Батыс Қазақстан облысының 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі қосымша шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 20 ақпан N 262

      Батыс Қазақстан облысы экономикасының негізгі салаларының дәйекті

 

дамуын және халқының тұрмыс деңгейін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Ұсынылып отырған Батыс Қазақстан облысының 2005 жылға дейінгі

кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі қосымша

шараларының жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                    Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                         2001 жылғы 20 ақпандағы

                                             N 262 қаулысымен

                                                бекітілген


      Батыс Қазақстан облысының 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған       

       әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі қосымша шараларының

                                 Жоспары


---------------------------------------------------------------------------

р/с!     Іс-шаралардың атауы     !  Аяқтау нысаны  !Орындаушылар! Орындау 

N !                             !                 !            ! мерзімі

---------------------------------------------------------------------------

1               2                        3               4          5

---------------------------------------------------------------------------

                                Бюджет және салықтар    

---------------------------------------------------------------------------

1.  Таратылған кәсіпорындардың     Қазақстан        МКМ, облыс   2001

    бюджетке салықтар және басқа   Республикасының  әкімі        жылғы І

    төлемдер бойынша берешекте.    Үкіметіне                     тоқсан

    ріне түгендеу жүргізу және     ақпарат

    оларды заңнамада белгіленген

    тәртіппен тізімнен шығару

---------------------------------------------------------------------------

                Ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар    

---------------------------------------------------------------------------

2.  - Орал қаласындағы және        Белгіленген      Облыс әкімі, 2001

    Дарьинск кентіндегі уытты-     рәсімдерге       ТОҚМ         жылғы IV

    тұрмыстық қалдықтар полигоны;  сәйкес МИБ-ке                 тоқсан

    - "Безластичная" сайындағы     енгізуге

    N 2 биотоған құрылыс жобалары  Экономика және

    бойынша 2002-2004 жылдарға     сауда

    арналған мемлекеттік           министрлігіне

    инвестициялар бағдарламасына   тапсырыс

    енгізуді негіздейтін

    материалдар дайындау    


3.  Трансшекаралық Үлкен және      Үкіметаралық     ТОҚМ, СІМ,   2002

    Кіші Өзендерін пайдалану       келісім          ӘдМ, облыс   жылғы І

    туралы Ресей Федерациясымен    жобасы           әкімі        тоқсан

    үкіметаралық келісім жобасын

    дайындау және Ресей тарапымен

    жұмыс істеу    

---------------------------------------------------------------------------

                                Қорғаныс кешені    

---------------------------------------------------------------------------

4.  Кеме құрылысын дамытудың       Қазақстан        ЭСМ, ҰҚК     2001

    2001-2005 жылдарға арналған    Республикасының  (келісім     жылғы

    бағдарламасын әзірлеудің       Үкіметіне        бойынша),    ІІ тоқсан

    мақсаттылығын қарау, бұл       ұсыныс           ҚорМ, облыс

    ретте оны іске асыруға                          әкімі

    "Зенит" Орал зауыты" ААҚ

    және "Гидроприбор" ҒЗИ ААҚ

    қорғаныс кәсіпорындарының

    қатысу мүмкіндігін ескеру


5.  "Зенит" Орал зауыты" ААҚ,      Қазақстан        ЭСМ, ҚорМ,   2001

    "Омега" зауыты" ААҚ,           Республикасының  облыс әкімі  жылғы

    "Металлист" зауыты" ААҚ        Үкіметі                       І тоқсан

    қорғаныс зауыттарын Қазақстан  қаулысының

    Республикасының конверсиялық   жобасы

    кәсіпорындарының 2001 жылға

    арналған тізбесіне енгізу

---------------------------------------------------------------------------

                     Инфрақұрылым, көлік және байланыс    

---------------------------------------------------------------------------

6.  2002-2004 жылдарға арналған    Белгіленген      Облыс әкімі, 2001

    мемлекеттік инвестициялар      рәсімдерге       ККМ          жылғы ІІІ

    бағдарламасына Меловые горки   сәйкес МИБ-ке                 тоқсан

    ауданындағы Орал өзені арқылы  енгізуге

    өтетін көпір құрылысын аяқтау  Экономика және

    жөніндегі жобаны енгізуді      сауда

    негіздейтін материалдар        министрлігіне

    дайындау                       тапсырыс


7.  2002-2004 жылдарға арналған    Белгіленген      Облыс әкімі, 2001

    мемлекеттік инвестициялар      рәсімдерге       ККМ          жылғы ІІІ

    бағдарламасына Орал-Атырау     сәйкес МИБ-ке                 тоқсан

    авто жолындағы Көшім арнасы    енгізуге

    арқылы көпір құрылысы          Экономика және

    жөніндегі жобаны енгізуді      сауда

    негіздейтін материалдар        министрлігіне

    дайындау                       тапсырыс


8.  Үлкен Өзен арқылы көпір        Белгіленген      Облыс әкімі, 2001

    өткелімен Богатырево-Мирон-    рәсімдерге       ККМ          жылғы ІІІ

    Березино-Бозоба-Қазталовка     сәйкес МИБ-ке                 тоқсан

    автожолының құрылысы           енгізуге

    жөніндегі жобаны 2002-2004     Экономика және

    жылдарға арналған мемлекеттік  сауда

    инвестициялар бағдарламасына   министрлігіне

    енгізуді негіздейтін           тапсырыс

    материалдар дайындау                      


9.  - "Самара-Шымкент" 251-ден     Қазақстан        ККМ, ҚарМ,   2001

    261 км;                        Республикасы     облыс әкімі  жылғы IV

    - "Орал-Атырау" 3-тен 8 км;    Үкіметі                       тоқсан

    - ЗК-27 "Орал-Кирсанов" 0-ден  қаулысының

    1,2 км;                        жобасы

    - Орал-2 станциясындағы темір

    жол арқылы өтпе жолымен

    Меловые горки және СМО зауыты

    арқылы Орал қаласына кірер жол,

    21-ден 29 км;

    - Шаған өзені арқылы көпірді

    қоса алғанда, Орал ауыл

    шаруашылығы тәжірибелік

    станциясына кірер жол, 0-ден

    9 км дейінгі Республикалық

    маңызы бар автомобиль

    жолдарының құрамдас бөлігі

    болып табылатын көпірлермен

    және өтпе жолдарымен

    автожолдар учаскелерін

    коммуналдық меншіктен

    республикалық меншікке беру    


10. Орал-Кирсанов (83 км),          Қазақстан        ККМ,         2001

    Қазталовка-Жәнібек (162 км),    Республикасы     облыс әкімі  жылғы IV

    Чапаев-Жаңақала-Сайхын          Үкіметі                       тоқсан

    (408 км), Ақсай-Шыңғырлау       қаулысының

    (86 км) жолдар Қазақстан        жобасы

    Республикасы Үкіметінің 2000

    жылғы 5 желтоқсандағы N 1809

    қаулысымен бекітілген,

    Қазақстан Республикасының

    республикалық маңызды жалпы

    пайдаланудағы автомобиль

    жолдарының тізбесіне

    енгізілсін   

---------------------------------------------------------------------------



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады