1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру
үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға 2001 жылға арналған квота (бұдан әрi - квота) экономикалық жағынан белсендi халық санының 0,15 % мөлшерiнде белгiленсiн. 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi бiр ай мерзiмде квота санын облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша бөлсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.