Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 30 наурыз N 423

      Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының аумағына қардың мол түсуінен және нөсер жаңбырдан болған төтенше жағдайлардың зардаптарын жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне Төлеби ауданында қалпына келтіру және объектілерді қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін 16 (он алты) миллион теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың

 

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі 2001 жылдың қорытындысы бойынша

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне

орындалған жұмыстардың көлемі мен құны жөнінде есеп ұсынсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады