Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Белгiленген әскери қызмет мерзiмін өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылдың сәуiр-маусымында кезектi мерзiмін әскери қызметке шақыру туралы" 2001 жылғы 30 наурыздағы N 578 Жарлығын iске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 сәуір N 447

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылдың сәуiр-маусымында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" 2001 жылғы 30 наурыздағы N 578 U010578_ Жарлығын iске асыру мақсатында және "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының Z939000_ 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылдың сәуiр-маусымында мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзудi қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарына iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң күшейтiлген кезекшілігін ұйымдастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi белгiленген тәртiппен шақыру пункттерiн медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң өтінімдерi бойынша мерзiмдi әскери қызметтiң запасқа шығарылған әскери қызметшiлерi мен Қарулы Күштерге, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының Iшкi істер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi мерзiмдi әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзiмдi әскери қызметтен запасқа шығарылған әскери қызметшiлердi тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеудi республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаржы шегiнде тасымалдауды жүзеге

 

асыратын ұйымдарға тiкелей, олар ұсынған шоттар бойынша жүргiзсiн.

     6. Некеде тұратын және бiр баласы бар шақырылушыларды шақырудың шектi

жасына дейiн мерзiмдi әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылсын.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады