Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 наурыз N 411

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 536 Жарлығына , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) оған таратылатын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Авторлық құқық жөнiндегi комитетiнiң және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазпатент" Патенттер және тауар белгiлерi жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мүлкi мен істерiн басқару жөнiндегi функциялары мен өкiлеттiктерi берiле отырып, құрылсын.

      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28.
N 1120 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазпатент" патенттер және тауар белгiлерi жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнiң "Қазақстан патенттiк сараптама институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - ҚПСИ) болып қайта ұйымдастырылсын.

      4. Комитет ҚПСИ-дiң мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.

      5. ҚПСИ қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
      өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне (өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, тауар белгiлерiне, қызмет көрсету белгiлерiне, тауарлар шығарылатын жерлердiң атауларына) өтiнiмдер қабылдау, осы өтiнiмдерге сараптама жүргiзу және өтiнiм берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң қорғау қабiлетi шарттарына сәйкес келуiн анықтау;
      селекциялық жетiстiктерге өтiнiмдердi және интегралдық микросхема топологияларын тiркеуге өтiнiмдердi қабылдау, осы өтiнiмдердiң белгiленген талаптарға сәйкес келуiне сараптама жүргiзу;
      өнеркәсiптiк меншiктiң тiркелген объектiлерiнiң, селекциялық жетiстiктердiң және интегралдық микросхема топологияларының тізілімін жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
      өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi және интегралдық микросхема топологияларын қорғау мәселелерi бойынша қорғау құжаттарының сипаттамаларын және ресми бюллетеньдер шығару;
      Патент кооперациясы туралы шартқа, Еуразия патент конвенциясына және Белгiлердi халықаралық тiркеу туралы Мадрид келiсiмiне сәйкес функцияларды жүзеге асыруға байланысты халықаралық өтiнiмдер бойынша сараптама жүргiзу.

      6. Комитет осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      8. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2001 жылғы 29 наурыздағы
N 411 қаулысына қосымша 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1552 қаулысының 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 48, 449-құжат).
      2. "Қазпатент" патенттер және тауар белгiлерi жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 25 ақпандағы N 142 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 7, 42-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Авторлық құқықтар жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 846 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 28, 275-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы N 1295 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 439-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады