 ДИМҰ Бас Директорын орналастыру
("Интерконтиненталь")
1 нөмiр х тәулiгiне 390 $ х 2 күнге 114660
Делегацияның бiр мүшесiн орналастыру
("Интерконтиненталь")
1 нөмiр х тәулiгiне 190 $ х 2 күнге 55860
2 Көлiк қызметiнiң шығыстары
Сағатына 700 теңге (тәулiгіне 10 сағат) есебiнен 28000
2 жеңiл автомобиль х 700 теңге х 10 сағат х
2 күнге
3 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
атынан қабылдау, 10 адамға. Бiр адамға 6500
теңге есебiнен: 10 адам х 6500 теңге 65000
4 Аудармашы қызметі
1 адам х 700 теңге х 10 сағат х 2 күнге 14000
5 Сыйлықтар мен кәдесыйлар
5000 теңгеден х 1 дана + 1000 теңгеден х 4 дана 9000
Барлығы: 286520
---------------------------------------------------------------------------
1 пунктi бойынша 1 АҚШ долларының курсы = 147 теңге
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.