Халықаралық әйелдер күнін, наурыз мейрамын мерекелеуге байланысты және қызметкерлердің демалуына қолайлы жағдай жасау және 2001 жылдың наурызындағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мына демалыс күндері: 2001 жылғы 11 наурыз - жексенбі күнінен 9
наурыз - жұма күніне және 25 наурыз - жексенбі күнінен 23 наурыз - жұма
күніне ауыстырылсын.
2. Қажетті өнімдерді шығару үшін, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске
қосу үшін еңбек, материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген
ұйымдарға кәсіподақ комитеттерімен келісім бойынша жұмысын 2001 жылғы 9
және 23 наурызда жүргізу құқығы берілсін.
Көрсетілген күндердегі жұмыс қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес
өтеледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.