Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң "Жоғары әскери теңiз училищесi" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы N 314 Қаулысы. Күші жойылды - Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы N 1261 қбпү Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 N 1261 қбпү (жариялануға жатпайды) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң теңiз бөлiмдерiн жинақтау үшiн мамандар даярлау, сондай-ақ теңiз кемелерiнде, iшкi жүзу кемелерi мен аралас (өзен-теңiз) жүзу кемелерiнде жұмыс iстеу үшiн сабақтас мамандықтар бойынша оқыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Жоғары әскери теңiз училищесi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Әскери теңiз училищесi) құрылсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.26 № 580 Қаулысымен.
      3. Маңғыстау облысының әкiмi заңнамада белгіленген тәртiппен екi апталық мерзiмде:
      таратылатын N 2 Ақтау кәсiптiк мектебiнiң ғимараттарын, құрылыстарын және объектiлерiн жедел басқару құқығында Әскери теңiз училищесiне берсiн;
      Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп, таратылатын N 2 Ақтау кәсiптiк мектебінің оқушыларын одан әрi оқу үшiн басқа оқу орындарына бөлудi және ауыстыруды жүргiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) бiр айлық мерзiмде Әскери теңiз училищесi туралы ереженi әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге ұсынсын;
      2) Әскери теңiз училищесiнің құрылымын бекiтсiн;
      3) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп, оқыту бағдарламасының оқу жоспарларын әзiрлесiн және бекiтсін;
      4) әскери теңiз училищесiн оқу қару-жарағымен, техникамен және өзге де әскери-техникалық мүлiкпен қамтамасыз етсiн;
      5) бiр айлық мерзiмде Әскери теңiз училищесiн жайластыруға (объектiлерiнiң құрылысын салуға), жабдықтауға, жарақтандыруға және ұстауға арналған шығыстар сметасын дайындасын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынсын;
      6) Әскери теңiз училищесiнде оқу процесiн 2001 оқу жылынан бастап ұйымдастырсын;
      7) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Әскери-теңiз училищесiнiң ауыспалы құрамы санының лимитi 180 бiрлiк мөлшерiнде бекiтiлсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Әскери теңiз училищесiне білім беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензия берсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен 1 бiрлiк мөлшерiнде 105 жобасындағы катердi және 1 бiрлiк мөлшерiнде 201 УТС жобасындағы "Жамбыл" кемесiн Әскери теңiз училищесiне берсiн.
      8. Әскери теңiз училищесiн қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүргiзiлсiн.
      9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады