Дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 наурыз N 387

      Ел экономикасының мұқтаждары үшін дизель отынының қажетті қорын жасау мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 25 шілдедегі Заңының Z952368_ 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының аумағынан тұрмыста пешке жағылатын отыннан басқа дизель отынын (ТМД СЭҚ ТН коды 2710 00 610 - 2710 00 690) 2001 жылғы 1 маусымға дейін шығаруға тыйым салынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар 
қабылдасын.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Энергетика және 
минералдық ресурстар министрі В.С. Школьникке жүктелсін.
     4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады