"Қазақжарылысөнеркәсіп" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын және оның еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 наурыз N 316

      "2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 P000912_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Қазақжарылысөнеркәсiп" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мен оның қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары мемлекеттiң жарғылық қорға жүз пайыздық қатысуымен "Қазақжарылысөнеркәсiп" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн 2001 жылдың бiрiншi жарты жылдығында ашық аукционда сатуды жүзеге асырсын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Yкiметінің мына шешiмдерiне өзгерiс және толықтыру енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

     "Алматы қаласы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-37-жолмен толықтырылсын:

     "123-37. "Қазақжарылысөнеркәсіп" ААҚ".
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

                                              Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2001 жылғы 2 наурыздағы
                                                  N 316 қаулысына
                                                     қосымша

          "Қазақжарылысөнеркәсіп" республикалық мемлекеттiк
             кәсiпорнының қайта ұйымдастырылатын еншілес
                      кәсіпорындарының тізбесі

     1. Алматыжарылысөнеркәсіп              Алматы қаласы

     2. Шығысжарылысөнеркәсіп               Өскемен қаласы

     3. Батысқазжарылысөнеркәсіп            Ақтөбе қаласы

     4. Қарағандыжарылысөнеркәсіп           Қарағанды қаласы

     5. Көкшетаужарылысөнеркәсіп            Көкшетау қаласы

     6. Қостанайжарылысөнеркәсіп            Қостанай қаласы

     7. Оңтүстікжарылысөнеркәсіп            Шымкент қаласы

     8. Тоннельарнайықұрылыс                Алматы қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады