Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің кейбір ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 наурыз N 402

      Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оған Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Жезқазғансирекмет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына "Жезқазғансирекмет" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын құруға рұқсат берiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын. 
      4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 
      1) "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерінің тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат): 
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "1-1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігiнiң "Қазақстан Республикасының Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны және оның "Жезқазғансирекмет" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны оның алдын ала сатыларымен жекешелендiруге жатпайды деп белгiленсiн."; 
     2) <*>
      Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1105  қаулысымен.  
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады