Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі "КҮЗЕТ" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Барыс" еншілес мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 сәуір N 446

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
 

      1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi "КҮЗЕТ" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Барыс" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын тарату туралы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын. 
 

      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
 

      3. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi "КYЗЕТ" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 485  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 15, 157-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға қосымшадағы реттiк нөмiрi 20-жол алынып тасталсын.
 

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады