Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 наурыз N 378 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.04. N 102 қаулысымен (2005 жылғы 1 қарашадан бастап күшiне енедi)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерін бөлу жөніндегі жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      2-тармақта: 
      Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу мәселелері бойынша конкурс (тендер) өткізу жөніндегі комиссия құрамына Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі Шоқпытов Андар Мәулешұлы төраға болып енгізілсін: 
     мына жол:
     "Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі, төраға"
     мынадай редакцияда жазылсын:
     "Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы - Атырау облысының әкімі";
     көрсетілген құрамнан Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов, Мият Саттарұлы Жанәбілов шығарылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады