Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 22 ақпан N 270

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының

мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын органдары қызметкерлеріне еңбекақы

төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы

Президентінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


          Қазақстан Республикасы Президентінің

                        Жарлығы


      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебінен

      ұсталатын органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің

                  бірыңғай жүйесі туралы


     Қазақстан Республикасының Конституциясы 


K951000_


  44-бабының 9)

тармақшасына сәйкес қаулы етемін:


 
       1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі еңбекақысы төлеудің уақыттық жүйесі болып табылады деп белгіленсін. Еңбекақы төлеудің уақыттық жүйесі өзіне лауазымдық жалақыларды, әскери атақтар бойынша жалақыларды, арнайы атақтар, сыныптық шендер үшін қосымша ақыларды есептеу үшін базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер Төтенше және Өкілетті елшілерге және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелері қызметкерлеріне шет ел валютасындағы лауазымдық жалақылары схемасы негізінде еңбекақы төлеуді, қосымша ақылар, үстеме ақылар, өтемақылар төлеуді қамтиды.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22 және 23-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      3. Былай белгіленсін:
      1) Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры (Төтенше және Өкілетті елшілерден және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелері қызметкерлерінен басқа); лауазымдық жалақылар, әскери атақтар бойынша жалақылар, арнайы атақтар және сыныптық шендер үшін қосымша ақылар; жылына екі лауазымдық жалақы мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақылар; әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдары және мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлеріне қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстеме ақылар; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өтемақылар, әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қызметтік ауысу кезіндегі көшерақы жәрдемақылары және әскери немесе арнайы қызметтен босаған кездегі бір жолғы жәрдемақылар негізге алына отырып, анықталады;
      2) Төтенше және Өкілетті елшілерге және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелері қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры шет ел валютасындағы лауазымдық жалақылар; Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы лауазымдық жалақылар; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өтемақылар негізге алына отырып, анықталады;
      3) Төтенше және Өкілетті елшілердің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелері қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппараты қызметкерлерінің теңестірілген лауазымдар бойынша жалақыларының 25 пайызы мөлшерінде белгіленеді;
      4) Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары (Төтенше және Өкілетті елшілерден және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелері қызметкерлерінен басқа) атқарып отырған лауазымдарына орай (саяси мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мәслихаттар хатшылары, тұрақты (тексеру) комиссияларының төрағалары және судьялар үшін) және атқарып отырған лауазымдарының лауазымдар санаттары топтарына (әкімшілік мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары, мемлекеттік өртке қарсы қарсы қызмет және прокуратура органдары қызметкерлері үшін), әскери қызметшілердің жекелеген санаттарына арналған тарифтік разрядтарға жатқызуына және мемлекеттік (немесе арнайы заң актілерінде көзделген өзге) қызмет (жұмыс) өтіліне орай олардың лауазымдық жалақыларын және сауықтыру жәрдемақыларын есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық жалақы мөлшеріне көбейту жолымен анықталады;
      5) әскери қызметшілер үшін әскери атақтары бойынша жалақылар, құқық қорғау органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлеріне арнайы атақтары үшін және прокуратура органдары қызметкерлеріне сыныптық шендері үшін қосымша ақылар әскери атақтар бойынша жалақыларды, арнайы атақтар және сыныптық шендер үшін қосымша ақыларды есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық жалақы мөлшеріне көбейту жолымен анықталады;
      6) әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлеріне қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін лауазымдық жалақыларына үстеме ақылар әрбір жағдайда коэффициенттерге немесе базалық лауазымдық жалақыға сәйкес есептелген лауазымдық жалақы негізге алына отырып, есептеледі. Олар саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқарған жағдайда әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстеме ақылар белгіленбейді. Еңбекақы төлеу қорын қалыптастыру кезінде қызмет қаражат сомасы мемлекеттік орган қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары бойынша есептелген соманың 15 пайызынан аспайтын, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бойынша - 25 пайыздан аспайтын мөлшерде белгіленеді;
      7) әскери оқу, арнаулы оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының), кадеттердің лауазымдық жалақылары (стипендияларын), әскери оқу және арнаулы оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының), кадеттердің лауазымдық жалақыларын (стипендияларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық жалақыға көбейту жолымен анықталады. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Ішкі істер министрлігінің академияларының офицерлік құрамының және ішкі істер органдарының басшы құрамының тыңдаушыларына оқыған уақытына ақшалай үлес оқуға жіберілгенге дейін атқарған соңғы негізгі (уақытша атқаратын емес) штаттық лауазымы бойынша ақшалай үлесінің 70 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      4. Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне коэффициенттерді қолдана отырып, лауазымдық жалақыларды және әскери атақтар бойынша жалақыларды, арнайы атақтар және сыныптық шендер үшін қосымша ақыларды, сондай-ақ қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстеме ақыларды есептеу үшін базалық лауазымдық жалақы мөлшерін белгілеу;
      2) мемлекеттік органдар басшыларына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен смета бойынша тиісті органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен қызметкерлерге дербес сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстеме ақылар белгілеу құқығы берілсін.
      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасының заң актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру мақсатында оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қамтамасыз етсін;
      2) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
      3) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері қызметкерлерінің еңбек жағдайлары туралы ережені;
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелері қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы лауазымдық жалақыларын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі орталық аппараты қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына теңестіру схемасын бекітсін.
      6. Мемлекеттік органдар басшылары бұрын шығарылған актілерді және қолданылып жүрген штат кестелерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      7. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 4 шілдедегі N 842қ қаулысы;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының республикалық ұланы туралы Уақытша ережені бекіту туралы" 1994 жылғы 16 мамырдағы N 1699 қаулысы;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 1997 жылғы 1 сәуірдегі N 3436 U973436_ Жарлығы;
      4) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 15 шілдедегі N 3600 ҚБП Жарлығының U973600_ 5-тармағының 3) тармақшасы;
      5) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы соттары судьяларының біліктілік сыныптары туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 15 қазандағы N 3677 U973677_ Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы соттары судьялардың біліктілік сыныптары туралы ереженің "IV бөлім. Біліктілік сыныптары үшін жалақыға қосылатын үстеме ақылар" 15 және 16-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 45, 412-құжат);
      6) Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 3794өқ Жарлығының 10-тармағы;
      7) Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 26 маусымдағы N 3984қ Жарлығы;
      8) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштері жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 8 қыркүйектегі N 4058 U984058_ Жарлығының 4-тармағының 2) тармақшасы;
      9) Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 мамырдағы N 149қ жарлығының 3-тармағы;
      10) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 1 сәуірдегі N 3436 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы N 324 Жарлығы;
      11) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 22 мамырдағы N 401 U000401_ Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасы;
      12) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 1 сәуірдегі

 

N 3436 


U973436_


  Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы

Президентінің 2000 жылғы 6 қазандағы N 456 Жарлығы;

     13) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 1 сәуірдегі

N 3436 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан

Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 547 


U010547_


  Жарлығы.

     8. Осы Жарлық 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Президенті




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.  







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады