Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 сәуір N 429

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен Шығыс Қазақстан облысының әкіміне облыс аумағындағы шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 132 (бір жүз отыз екі) миллион теңге, оның ішінде:
      қар басып қалу зардаптарын жоюға - 32 (отыз екі) миллион теңге;
      қорғау тоспаларын, авариялық су жинағыштар мен қақпақтарды, су

 

қоймаларының бөгеттерін, су ағарларды қалпына келтіруге - 100 (бір жүз)

миллион теңге бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Шығыс Қазақстан облысының әкімі 2001 жылдың қорытындысы бойынша

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне

орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есепті ұсынсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады